1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 100-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 19-жол алып тасталсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы "30" наурыздағы № 35-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | Р. С. Серіков |
2. | "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану - ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 558 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы мамыр | Н.К. Шәрбиев |
3. | "Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ТСМ, ҰЭМ | 2026 жылғы мамыр |
С.М. Жарасбаев |
4. | "Туристендіру картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
5. | "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2026 жылғы мамыр | Н.К. Шәрбиев |
6. | "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | Б.С. Рапиков |
7. | Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
8. | Гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
9. | Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
10. | Танытым орталығы қызметінің қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
11. | Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
12. | Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
13. | Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | С.М. Жарасбаев |
14. | Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы мамыр | Б.С. Рапиков |
15. | Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл мен Зайсан аудандарында казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау туралы | Маңғыстау, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің қаулысы | Маңғыстау, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері | 2026 жылғы мамыр | Маңғыстау, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің жетекшілік ететін орынбасарлары |
16. | "Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы" Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/133-VIII шешiмiнің күші жойылды деп тану туралы | Түркістан қаласы мәслихатының шешімі | Түркістан қаласының әкімдігі | 2026 жылғы мамыр | Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары |
17. | Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы | Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы | Түркістан қаласының әкімдігі | 2026 жылғы мамыр | Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСМ | – | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі; |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі; |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. |
