ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Президенті |
РеспубликасыныңН.Назарбаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 528 Жарлығына ҚОСЫМША |
|
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің СИПАТТАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреатының дипломы:
1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.
Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес былғарыдан жасалады.
Дипломның мұқабасында алтын түспен бедерленіп салынған:
1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы
ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ" (1-қосымша);
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасының
әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ" (2-қосымша)
деген жазу орналасады.
2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көк түсті қағазда басылып шығарылады.
Жапсырма беттің беткі жағында:
1) үстіңгі жағында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында – мемлекеттік тілде:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы
ғылым мен техника саласындағы
мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ" (3-қосымша);
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасының
әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығы лауреатының
ДИПЛОМЫ" (4-қосымша)
деген жазу орналасады.
Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі фонмен түсірілген.
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасы Президентінің
жылғы № Жарлығымен
"жұмыстың атауы"
жұмысы үшін
ғылыми дәрежесі
ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА
САЛАСЫНДАҒЫ____ ЖЫЛҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ";
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Қазақстан Республикасы Президентінің
жылғы № Жарлығымен
"жұмыстың атауы"
жұмысы үшін
ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ _____ЖЫЛҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"
деген мәтін орналасады.
Төменде:
"Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев"
деген сөздер орналасады.
Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының жапсырма бетінің ішкі оң жағында орыс тілінде:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Указом Президента Республики Казахстан
от года №
ПРИСУЖДЕНА
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В ОБЛАСТИ НАУКИ И ТЕХНИКИ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ
______ ГОДА
за работу "наименование работы"
ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО
ученая степень";
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"Указом Президента Республики Казахстан
от года №
ПРИСУЖДЕНА
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В ОБЛАСТИ ЛИТЕРАТУРЫ И ИСКУССТВА
______ ГОДА
за работу "наименование работы"
ФАМИЛИЯ, ИМЯ, ОТЧЕСТВО"
деген мәтін орналасады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының төсбелгісі төртбұрышты планкаға ілмешекпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер түрінде алтын жалатылған жезден жасалған.
25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында – визорлы бекіткіші бар түйреуіш бекітілген.
Төсбелгінің жылтыр бетінің беткі жағында:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін ортасында – әл-Фарабидің бюсті, төменде – ӘЛ-ФАРАБИ деген бедерлі жазу бар;
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін төменде – қалықтаған қыран, ортасында – күн шапағы аясындағы "Алтын адам" бейнеленген шығыңқы бедері бар.
Төсбелгінің сыртқы жағында:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (5-қосымша);
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (6-қосымша).
| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 1-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(қатты мұқаба)

| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 2-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(қатты мұқаба)

| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 3-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырманың беткі жағы)

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы
мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырма бетінің ішкі жағы)

| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 4-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырманың беткі жағы)

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырма бетінің ішкі жағы)

| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 5-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы
мемлекеттік сыйлығының лауреаты төсбелгісінің
ГРАФИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

| Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасына 6-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығының лауреаты төсбелгісінің
ГРАФИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

