"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру
туралы" Қазақстан Республикасын Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22
желтоқсандағы N 1447
P941447_
қаулысына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi
Республикалық ведомствоаралық кеңес мына құрамда бекiтiлсiн:
Романов А.Ф. - Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың
Мемлекеттiк қорының президентi, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң
бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы)
Зиябеков Б.З. - Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң басқармасының
төрағасы (Кеңес төрағасының орынбасары)
Кеңес мүшелерi:
Беликов М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Ауыл
шаруашылығы және әлеуметтiк сала басқармасының
бастығы
Григорук В.В. - Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының
экономика және информатика бөлiмiнiң
академик-хатшысы
Жананов Е.Е. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң Қаржылық-инвестициялық саясат
бас басқармасының бастығы
Жамбақин Ж.Ә. - Қазақстан фермерлерiнiң "Қазагро" ұлттық
федерациясының бас директоры
Жанатов Қ.Ж. - Қазақстан Республикасы Аграрлық одағының
төрағасы
Қожабеков Д.Д. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң агроөнеркәсiп кешенi бөлiмiнiң
бастығы
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Старостенко Г.Г. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
ақша-кредит операциялары департаментiнiң
директоры
Шаихова А.Н. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
агроөнеркәсiп кешенi және табиғатты қорғау
басқармасының бастығы
2. Төмендегiлердiң күшi жойылған деп танылсын:
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi Республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 21 P950021_ қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9
қаңтардағы N 21 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 165
қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9
қаңтардағы N 21 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 711
қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
