Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 511 қаулысы

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 278-бабының 7-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 17 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 7-2-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс органы – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;

      3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) өтініш беруші – қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алу үшін өзінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты деп тануға мүдделі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;

      5) Ұлттық орталық – "Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2-тарау. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібі

      3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) мынадай талаптарға сәйкес болған кезде жер қойнауын пайдаланумен байланысты деп танылады:

      1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру операциялары нәтижесінде алынған ураннан немесе көмірден басқа қатты пайдалы қазбалар "Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде тек шикізат ретінде пайдаланылады;

      2) өндірістік қызмет (технологиялық процесс) түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет деп тану үшін қызмет түрлеріне (технологиялық процестің) сәйкес келеді;

      3) өнеркәсіптік-инновациялық жобаның құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14500000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құрайды.

      4. Өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаның паспортымен;

      2) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33321 болып тіркелген) бекітілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларында көзделген нысан бойынша жобаны іске асырудың жоспар-графигімен;

      3) жоба құнының кемінде 50 (елу) пайызы мөлшерінде жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса уәкілетті органға өзінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы еркін нысанда өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар ретінде:

      шетелдік банктің, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, Қазақстан Республикасының ұлттық даму институтының және (немесе) Standard and Poor's шәкілі бойынша "BB-"-тан немесе Moody's, FitchRatings рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейден төмен емес шетелдік валютада жыл сайын расталатын ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтінгі бар ұйымның кепілдігі;

      ұсынылған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға берілетін қарызды мақсатқа сай пайдаланып, осы бөліктің екінші абзацында айқындалған кез келген ұйыммен жасалған қарыз шарты;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмесі ұсынылады.

      Өтініш беруші барлау жөніндегі операцияларды жүргізу бойынша өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тануға жүгінген жағдайда онда жоба бойынша геологиялық-барлау жұмыстары құнының кемінде 50 (елу) пайызы мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етуді растайтын құжаттар ұсынылады.

      Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз етудің кез келген тәсілін, оның ішінде бірнеше тәсілдерді біріктіру арқылы таңдайды;

      4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның жер қойнауын пайдаланудан сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге осындай қорытынды берілген күні шектеулердің болмауына қорытындысы, ал қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алынатын болса, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік есепке енгізілген қатты пайдалы қазбалар қорларының және (немесе) ресурстарының бар-жоғына қорытындысы қосымша ұсынылады;

      5) мынадай мәліметтерді қамтитын бір беттік таныстыру слайды: жобаның атауы мен мақсаты, оны іске асыру орны мен мерзімі, жобаның жалпы құны, күтілетін нәтижелер;

      6) уранды немесе көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алу үшін жеткілікті және негізделген көлемде өндірістік қызметті (технологиялық процесті) шикізатпен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалануға лицензия (лицензиялар) алу қажеттігінің жазбаша негіздемесі;

      7) өнеркәсіптік-инновациялық жобаның технологиялылығы мен инновациялылығы туралы өнеркәсіптік-инновациялық жобаның бағыттылығы (технологиялар трансферті, жаңа өндірістерді құру (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыру) толық сипатталған ақпарат.

      5. Уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілген құжаттар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде өтінішті қайтарып, жетіспейтін құжаттарды және (немесе) өтініш беруші сәйкес келмейтін талаптарды көрсетеді.

      Құжаттардың топтамасы толық ұсынылған және өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін болса, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде құжаттардың толық топтамасын өнеркәсіптік-инновациялық жобаның технологиялылығы мен инновациялылығы (технологиялар трансферті, жаңа өндірістерді құру (жұмыс істеп тұрғанын жетілдіру) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыру) туралы қорытынды беру үшін Ұлттық орталыққа жібереді.

      6. Ұлттық орталық уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік-инновациялық жобаның технологиялылығы мен инновациялылығы (технологиялар трансферті, жаңа өндірістерді құру (жұмыс істеп тұрғандарды жетілдіру) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыру) туралы қорытынды жасайды және оны уәкілетті органға жібереді.

      Ұлттық орталықтың қорытындысы теріс болған кезде уәкілетті орган мұндай қорытындыны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтінішін одан әрі қараудан бас тартады.

      Ұлттық орталықтың қорытындысы оң болған кезде уәкілетті орган оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы қорытынды жобасын жасайды және оны қызметін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 89-ө өкімімен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асыратын Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізу үшін жұмыс органына жібереді.

      Уәкілетті орган барлау операцияларын жүргізу бойынша өзінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану мәселесін Комиссияның қарауына шығарған кезде Ұлттық орталықтың қорытындысы талап етілмейді.

      7. Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хаттама жіберіледі.

      8. Комиссия өтініш берушінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы оң шешім қабылдаған жағдайда тиісті хаттама Қазақстан Республикасы Президентінің атына келісу үшін өтініш беруші туралы мәліметтерді қамтитын жоба жөніндегі ақпаратпен қоса жіберіледі.

