1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын;
2) ай сайын, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жүктелсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің | |
| 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 145-ө өкімімен |
|
| бекітілген |
"Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары
Р/с № | Атауы |
Аяқталу | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1) парниктік газдардың нетто-эмиссияларының деңгейін 2030 жылға қарай 327,8 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 302,1 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 163 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 0 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
2) энергетика салаларындағы шығарындылар көлемін 2030 жылға қарай 117,3 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 110,8 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 48,7 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 3,2 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
3) көліктегі шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 35 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 34,5 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 17,2 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 0 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
4) ғимараттардағы шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 28,3 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 23,2 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 3,3 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 0 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
5) ұшпа эмиссиялар деңгейін (көмір өндіруді және мұнай-газ саласын қоса алғанда) 2030 жылға қарай 39,5 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 36,2 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 19,4 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 2,4 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
6) өнеркәсіптегі шығарындылар көлемін 2030 жылға қарай 60,4 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 61 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 61,8 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 33 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
7) ауыл және орман шаруашылығындағы, жер пайдаланудағы шығарындылар мен сіңіру деңгейін 2030 жылға қарай 28,8 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 20,8 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 1,6 млн тоннаға және 2060 жылға қарай минус 7,4 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
8) қалдықтар секторындағы шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 6 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 4,5 млн тоннаға, 2050 жылға қарай 3,9 млн тоннаға және 2060 жылға қарай 3,4 млн тоннаға дейін жеткізу; | ||||||
9) КҰС технологияларын қолдана отырып көміртегін 2060 жылға қарай 37,1 млн тонна СО₂-эквивалент көлемінде ұстауға қол жеткізу; | ||||||
10) Неғұрлым тиімді су үнемдеу аспаптары мен жабдықтарын пайдалануға көшу есебінен сарқынды сулардың көлемін 2030 жылға қарай 5%-ға, 2040 жылға қарай 7%-ға, 2050 жылға қарай 10%-ға және 2060 жылға қарай 15%-ға қысқарту; | ||||||
11) су қаупін (су тасқыны мен су тапшылығын) мониторингтеу, модельдеу және болжаудың цифрлық жүйелерімен жарақтандырылған Қазақстан Республикасы су шаруашылығы объектілерінің (су қоймалары, гидротехникалық тораптар, арналар мен гидрологиялық бекеттер) үлесін 2030 – 40%-ға, 2040 жылға қарай – 60%-ға, 2050 жылға қарай – 80%-ға, 2060 жылға қарай – 100%-ға ұлғайту; | ||||||
12) климаттың өзгеруіне бейімделуді арттыратын технологиялар мен практикаларды қолдана отырып басқарылатын ауыл шаруашылығы жерлері (егістік және жайылымдар) алаңының үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға, 2040 жылға қарай 30%-ға, 2050 жылға қарай 40%-ға және 2060 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту; | ||||||
13) табиғат қорғау ұйымдары мен орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нормаға сай 2030 жылға қарай 85%-ға дейін, 2040 жылға қарай 90%-ға дейін, 2050 жылға қарай 95%-ға және 2060 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізу; | ||||||
14) Халықты климаттық және гидрометеорологиялық қауіптер туралы ерте ескерту жүйелерімен (сиреналар, дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері) қамту деңгейін 2030 жылға қарай 100 000 тұрғынға шаққанда 40 000 адамға, 2040 жылға қарай 50 000 адамға, 2050 жылға қарай 60 000 адамға және 2060 жылға қарай 90 000 адамға дейін жеткізу; | ||||||
15) орманмен көмкерілген аумақтардың алаңын 2030 жылға қарай 14,48 млн гектарға дейін, 2040 жылға қарай 15,1 млн гектарға дейін, 2050 жылға қарай 15,5 млн гектарға дейін, 2060 жылға қарай 15,9 млн гектарға дейін ұлғайту; | ||||||
