1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Сауда және интеграция министрліктері:
1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 119-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны |
Орындалуына жауапты | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
2. | "Шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
3. |
"Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
4. |
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шiлдедегi | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
5. | Электрондық сауда тауарларын қайтаруды растайтын құжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
6. | Электрондық сауда тауарларының қайтарлығаны туралы кеден органдарын хабардар ету қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2026 жылғы тамыз | Е.Е. Біржанов |
7. | "Өздеріне қатысты кедендік әкету баждары қолданылатын тауарлардың тізбесін, мөлшерлемелердің мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін және шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ | 2026 жылғы тамыз | Ж.С. Кушукова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.
