Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 643 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

      1-тармақтың 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулыда 8-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 1,5 %
ЛА-дан 1 %
ЛА-дан 0,5 %

республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға


ЛА-дан 1 %

республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

      ";

      реттік нөмірі 2-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы Спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасы Паралимпиада ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 10 %
ЛА-дан 5 %

республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға


ЛА-дан 10 %

республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

      ";

      көрсетілген қаулыда 18-қосымшада:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.


Құрметті атағы үшін үстемеақы




Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Халық" деген құрметті атағы бар және мәдениет саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге; Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Еңбек сіңірген" құрметті атағы бар және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге


БЛА-дан 100 % БЛА-дан 30 %

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      ";

      көрсетілген қаулыда 20-қосымшада:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;";

      2) "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мынадай шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады