"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңес (Инновациялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 46-ө өкімімен бекітілген |
Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңес (Инновациялық штаб) туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңес (Инновациялық штаб) (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты инновациялық экожүйенің барлық қатысушыларын идеядан бастап өнім шығаруға дейінгі бүкіл цикл бойынша шоғырландыруды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады, ол:
1) Кеңес отырыстарының күн тәртібін әзірлейді;
2) Кеңес отырыстарының графигін қалыптастырады;
3) Кеңес отырыстарына қажетті материалдарды дайындайды.
5. Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ол көрсеткен мерзімдерде Кеңестің кезектен тыс отырыстары шақырылуы мүмкін.
6. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.
7. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары Кеңестің шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.
2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
8. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) инновациялық саланы тиімді ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) инновациялық қызметтің басым бағыттарын айқындау;
3) технологиялық басымдықтарды айқындау;
4) инновацияларды дамыту тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
5) нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштерін айқындай отырып, ғылыми-инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру;
6) өңірлік инновациялық жүйелерге қолдау көрсету;
7) барлық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ынталандыру үшін олардың инновациялық қызметіне және технологиялық дамуына мониторинг жүргізу;
8) мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инновациялардың дамуы туралы есептерін тыңдау;
9) инновацияларды дамыту мәселелері жөнінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру ұмысын ұйымдастыру болып табылады.
9. Кеңестің:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
3) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының есептерін тыңдауға;
4) жұмысқа сарапшыларды, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың өкілдерін тартуға;
5) инновацияларды дамытуға байланысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
10. Отырыстарда Кеңес төрағасы, ал ол болмаған кезде Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді.
11. Отырыстар басым тәртіппен бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ Кеңес төрағасымен не оның орынбасарымен келісу бойынша бетпе-бет немесе аралас форматтарда өткізіледі.
12. Кеңес отырысын бейнеконференцбайланысқа қосылған кеңес залдарында бейнеконференцбайланыс арқылы өткізген кезде шақырылған тұлғалар ғана қатысады.
13. Уақтылы растамағаны үшін және Кеңес отырысына қатысу бойынша шақырылған адам жауапты болады.
14. Кеңес отырысында қарауға дайындалған материалдарды жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына отырысқа дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда енгізеді және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) хаттамалық шешімнің жобасы;
2) отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың позициялары бар анықтамалар;
3) таныстырылымдар;
4) ақпараттық (талдамалық) баяндамалар;
5) қатысушылар тізімі;
6) жүргізу тәртібіне ұсыныстар;
7) Кеңес отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар.
15. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, құжаттар дайындауды және отырыстар хаттамаларын ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
16. Отырысқа материалдар уақтылы және толық ұсынылмаған, сондай-ақ сапасыз болған жағдайда Кеңес төрағасы не онымен келісу бойынша оның орынбасары жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
17. Кеңес төрағасы қол қойған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты тіркеген отырыс хаттамасы хаттамада тиісті тапсырмалар берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындау үшін жіберіледі.
18. Жекелеген лауазымды тұлғалар жұмыс органының ұсынысы бойынша және (немесе) Кеңес төрағасының нұсқауы бойынша бетпе-бет форматтағы отырысқа шақырылуы мүмкін.
19. Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңеске материалдардың сапасы үшін жауапкершілік жетекшілік ететін бағыттар бойынша Кеңес мүшелеріне жүктеледі.
20. Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және төрағалық етуші қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі |
|
| № 46-ө өкіміне қосымша |
Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штаб) құрамы
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, төраға.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.
4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
8. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.
10. Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.
11. Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі.
12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
13. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.
14. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі.
15. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.
16. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.
17. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі.
18. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
19. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.
20. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.
21. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі.
22. Астана қаласы әкімінің орынбасары.
23. Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
24. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
25. Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
26. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
27. Алматы облысы әкімінің орынбасары.
28. Атырау облысы әкімінің орынбасары.
29. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
30. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
31. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
32. Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
33. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
34. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
35. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
36. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
37. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
38. Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
39. Абай облысы әкімінің орынбасары.
40. Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
41. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.
42. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.
43. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
44. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (келісу бойынша).
45. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
46. "KAZ Minerals Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
47. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының cтратегия және активтерді басқару жөніндегі қоса басқарушы директоры (келісу бойынша).
48. "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орнықты даму және GR жөнiндегi басқарушы директоры (келісу бойынша).
49. "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
50. "ERG Research and Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).
