1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 518 өкiмiне сәйкес құрылған жұмыс тобының халықаралық капитал рыноктарында Қазақстан Республикасының дебюттiк эмиссиясын жүзеге асыру кезiнде жетекшi менеджер етiп АВN AMRO Hoare Govett тағайындау туралы шешiмi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
заң кеңесшiсi қызметiне, ABN AMRO Hoare Govett комиссиялық
және дебюттiк эмиссияны қамтамасыз ету жөнiндегi басқа
да шығыстарын 1996 жылға арналған республикалық бюджетте сыртқы
экономикалық қызметтерге көзделген қаражат есебiнен төлеудi
қамтамасыз етсiн;
үш күн мерзiмде ABN AMRO Hoare Govett жетекшi менеджердiң
мандатын берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
