Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
"4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімде:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрі, 14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару
Қаржы министрі жүйесінің, кеден және салық
органдары, сондай-ақ ішкі істер
органдары жедел бөлімшелерінің
кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын
мәліметтер.";
2) күші жойылды – ҚР Президентінің 18.09.2026 № 1469 (21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 18.09.2026 № 1469 (21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |