1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2) 2-тармақтағы "сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтағы "мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме" деген сөздер " Қазақстан Республикасының басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы "тұлға" деген сөзден кейін
"ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеме" деген сөздермен
толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Министрліктің штаттық санының лимитін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымын Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі бекітеді
(бұдан әрі -Министр)";
6-тармақта "Алматы қаласы, Республика алаңы, 4" деген сөздер
"Астана қаласы, Кенесары көшесі, 83" деген сөздермен ауыстырылсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады";
19-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекітеді".
2. "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігінің Астана қаласындағы Өкілдігінің мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі N 883
P980883_
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.