16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірыңғай экологиялық желісін және репрезентативтік жүйесін 2030 жылға қарай 33,2 млн гектарға дейін, 2040 жылға қарай 33,7 млн гектарға дейін, 2050 жылға қарай 34,2 млн гектарға дейін, 2060 жылға қарай 34,7 млн гектарға дейін кеңейту. | ||||||
"Электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіру" бағыты | ||||||
1 | Тиісті іс-шаралар жоспарларын әзірлей отырып қажетті инвестицияларды, басымдықтарын ескеріп, көмір қуаттарының жабдықтарын пайдаланудан кезең-кезеңімен шығару немесе ауыстыру мүмкіндігін талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028 жыл | ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
2 | Көмір қуаттарының техникалық жай-күйін, оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін, оларды баламалы көздермен алмастыру мүмкіндігін бағалау үшін олардың ағымдағы жай-күйін талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
3 | Электр энергиясын бірлесіп өндіру мен жылу энергиясын өндіру үшін гидрогеотермалдық ресурстарды игеру жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028-2030 жылдар | ЭМ, СРИМ, Геология комитеті, ӨҚМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
4 | Энергия үнемдеу іс-шараларын ынталандыруға және жылумен жабдықтау саласындағы шығындарды азайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
5 | "Smart Turmys" шеңберінде өнеркәсіп арасында да, халық арасында да энергия тұтынуды басқарудың зияткерлік жүйелерін, энергия үнемдеу технологияларын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2060 жылдар | ӨҚМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
6 | Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы мақсаттарына қол жеткізудегі үлесті үйлестіру функциялары бар сутегі энергетикасы жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2027 жылдар | ЭМ, ЭТРМ, ӨҚМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
7 | Сутегі энергетикасы саласындағы реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2028 жылдар | ЭМ, ӨҚМ, ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
8 | Қазақстан Республикасындағы төмен көміртекті сутегінің әлеуетті өндірушілері мен өнім берушілерінің ішкі нарығын талдау және сутегі саласындағы әлеуетті инвестициялық жобалардың тізілімін қалыптастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп, ӨҚМ ресми сайтындағы тізілім туралы ақпарат | 2026-2027 жылдар | ӨҚМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
9 | Төмен көміртекті сутегін және оның туындыларын (жасыл аммиак, метанол, "жасыл болат") қолдана отырып, металлургия, химия, цемент өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік секторы кәсіпорындарын көміртексіздендіру жөніндегі жол карталарын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2028 жылдар | ӨҚМ, ЭМ, КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
10 | Басым сегменттерді айқындаумен және инвестициялық қажеттіліктерді бағалай отырып, сутегі мен ол үшін шикізат өндіруден (жаңартылатын электр энергиясын қоса алғанда) оның түпкілікті пайдаланылуына дейінгі кезеңдерді қамтитын құнын қалыптастырудың сутегі тізбегі жабдықтары мен компоненттерін өндіруді оқшаулау әлеуетіне бағалау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028-2029 жылдар | ӨҚМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
11 | Экономиканың өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, көлік және энергетика секторларында төмен көміртекті сутегін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028-2030 жылдар | ӨҚМ, ЭМ, КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
12 | Қажетті құзыреттердің, оқу модульдерінің және оқыған мамандар саны бойынша нысаналы көрсеткіштердің тізбесін айқындай отырып, сутегі саласының мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2030-2035 жылдар | ЭМ, ӨҚМ, ҒЖБМ, Еңбекмині | талап етілмейді | талап етілмейді |
13 | Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, интернет-ресурстарда материалдарды орналастыру, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу арқылы төмен көміртекті сутегі туралы хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық науқандар өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ЭМ, ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
14 | Сутегі технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ҒЖБМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Пайдалы қазбаларды өндіру" бағыты | ||||||
15 | Көмірді баламалы пайдалану бойынша ұзақ мерзімді пайымды әзірлеу және көмірді пайдаланудың баламалы түрлерін қолдау үшін нормативтік құжаттар мен регламенттерді дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027 жыл | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
