"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі";
2) көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6-тармақтың 5) тармақшасындағы "талдау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады." деген сөздер "талдау нәтижелерін қарау қорытындысы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.", ол 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
