Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 925 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 16 қазандағы
№ 925 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;

      2) Қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары;

      3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;

      4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызметі бойынша ауысу (әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарылған магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда);";

      6-тармақтың 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 36-1-бабының 2-тармағына және 73-бабының 7-тармағына7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарылған магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Қызметкерлер қызмет бабымен ауысқан немесе қызметтен шығарылған кезде Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оларға бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) жеке мүлкін тасымалдау шығындары автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып өтеледі.

      Бұл ретте егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкерлер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, олардың таңдауы бойынша тек біреуіне ғана жүргізіледі.

      Әскери қызметші немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып табылатын жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасы шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін өтемақы алуы немесе алмауы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама баянатқа (өтінішке) қоса беріледі.";

      4-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан, сондай-ақ
әскери, арнаулы оқу
орындарынан немесе шет
мемлекеттердің білім беру
ұйымдарынан үлгермеушілігі
үшін немесе өз бастамасы
бойынша шығарып жіберілген
магистранттардан, докторанттар
мен адъюнкттерден басқа)
қызмет бабымен ауысқан немесе
қызметтен шығарылған кезде
Қазақстан Республикасының
шегінде жеке мүлкін тасымалдау
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:_____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан, сондай-ақ
әскери, арнаулы оқу
орындарынан немесе шет
мемлекеттердің білім беру
ұйымдарынан үлгермеушілігі
үшін немесе өз бастамасы
бойынша шығарып жіберілген
магистранттардан, докторанттар
мен адъюнкттерден басқа)
қызмет бабымен ауысқан
немесе қызметтен шығарылған
кезде
Қазақстан Республикасының
шегінде жеке
мүлкін тасымалдау шығындарын
өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: ___________________
шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
кімнен: ___________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұрады";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

      1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

      2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындары бюджет қаражаты есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.

      Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберілген, тағылымдамаға, каникулда демалысқа барған кезінде (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары өтеледі.";

      6-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
немесе шет мемлекеттердің
білім беру ұйымдары
курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
немесе шет мемлекеттердің
білім беру ұйымдары
курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: ______________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
___________________ тұрады
телефоны _________________";

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Көлікте жол жүргені үшін
әскери, арнаулы оқу орындары
немесе шет мемлекеттердің
білім беру ұйымдары
курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 78-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарылған магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа), (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері
орын ауыстырған кезде
сондай-ақ арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері қызметтен
шығарылған кезде Қазақстан
Республикасының аумағы
бойынша көлiкте жүргені үшін
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан, сондай-ақ
әскери, арнаулы оқу
орындарынан немесе шет
мемлекеттердің білім
беру ұйымдарынан
үлгермеушілігі үшін немесе
өз бастамасы бойынша шығарып
жіберілген магистранттардан,
докторанттар мен
адъюнкттерден басқа), олармен
үнемі бірге тұратын отбасы
мүшелерінің шығындарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері
орын ауыстырған кезде
сондай-ақ арнаулы мемлекеттік
органның қызметкері қызметтен
шығарылған кезде Қазақстан
Республикасының аумағы
бойынша көлiкте жүргені үшін
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің
(курсанттардан,
тыңдаушылардан, сондай-ақ
әскери, арнаулы оқу
орындарынан немесе шет
мемлекеттердің білім беру
ұйымдарынан үлгермеушілігі
үшін немесе өз бастамасы
бойынша шығарып жіберілген
магистранттардан, докторанттар
мен адъюнкттерден басқа),
олармен үнемі бірге
тұратын отбасы мүшелерінің
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: ______________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
  лауазымды адамға)
кімнен: _________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұрады
телефоны__________________".

      2. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде немесе қызмет өткерген кезеңде жаралануы (контузия алуы), ауруы салдарынан қызметтен кеткеннен кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерінің тұрғылықты жеріндегі арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр бөлімшелері аталған адамдарды мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша түрде 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етеді:";

      4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр бөлімшесі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін мынадай құжаттарды сұратады және мыналарды жасайды:";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде мүгедектік алып, оған мүгедектік белгіленген болса:

      1) ол қызмет орнына мыналарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш;

      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;

      2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр бөлімшесі:

      мүгедектікке әкеп соққан контузия, мертігу, науқастануы қызмет өткеріп жүрген кезеңде туындағанын растайтын әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясы қорытындысының (қаулысының) көшірмесін;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы қызмет өткеру кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтаманы сұратады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде контузия алса, мертіксе, науқастанса, қызметтен кеткен күннен бастап бiр жыл өткенге дейін солардың салдарынан мүгедектiк белгіленсе, арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр бөлімшесі осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды жинайды, сондай-ақ қызметкерді мекеменің (бөлімшенің) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме жасайды.";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр бөлімшесі мыналарды сұратады және жасайды:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініш берушінің қызмет орнындағы арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр бөлімшесі өтемақы алушыдан осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қоса өтініш алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы мекеменің қаржы бөлімшесіне өтемақыны төлеу үшін жібереді.

      Өтемақы төлеуге арналған құжаттарды толық алмаса, кадр бөлімшесі өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Құжаттар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толық еместігі туралы хабарлама болмаса, құжаттар толық көлемде қабылданды деп есептеледі. Өтініштің арнаулы мемлекеттік органда (мекемеде) тіркелген күні оның түскен күні болып есептеледі.".

      3. "Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қызметкер қызметін өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкердің баянаты, қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының өтініші қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін негіз болады.

      5. Залалды өтеу үшін қызметкер ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянатты өзінің тікелей бастығына береді.

      Бұл ретте қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының залалды өтеу туралы өтініші ұлттық қауіпсіздік органына жіберіледі.

      Баянатқа (өтінішке) қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшесі мен жақын туысының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу туралы сот шешімінің көшірмесі не одан соттың мөрімен куәландырылған үзінді (судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сот актісінің көшірмесі не одан үзiндi) және (немесе) келтірілген залал туралы маманның (сарапшының) қорытындысы қоса беріледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады