1. Мына аудандардың:
1) таратылып отырған Арықбалық ауданының аумағы енгiзiлiп, Айыртау ауданының;
2) таратылып отырған Уәлиханов ауданының Уалиханов және Еңбекшiлдер селолық округтерiнiң аумақтары енгiзiлiп, Еңбекшiлдер ауданының;
3) таратылып отырған Көкшетау ауданының аумағы енгiзiлiп, Зерендi ауданының;
4) таратылып отырған Уәлиханов ауданының Қарасу және Қайрат
селолық округтерiнiң аумақтары енгiзiлiп, Уәлиханов ауданының;
5) шегiне таратылып отырған Көкшетау ауданындағы Красный Яр
селосының аумағы енгiзiлiп, Көкшетау қаласының;
6) таратылып отырған Келлер және Чкалов аудандарының аумақтары
енгiзiлiп, Тайынша ауданының;
7) таратылып отырған Чистополь және Рузаев аудандарының
аумақтары енгiзiлiп, Целинный ауданының;
8) таратылып отырған Ленинград ауданының аумағы енгiзiлiп, Ақжар
ауданының шекаралары өзгертiлсiн.
2. Көкшетау облысының әкiмiне заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Целинный ауданындағы Куйбышев поселкесiн Новоишим поселкесi;
2) Уалиханов ауданындағы Қызылту поселкесiн Кiшкенекөл поселкесi;
3) Айыртау ауданындағы Володар селосын Саумалкөл селосы деп қайта
атау мәселесiн шешу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