16 | Көмір өндіру процесінің барлық учаскелерінде көмірдің жануы мен эндогендік өрттің пайда болуының себептері туралы жылдық есепті енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027 жылдан бастап жыл сайын | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
17 | Мұнай-газ секторын көміртексіздендіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ЭТРМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Көлік" бағыты | ||||||
18 | Автомобиль электр қуаттау станциялары мен газ толтыру компрессорлық станциялары үшін жиынтықтаушы жабдықтар өндіру бойынша кең ауқымды саланы дамыту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2030 жылдар | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" бағыты | ||||||
19 | Барлық меншік нысандары ғимараттарын терможаңғыртудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу: күрделі жөндеу, энергияны аз тұтынатын үйлер бойынша пилоттық жобалар, жылу сорғыларын орнату, энергия тиімділігін арттыру және ЖАО шешімі бойынша ЭСКО және/немесе субсидиялар есебінен қаржыландыру тетіктері | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
20 | Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің энергия тиімділігіне, оларды жаңғыртуға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қойылатын сараланған талаптарды айқындау үшін олардың жіктемесін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
21 | Меншік иелерінің келісімі бойынша тұрғын үйлер мен муниципалды ғимараттардың шатырларына күн коллекторлары мен фотоэлектрлік панельдердің орнатылуын ынталандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2030-2060 жылдар | ӨҚМ, ЭТРМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
22 | ТКШ-да жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын электр қыздырғыштармен аралас жұмыс істеуге арналған жылу сорғыларын кезең-кезеңімен енгізу бағдарламасы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2050 жылдар | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
23 | Тұрғын үйлерді, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды жарықтандыруды, көшелерді жарықтандыруды жаңғырту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2040 жылдар | ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
24 | Барлық жаңа және реконструкцияланатын ғимараттарды энергия тиімділігі сыныптары бойынша (A+-тен E-ге дейін) кейіннен күрделі жөндеу кезінде қолданыстағы қорға кезең-кезеңімен кеңейте отырып міндетті таңбалау жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2030-2040 жылдар | ӨҚМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
25 | Тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарда, құрылыстар мен құрылыс жайларда ЫСЖ және жылыту мақсаттары үшін ЖЭК қоса алғанда, жаңа технологияларды ынталандыру шараларын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Өнеркәсіп" бағыты | ||||||
26 | Әртүрлі материалдарды өндіру үшін көміртегін (КҰС технологиясымен бірге) пайдалану мүмкіндігіне зерттеу жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2027 жылдар | ЭМ, ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
27 | "Жасыл" объектілер мен технологияларды "Пайдалану" және "Кәдеге жарату" кезеңінде мемлекеттік реттеуді жүйелеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2027 жылдар | ЭТРМ, ӨҚМ, ЭМ, ТЖМ, СРИМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
28 | "Жасыл" өнімді верификациялау және таңбалау жүйелерін әзірлеу мүмкіндігін қарастыра отырып, материалдардың паспорттарын енгізу және өнімнің бүкіл өмірлік циклінде парниктік газдардың шығарылуын есепке алу мүмкіндігі бойынша талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | ЭТРМ, СИМ, ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Ауыл және орман шаруашылығы, жер пайдалану" бағыты | ||||||
29 | Карбон егін шаруашылығы әдістерінің тиімділігін бағалау үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің негізгі топырақ типтері бойынша карбон полигондарын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2028 жылдар | АШМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
30 | Күріш өсіру кезінде метан шығарындыларын азайту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру | жоба | 2027-2028 жылдар | АШМ, ЭТРМ, Қызылорда облысының ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
31 | Ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа, жоғары температураға және басқа да климаттық факторларға төзімді жаңа сорттарын өндіру жөніндегі селекциялық жобаларды кейіннен тіркеп және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | АШМ, ҰАҒБО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
32 | Органикалық тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ӨҚМ, АШМ, ҰЭМ, СИМ, ЖИЦДМ, БҚДА, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
