"Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкiмiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1. Көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеуді және үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) осы өкімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 165-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы "9" қыркүйектегі № 145-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан тарапынан:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан:
Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры (келісу бойынша)
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің Инфрақұрылымдық инвестициялар департаментінің бас директоры (келісу бойынша)
Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісу бойынша)
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан бойынша директоры (келісу бойынша)
Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Еуропалық Инвестициялық Банктің шығыс көршілерге және Орталық Азия елдеріне кредит беру жөніндегі бас кеңесшісі (келісу бойынша)
Ислам Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өңірлік өкілдігінің директоры (келісу бойынша)
