"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)".
Премьер-Министр | О. Бектенов |