Алматы қаласының көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Алматы қаласының көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде Алматы қаласының көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдасын және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
2025 жылғы 13 тамыздағы № 135-ө өкіміне қосымша |
Алматы қаласының көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
"Алматы Менеджмент Университеті" білім беру мекемесінің ректоры (келісу бойынша)
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары (келісу бойынша)
"Экономикалық зерттеу институты" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)