Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстiк
Қазақстан, Павлодар, Талдықорған, Торғай облыстары әкiмдерiнiң
Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәдениет министрлiктерiмен,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк
ономастика комиссиясымен келiсiлген:
а) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне:
Ақтөбе облысы бойынша
Байғанин ауданындағы Жаңажол орта мектебiне - белгiлi ақын Сағи
Жиенбаевтың;
Байғанин ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi
ақын, сазгер Бәкiр Тәжiбаевтың;
Шалқар ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi
күйшi-сазгер Қазанғап Тiлепбергенұлының;
Шалқар ауданындағы Дамбар орта мектебiне - Югославиядағы
Қарсыласу қозғалысының белсендi мүшелерiнiң бiрi, халыққа бiлiм беру
iсiнiң ардагерi Төлтай Шановтың;
Алматы облысы бойынша
Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш орта мектебiне - белгiлi жазушы
Сейдахмет Бердiқұловтың;
Қаскелең ауданындағы N 11 кәсiптiк-техникалық училищеге - қоғам
қайраткерi Сынжар Жандосовтың;
Райымбек ауданындағы Нарынқол орта мектебiне - белгiлi
журналист-жазушы, аудармашы Тельман Жанұзақовтың;
Талғар қаласындағы N 16 орта мектепке - Жамбыл Жабаевтың;
Атырау облысы бойынша
Қызылқоға ауданындағы N 20 Миялы орта мектебiне - белгiлi ақын,
жазушы Берқайыр Аманшиннiң;
Мақат ауданындағы N 86 орта мектепке - Қазақстан Республикасының
еңбек сiңiрген мұғалiмi, белгiлi педагог Хамза Санбаевтың;
Қостанай облысы бойынша
Комсомол ауданы Комсомол поселкесiндегi N 2 орта мектепке - ұлы
ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың;
Қызылорда облысы бойынша
Қазалы ауданындағы N 88 орта мектепке - белгiлi жазушы, журналист,
Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Байжiгiт
Әбдiразақовтың;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Киров ауданындағы жаңа орталау мектепке - Ұлы Отан соғысындағы
жеңiстiң 50 жылдығына орай "Жеңiстiң 50 жылдығы" атауы;
Сарыағаш ауданының Тегiсшiл селолық әкiмшiлiгiндегi N 68 жаңа
орталау мектепке - ғалым, еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Қален
Тоқмұхамедовтың;
Павлодар облысы бойынша
Павлодар педагогикалық колледжiне - белгiлi педагог, Қазақстан
Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Бейсен Ахметовтың;
Талдықорған облысы бойынша
Облыстық "Жастардың жетiстiгi" гимназия-интернатына - белгiлi
ғалым, профессор Мұхтар Арыновтың;
Облыстық басқару негiзi орта мектебiне - белгiлi ғалым,
профессор Жомарт Жапаровтың;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Таврия ауданындағы Донской орта мектебiне - Кеңес Одағының
Батыры Төлеген Тоқтаровтың;
Тарбағатай ауданындағы Ақжар орта мектебiне - белгiлi педагог
Қыдырбек Бiләловтың есiмдерiн беру туралы;
б) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiнiң атауларын:
Алматы облысы бойынша
Шелек ауданындағы Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы орта мектептi -
Кеңес Одағының Батыры Петр Вихрев атындағы орта мектеп;
Қызылорда облысы бойынша
Сырдария ауданындағы Ленин атындағы N 42 орта мектептi - халық
ақыны Қуаныш Баймағамбетов атындағы орта мектеп;
Тереңөзек ауданындағы N 129 "Қызылту" орта мектебiн - белгiлi
ақын және аудармашы Әбiраш Жәмiшев атындағы орта мектеп;
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Түлкiбас ауданындағы "Ванновка" балалар санаторийiн - тиiсiнше
тарихи-географиялық атауымен "Ақбұлақ" балалар санаторийi;
Киров ауданындағы "Целина" орта мектебiн - осы мектептiң негiзiн
қалаған, ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген қызметкерi және көрнектi
басшы Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектеп деп өзгерту туралы
ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
