Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөнінде комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 2 қарашадағы № 152-ө Өкімі.

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысы барысындағы мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Комиссия жыл сайын, есепті қаржы жылынан кейінгі 31 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 қарашадағы
№ 152-ө өкімімен
бекітілген

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын жетілдіру болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

      3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажет болу шамасына қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның міндеттері блоктық бюджеттеу жұмысы мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде қатысушыларды үйлестіру болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 қарашадағы
№ 152-ө өкіміне
қосымша

Пилоттық жоба шеңберінде блоктық бюджеттеу жұмысын үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 23.04.2026 № 55-ө өкімімен.

Такиев Мәди Төкешұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
 

Темірбеков Дәурен Оденұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ахметов Олжас Қалымтайұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті директорының орынбасары, хатшы

Энгель Юлия Федоровна

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша)

Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Әмрин Азамат Кемеңгерұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

Жарасбаев Серік Маратұлы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

Ыбрайханов Ерболат Мақсұтханұлы

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

Алпысов Ермек Амантайұлы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Қайыпов Тілепберген Ерсайұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Имашев Данияр Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы (келісу бойынша)

Жұмабаев Дархан Бақытжанұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі

Алдасүгірова Жанар Әлібиқызы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

Әшім Айгүл Әшімқызы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Қаржы департаментінің директоры

Бейсембаев Олжас Жылқайдарұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік процесс әдіснамасы департаментінің директоры

Муллабаева Гульором Фармановна

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры

Есдәулетова Әлия Аманбайқызы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры

Исмағұлов Сейілхан Қалиақбарұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры

Қылышпаев Дінмұхамед Ғайдарұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры

Мақсұтов Нұрлан Мақсұтұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры

Молдаш Ғалымжан Өмірәліұлы

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қаржы департаментінің директоры

Мыңбаев Маханбет Бақытжанұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры

Оспанов Әуесхан Алтайұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры

Махметов Момыш Елтайұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры

Хисматулин Вагиз Раилович

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры

Құдайбергенов Олжас Әбдімәлікұлы

"Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас әріптесі (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады