ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
он алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларынан және (немесе) байланыс желілерін иеленушілерден абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін алу;";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды, сондай-ақ цифрлық карталарда көрінуін қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;";
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
"37-1) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
42) тармақша алып тасталсын;
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"64) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы келісу;";
мынадай мазмұндағы 82-7) тармақшамен толықтырылсын:
"82-7) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің абоненттер туралы иесі көрсетілмеген деректерді үшінші тұлғаларға бермей статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