33 | Көміртегі квоталарын қалыптастыру, мониторингтеу, верификациялау және сертификаттаудың қолданыстағы әдістемелерін топырақта көмірқышқыл газын сіңіру және сақтау есебінен құрылатын ауылшаруашылығы алқаптарына бейімдеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар |
ЭТРМ, АШМ, | талап етілмейді | талап етілмейді |
34 | Топырақта органикалық көміртегінің негізгі желісін құру үшін цифрлық дерекқор құру | Қазақстан Республикасының топырақ деректері банкі (дерекқоры) | 2027 жыл | АШМ, ЖИЦДМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
35 | Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртекті офсеттерді іске асыру | пилоттық жоба | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Қалдықтарды басқару" бағыты | ||||||
36 | Қалдықтардың түзілу көлемін ескере отырып және экологиялық талаптарды сақтап ауылдық жерлердегі полигондарды пайдалануға енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027 жыл | ЭТРМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
37 | МЖӘ жобаларының артуын және қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату саласындағы жобаларды қаржылық қолдау тетіктерінің әзірленуін ынталандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ЭТРМ, ӨҚМ, ЭМ, ҰЭМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
38 | Арнайы контейнерлер орнатуды, халықпен ақпараттық жұмысты және халықты қамту және бөлек жиналған қалдықтардың көлемі бойынша нысаналы көрсеткіштерді белгілей отырып, жиналған қалдықтарды өңдеуге беруді қоса алғанда, қалдықтарды бөлек жинауды ынталандыру шараларын әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу" бағыты | ||||||
39 | ЖӨӨ, ЖІӨ салалары энергия сыйымдылығының есеп-қисабы мен болжамының автоматтандырылған моделі бар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (орталықтандырылған ахуалдық орталық) құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027 жыл | ӨҚМ, ҰЭҮО (келісу бойынша), ҰСБ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
40 | Жылына елу мың тоннаға және одан көп балама көлемде шартты отынға энергетикалық ресурстарды тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну мониторингін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | жыл сайын | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
41 | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жылына бір мың бес жүз тоннаға және одан көп балама көлемде шартты отынға энергетикалық ресурстарды тұтынатын мемлекеттік мекемелердің объектілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2035 жылдар | ЖАО, ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
42 | Кешенді экологиялық рұқсат беру бөлігінде рәсімді Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен үйлестіру (энергияны көп қажет ететін ТОП-50 кәсіпорын үшін КЭР) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2027 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
43 | Экономиканың әртүрлі секторларынан шығатын метан шығарындыларының үлесі мен оларды азайту мүмкіндіктерін айқындай отырып, метан шығарындыларын модельдеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ, ӨҚМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
44 | Шахта метанын айқындаудың әдіснамасы мен коэффициентін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ЭТРМ, ТЖМ, ЭМ, ӨҚМ, "KAZENERGY" қауымдастығы ЗТБ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
45 | Метан шығарындыларын азайту және оларды іске асыру әдістемесін әзірлеу бойынша офсеттік жобаларды ынталандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2030-2060 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
46 | Қазақстан экономикасына метан бойынша ЕО реттеу тәуекелдерін нивелирлеу бойынша қосымша шаралар әзірлей отырып талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | ЭТРМ, ӨҚМ, ЭМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
47 | Өнеркәсіптік объектілердегі метан шығарындыларын дәл есепке алуды, оларды жобалауға, пайдалануға және өлшеу жабдығына бірыңғай талаптарды белгілеу арқылы қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2028 жылдар |
ӨҚМ, ЭТРМ, | талап етілмейді | талап етілмейді |
48 | Метанның ағып кетуін анықтауды мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және мониторингтеу жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028 жыл | ЭТРМ, ЖИЦДМ, ЭМ, "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
49 | Метанның ағып кетуін аэроғарыштық мониторингтеуді ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2028-2060 жылдар | ЖИЦДМ, ЭТРМ, "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
50 | Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және тасымалдау үшін шахта метаны мен көмір қабаттарының метанын пайдалану | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2030-2050 жылдар | ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Климаттың өзгеруіне бейімделу" бағыты | ||||||
