1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбенің 1-тармағында көрсетілген құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілердің қабылдануын көздесін;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 122-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қараша № 90 Өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі | МАМ | 2026 жылғы шілде | Р. Али |
2. |
"Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2026 жылғы шілде |
К. Тұрсынбаев |
3. | "Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы шілде |
А.Сайтбеков |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
