Жетекшілік ететін салаларда жасанды интеллект технологияларын ендіретін отандық IT-компанияларды масштабтауды және кешенді қолдауды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған жасанды интеллект шешімдерін ендіруге және масштабтауға жауапты мемлекеттік органдарды бекіту (бұдан әрі – бекіту) бекітілсін.
2. Бекітуде көрсетілген жауапты мемлекеттік органдар жасанды интеллект шешімдерін ендіруді және масштабтауды жүйелі түрде сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
Р/с №
|
Мемлекеттік органның атауы
|
Жасанды интеллект қолданылатын шешімдердің атауы
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
Agrohub: Agritech – суару кезінде су тұтыну көлемін әрбір егістік деңгейіне дейін спутниктік мониторингілеу
|
2.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
|
"Q19" ЖШС: Justice RK – жасанды интеллект негізіндегі құқықтық сараптама.
Заңнамамен жұмыс істеуге арналған кешенді құралдар жиынтығын ұсынатын инновациялық платформа.
ЖИ-ассистент Қазақстан Республикасының барлық нормативтік-құқықтық базасы және басқа да заңнамалық базалар бойынша терең құқықтық мониторингілеуді, лезде салыстырмалы талдауды және жоғары дәлдікпен интеллектуалды іздеуді қамтамасыз етеді
|
"АЛСЕКО" АҚ – электрондық форматтағы сот сараптамасының нәтижелері автоматтандырылған ЖИ-сот сарапшысы
|
3.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
|
Cerebra – нейрокомпьютерлік томография түсірілімдерін пайдалана отырып, мидың инсультін ең бастапқы сатысында диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтылым
|
AI Dentis – стоматологиялық диагностиканы автоматтандыруға және оның дәлдігін арттыруға арналған бұлттық бағдарламалық қамтылым
|
WDSOFT – онкологиялық ауруларды анықтау жөніндегі радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру
|
Arlan Biotech – наноденелерді генерациялау және базалық диагностикалық жылдам тестілерді әзірлеуге арналған платформа
|
Remedii – жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттермен жұмыстың толық циклі
|
MED365 – медициналық қарап-тексерудің автоматтандырылған жүйесі, өнеркәсіптік компанияларға ауысым алдындағы медициналық қарап-тексеруден небәрі 1 минут ішінде өтуге мүмкіндік береді
|
4.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
ProtectorAI – білім беру мекемелері мен әлеуметтік мекемелер аумағында агрессивті мінез-құлықты, буллингті және өзге де қауіп-қатерді анықтауға бағытталған бейнелерді талдайтын зияткерлік жүйе
|
5.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
|
BinY – логистиканың бақылауды, ашықтықты және тиімділікті қамтамасыз ететін, логистиканы автоматтандыруға арналған платформа
|
6.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
|
Kazdream: Supervision – жедел ден қою үшін ақпараттық қауіптерді, қоғамдық резонанс пен ықтимал қақтығыстарды анықтау
|
7.
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
|
Codiplay: AI Kitap – мектеп пәндері бойынша оқу материалын әр оқушының деңгейіне сәйкес жеке бейімдеуге арналған, прогресті талдап, білімдегі кемшілікті анықтайтын цифрлық оқулық
|
Alaqan – алақан көктамырын биометриялық сәйкестендіру жүйесі, лезде (бір секундтан кем) және байланыссыз сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Өнімдер: Alaqan Pay (алақанмен төлем жасау), Alaqan Mektep (мектепте қатысуды және тамақтануды бақылау)
|
8.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
|
Surfaice.Pro – типтік құрылыс жобаларын (мектептер, ауруханалар, энергетикалық инфрақұрылым, ритейл – дүкендер және т.б.) басқару үшін тігінен интеграцияланған ЖИ-қызметкерлерді ұсынады
|
Humanity.ai – модульділік және рекурсивті өзіндік эволюция қағидаттары қолданылатын іргелі жасанды интеллект моделі. Галлюцинацияға төтеп беретін, бір құрылғыда бірнеше модельді (LLM, ML, алгоритмдер) біріктіретін ЖИ-жүйе
|
Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үй мәселелері мен ілеспелі мәселелерін онлайн-режимде кешенді шешуге бағытталған цифрлық экожүйе: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жылжымайтын мүлік маркетплейсі, онлайн-ипотека, онлайн-смета және жылжымайтын мүлікке инвестициялар
|
9.
|
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
|
YSL – күн батареясынан қуат алатын және суаруды топырақтың ағымдағы ылғалдылығы туралы деректер мен түрлі өсімдік түрлеріне жеке талап етілетін жағдайлар негізінде реттейтін, автоматты түрде сымсыз басқару жүйесі
|
10.
|
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
|
Codiplay: OlympIQ – спортты дамытуға арналған технологиялық платформа. Жүйе жасанды интеллект арқылы аналитикалық, операциялық, медициналық және ұйымдастырушылық деректерді өңдеуге мүмкіндік береді
|
11.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
BTS Digital: Gov Workspace – мемлекеттік қызметшілерге арналған корпоративтік платформа
|
Axellero.io – веб және ЖИ-бағдарланған қосымшаларды жылдам әзірлеуге арналған лоукод-платформа
|
Biometric.vision – жасанды интеллект және биометрия негізінде клиенттерді қашықтан сәйкестендіруге арналған кешенді шешімдер
|
12.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
|
KazDevLab: Emissions.kz – шығарындылар, төгінділер, қалдықтар және қоршаған ортаға әсер етудің басқа да көрсеткіштері бойынша экологиялық бақылауды автоматтандыруға арналған кешенді ЖИ-платформасы
|
13.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
|
Dereknet: Derek Suite – мұнай-газ саласындағы өндірістік деректердің тұтастығын тексеруге арналған платформа
|
14.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша)
|
Kazdream: Антифрод – телекоммуникациялық арналар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, сондай-ақ интернет-трафик арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді автоматты түрде анықтауға, талдауға және олардың алдын алуға бағытталған
|