"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 547 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаевты "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады