"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 124-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Лауазымнан шеттетiлген күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2028 жылғы желтоқсан | В.В. Шегай |
".
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
