ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
"9-2) агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тартады, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдейді;";
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған үлгілік біліктілік талаптары негізінде "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
41-2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
41-3) мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;";
284) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"284) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
325) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"325) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;";
мынадай мазмұндағы 340-1) тармақшамен толықтырылсын:
"340-1) омартаның ветеринариялық паспортын беру қағидаларын және оның нысанын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 426-1) тармақшамен толықтырылсын:
"426-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды;";
433) және 434) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"433) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
434) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны цифрлық форматта көрсетуге ауыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 434-1) тармақшамен толықтырылсын:
"434-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз етеді;";
436) және 437) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"436) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде цифрландыру саласындағы уәкілетті органға ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді;
437) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйелерге қолжетімділік береді;";
450), 451), 452) және 453) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"450) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
451) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларын сақтайды;
452) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құрады және дамытады;
453) цифрлық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;";
455) және 456) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"455) "цифрлық үкiметтi" дамытуға қатысады;
456) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің қарауындағы цифрлық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;";
458) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"458) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында цифрлық объектілер мен олардың техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді орналастырады, мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды және жаңартып отыруды жүргізеді;";
460) тармақша алып тасталсын;
461) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"461) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған кибермәдениеттің базалық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;";
462) тармақша алып тасталсын;
464) тармақша алып тасталсын;
466), 467), 468) және 469) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"466) "цифрлық үкiметтiң" операторына "цифрлық үкіметтің" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды ұсынады;
467) өз құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерге жататын цифрлық объектілерді айқындайды;
468) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін цифрлық объектілерге рұқсат бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
469) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін "цифрлық үкімет" операторына цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат береді;";
471) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"471) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісінде орналастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;";
479), 480) және 481) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"479) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
480) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
481) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;";
508-57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"508-57) жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің оны беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;";
508-86) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