51 | Климаттың өзгеруінің көміртексіздендіру шараларына әсерін және олардың бейімделу күш-жігеріне ықтимал әсерін талдай отырып, республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда, экономиканың негізгі салалары және Қазақстан өңірлері үшін климаттық тәуекелдер мен осалдықтарға кешенді бағалау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2030 жылдар | ЭТРМ, АШМ, ЭТРМ ОШЖДК, ДСМ, ӨҚМ, ҒЖБМ, СРИМ, ТЖМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
52 | Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау кезінде климаттық тәуекелдерді есепке алу және бейімдеу жөніндегі тетіктер мен стандартты рәсімдерді, кейіннен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын өзектілендіре отырып құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ, АШМ, СРИМ, ТЖМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
53 | Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар үшін климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ЖАО, ЭТРМ, АШМ, СРИМ, ТЖМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
54 | Салалық сарапшыларды (мемлекеттік және мемлекеттік емес) климаттық тәуекелдерге бағалау жүргізу және бейімделу шараларын жоспарлау әдістемелеріне оқыту бағдарламаларын іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2029 жылдар | ЭТРМ, ҒЖБМ, ДСМ, АШМ, Еңбекмині, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
55 | Климаттың өзгеруінің әсерін азайту үшін ғимараттарды, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды бейімдеу: энергия тиімділігін арттыру, суды тиімді пайдалану және экстремалдық табиғи жағдайлардан қорғауды арттыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2060 жылдар | ӨҚМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
56 | Климаттың өзгеруін ескере отырып, қала құрылысы, аймақтарға бөлу және көгалдандыру қағидаларын жаңарту және іске асыру, қала инфрақұрылымының орнықтылығын арттыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026-2028 жылдар | ӨҚМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
57 | Ертіс, Жайық, Сырдария және Іле өзендері жайылмаларындағы су жинау алаңдарында екпелер отырғызу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2035 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
58 | Климаттың өзгеруінің (жылу стресі және экстремалды ауа райы құбылыстары) еңбек жағдайларына теріс әсерін азайту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2035 жылдар | Еңбекмині, ДСМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
59 | Дүлей зілзалалар салдарын жою жөніндегі жоспарларды климаттың өзгеруіне бейімделудің жаңа тәуекелдері мен шараларын ескере отырып бейімдеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ТЖМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
60 | Цифрлық шешімдер мен мониторинг технологияларын ендіруді қоса алғанда, неғұрлым осал түрлер мен табиғи процестерді айқындай отырып, климаттың өзгеруінің экожүйелер мен биоәртүрлілікке әсерін мониторингтеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2030 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
61 | Климаттың өзгеруі жағдайында қорғалатын табиғи аумақтар мен жабайы жануарлардың миграциясы дәліздерінің тиімді жүйесін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2035 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Әділ көшу және жұмыс орындарын құру" бағыты | ||||||
62 | Көміртегін қажет ететін секторларда еңбек нарығындағы ағымдағы жай-күйге және "жасыл" секторларда жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетіне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | Еңбекмині, ЭТРМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және білім беру" бағыты | ||||||
63 | Өндіруші салалардағы парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға энергия тиімділігінің әсері бойынша зерттеулер жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ, ҒЖБМ, ЭМ, ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
64 | Климаттың өзгеруі мәселелерін орта, арнайы орта және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларына даярлау деңгейлері бойынша мазмұнды бейімдеп, сондай-ақ әдістемелік материалдарды дайындау мен оқытушыларды оқыта отырып енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2030 жыл | ҒЖБМ, ОАМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Қоғамдық сананың өзгеруі" бағыты | ||||||
65 | Қазақстан Республикасының өңірлерінде климаттық саясат, көміртегі бейтараптығы, экология және орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы ұлттық форумдарды, іскерлік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026 жылдан бастап жыл сайын | ЭТРМ, ҮЕҰ | талап етілмейді | талап етілмейді |
66 | Корпоративтік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлері, бизнес өкілдері және басқа да мүдделі тараптар үшін климаттың өзгеруі, көміртегінің ізін азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері бойынша оқыту вебинарларын, онлайн курстар мен семинарлар сериясын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026 жылдан бастап жыл сайын | ЭТРМ, ЭМ, ӨҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
67 | Қазақстан Республикасында климаттың өзгеруі мен көміртегі бейтараптығы мәселелері бойынша қоғамдық консультациялар мен диалогтар жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2040 жылдар | ЭТРМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
68 | Орнықты тұтыну жөніндегі компоненттерді қосып (экологиялық таза өнімдерді, экологиялық таңбаланған тауарларды, бірнеше рет және ұзақ мерзімді пайдалануға арналған бұйымдарды таңдау), сондай-ақ қолжетімді ақпараттық материалдарды және буклеттерді кеңінен тарата отырып, қалдықтарды бөлек жинауды, оларды қайта өңдеуді және көміртегі ізін азайтуды халыққа кеңінен тарату үшін ұлттық ақпараттық-білім беру науқанын әзірлеу және іске қосу | ақпараттық науқан | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ, БҰҰДБ | талап етілмейді | талап етілмейді |
69 | Көміртегінің ізін азайту және климаттың өзгеруі жөнінде ақпарат пен ұсынымдар бар интерактивті веб-сайт құру | веб-сайт | 2026-2027 жылдар | ЭТРМ, ЖИЦДМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
70 | БАҚ арқылы жұртшылықты көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспардың тармақтарының іске асырылуы туралы үнемі хабардар етіп тұру | БАҚ-тағы жарияланымдар мен есептер | 2026 жылдан бастап тоқсан сайын | МАМ, ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
71 | Халық арасында климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу шаралары туралы хабардар болу деңгейін бағалау үшін жыл сайын сауалнама жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026 жылдан бастап жыл сайын | ЭТРМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
72 | Халықты көміртегінің ізін азайтуға байланысты экологиялық бастамаларға белсенді қатысқаны үшін көтермелеуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жылдан бастап жыл сайын | ЭТРМ, МАМ, ҮЕҰ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Көміртекті реттеу жүйесі" бағыты | ||||||
73 | Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясының ережелеріне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық үлесінің ережелеріне сәйкес келтіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ҰЭМ, ЭМ, ЭТРМ, АШМ, ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
74 | Реттелетін экономика секторларында өнім бірлігіне шаққандағы парниктік газдар шығарындыларының үлестік көрсеткіштерін кезең-кезеңімен төмендету жолымен қолданыстағы бенчмарктерді қайта қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ, "Жасыл даму" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
75 | Ақылы көміртегі квоталарын аукциондауды бөлінетін квоталарға қолдана отырып енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ, "Жасыл даму" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
76 | Реттелмейтін секторларда көміртегі салығын енгізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2035 жыл | ЭТРМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
77 | Парниктік газдар шығарындыларын есепке алудың, азайтудың және сіңірудің автоматты жүйелерін ендіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2030-2035 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
78 | Париж келісімінің 6-бабын іске асыру шеңберінде міндетті және ерікті нарықты ұсынудың нақты құрылымы бар көміртегі нарығының экожүйесін құра отырып, оңтайлы көміртекті реттеу тетіктерін айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
79 | Ұлттық, халықаралық және ерікті көміртегі нарықтары үшін көміртегі бірліктерін шығара отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру бойынша жобаларды іске асыру, оның ішінде көміртегі шаруашылығы, тұрақты жайылымдық пайдалану, орман өсіру, қалдықтарды қайта өңдеу және энергия тиімділігін арттыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2026-2030 жылдар | ЭТРМ, АШМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
80 | Нарықтағы көміртегі квоталарының санын оларды резервке алып қою және қажет болған жағдайда қайтару жолымен реттеу тетігін құру (Market stability reserve) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ, "Жасыл даму" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
81 | Экономика салалары, өнім түрлері, орнықты дамыту жөніндегі есептілік бойынша өнімнің көміртегі ізін сандық есепке алу және басқару бойынша халықаралық стандарттарға немесе басшылыққа алынатын құжаттарға талдау жүргізу және ұлттық стандарттар мен басшылыққа алынатын құжаттар ретінде бейімдеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2027 жыл | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
82 | Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің өңірлік стратегияларын әзірлеу (төмен көміртекті шешімдерді енгізу үшін әр өңірдің бірегей сипаттамаларын ескере отырып, егжей-тегжейлі жоспарлар әзірлеу) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ, ҰЭМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
83 | Қаржыландыру көздерін (бюджеттік, жеке, халықаралық) жіктеуді, тарифтік саясат бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, көміртегі бейтараптығына көшуді қаржыландырудың стратегиялық пайымын әзірлеу, сондай-ақ салалар мен көміртексіздендіру кезеңдеріне байланысты қаржыландырудың әртүрлі тетіктерін кезең-кезеңімен тарту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2029 жылдар | ЭТРМ, ҰЭМ, ЭМ, Қаржымині | талап етілмейді | талап етілмейді |
84 | Карбон қорын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028-2029 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
85 | ШСЖ қатысушыларын кеңінен қамту мәселесін, атап айтқанда, қаржы мекемелері мен қаржы брокерлерін "көміртегі нарығына қатысушылар" анықтамасына қосу мәселесін қарау | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
86 |
Жобалардың таксономия шекті мәндеріне сәйкестігін жылдам әрі аз шығынды верификациялау механизмін көздеу ("жасыл" жобаларды жіктеу) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2026 жыл | ЭТРМ, АХҚО (келісу бойынша), ХЖТИЖО (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
87 | Компаниялардың жылдық есептері шеңберінде 2027 жылдан бастап ерікті қаржылық емес және 2028 жылдан бастап міндетті климаттық есептілікті енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2027-2028 жылдар | ӨҚМ, ЭМ, АШМ, ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Төмен көміртекті жобаларды мемлекеттік қолдау" бағыты | ||||||
88 | Бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды іріктеу үшін қолданылуға тиіс қолданыстағы цифрлық платформаларға/процестерге көміртегінің ізін төмендетудің міндетті өлшемшарттарын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | 2028-2029 жылдар | ЭТРМ, ҰЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
89 | Сутегі инфрақұрылымын стандарттаудың ұлттық жүйесін дамыту: ішкі нарықтың ашықтығын, ұлттық СТВ-ға кірігуді, экспортталатын өнімге қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестікті және инвестициялар тартуды қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікке, ресурс тиімділігіне, шығу тегін сертификаттауға және көміртегі ізін есепке алуға қойылатын халықаралық талаптармен үйлестіру |
бекітілген ұлттық стандарттар | 2027-2030 жылдар | ЭМ, СИМ, ЭТРМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
90 | Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда сутегі технологияларын ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтарға және "жасыл" технологиялар тізіліміне енгізу мүмкіндігін қарастыру | анықтамалық ақпарат | 2029 жыл | ЭТРМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҚДА – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ОШЖДК – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ТРМК – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Атамекен" ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы
БҰҰ ДБ – БҰҰ Даму бағдарламасы
"Даму" КДҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры
ҰАҒБО – Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы
ҰЭҮО – Ұлттық энергия үнемдеу орталығы
ХЖТИЖО – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы
АҚ – акционерлік қоғам
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім
ЖТҚ – жеке тұрғын үй құрылысы
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері
КТҮ – көппәтерлі тұрғын үй
КҰС – көміртекті ұстау және сақтау
КЭР – кешенді экологиялық рұқсат
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік
ТКШ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
ҮҚТ – үздік қолжетімді техникалар
ШСЖ – шығарындылармен сауда жасау жүйесі
ЫСЖ – ыстық сумен жабдықтау
ІҚМ – ірі қара мал
ЭСКО – энергосервистік компания
GHG protocol – Greenhouse Gas Protocol (парниктік газдар шығарындыларын есепке алу және есеп берудің халықаралық стандарты)
GRI report – Global Reporting Initiative (тұрақты даму бойынша есеп беру стандарты
JCM – Joint Crediting Mechanism (бірлескен кредиттік тетік)
"KAZENERGY" қауымдастығы ЗТБ - "KAZENERGY" "Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының ассоцияциясы" заңды тұлғалар бірлестігі
VCM – Voluntary Carbon Market (ерікті көміртегі нарығы)
