"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)".
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