      9. Қазақстан Республикасының Президенті Комиссия отырысының хаттамасына келісім берген жағдайда тиісті хаттама Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі.

      10. Комиссия өтініш берушінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы теріс шешім қабылдаған немесе Қазақстан Республикасының Президенті келісім беруден бас тартқан кезде уәкілетті орган Комиссия отырысының хаттамасы түскен күннен немесе Қазақстан Республикасының Президенті келісім беруден бас тартқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп танудан бас тарту туралы уәжді хабарлама жібереді.

      11. Өтініш беруші өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп танудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет (технологиялық процесс) деп танудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.

  Өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектілерінің
өндірістік қызметін
(технологиялық процесін) жер
қойнауын пайдаланумен
байланысты өндірістік қызмет
(технологиялық процесс) деп
тану қағидаларына
1-қосымша

Жер қойнауын пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет деп тану үшін қызмет түрлерінің (технологиялық процестің) тізбесі

Экономика секторы

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ сәйкес қызмет түрлері

1

2

3

1. Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі

24.20

Болаттан жасалатын құбырлар, түтіктер, қуыс бейіндер, фитингілер өндірісі

24.31

Суықтай созу

24.32

Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай илектеу

24.33

Суықтай қалыптау немесе ию

24.34

Суықтай созу арқылы сым жасау

24.51

Шойын құю

24.52

Болат құю

2. Түсті металлургия

24.41

Асыл (бағалы) металдар өндіру

24.42

Алюминий өндіру

24.43

Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру

24.44

Мыс өндіру

24.45

Өзге де түсті металдар өндіру

24.53

Жеңіл металдар құю

24.54

Өзге де түсті металдар құю

3. Агрохимия

20.15

Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі

20.20

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндірісі

  Өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектілерінің
өндірістік қызметін
(технологиялық процесін)
жер қойнауын пайдаланумен
байланысты өндірістік қызмет
(технологиялық процесс)
деп тану қағидаларына2-
осымша
  Нысан

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаның паспорты

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

2

3

4

1.

Жобаның түрі



1)

Жаңа жоба

иә/жоқ


2)

Қазіргі өндірісті жаңғырту

иә/жоқ



Қазіргі өндіріс қуатының түрі




Қазіргі өндірістің жобалық қуаты



2.

Жоба кезеңі: (төменде келтірілгендердің бірін таңдау)

1)

Іске асырылатын

иә/жоқ


2)

Жоспарланған

иә/жоқ


3.

Жобаны іске асыру орны:



1)

Облыс



2)

Қала



3)

Аудан



4)

Ауыл



3.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 4-5 таңбалы коды (анықтамалық)



4.

Іске асыру мерзімі

ай, жыл - айы, жылы


5.

Пайдалану кезеңіндегі жаңа жұмыс орындарының саны

адам


1

2

3

4

6.

Пайдалануға берілгенге дейін негізгі капиталға салынған инвестициялар

миллион теңге


7.

Пайдалануға берілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні (бар болса)



8.

Қаржыландыру құрылымы

1)

Меншікті қаражат

миллион теңге


2)

Қарыз қаражаты (лизингті қоса алғанда)

миллион теңге


3)

Бюджет қаражаты

миллион теңге


4)

Өзге де көздер

миллион теңге


9.

Өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер



1)

Тауардың және көрсетілетін қызметтің атауы (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі – СЭҚ ТН коды) – 6-10 таңба)



2)

Тауардың және көрсетілетін қызметтің атауы (СЭҚ ТН коды – 6-10 таңба)



….

Тауардың және көрсетілетін қызметтің атауы (СЭҚ ТН коды – 6-10 таңба)



10.

Жылына жобалық қуаты (тауар мен көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша)

1)

Заттай мәнде (өлшем бірлігі бойынша)

өлшем бірлігі


2)

Құндық мәнде

миллион теңге


11.

Өткізу нарықтары

1)

Ішкі нарық

%


2)

Экспортқа (елге), әр ел бойынша жеке көрсету

%


12.

Жоба туралы мәлімет



1)

Инновациялылық

иә/жоқ,
қысқаша сипаттамасы


2)

Технология трансферті

иә/жоқ,
қысқаша сипаттамасы


13.

Өндіріс технологиясы (қысқаша сипаттамасы)



1

2

3

4

14.

Жабдық (атауы, елі, өнім беруші бар болса)



15.

Өңірдің экологиялық қауіпсіздігіне және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға ықпалы



16.

Жобаның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары, өңірге де, жалпы ел экономикасына да мультипликативті әсері



17.

Жобаны іске асыру шеңберіндегі тәуекелдер және тәуекелдерді азайтатын факторлар




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады