"Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 388 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 19.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 457 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" және "Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 13 мамырдағы
№ 388 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 1 шiлдедегi
№ 457 қаулысымен
бекітілген

Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі

Р/с

Қызмет түрі

1

Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Көтерме және бөлшек сауда

3

Қонақүйлердің қызмет көрсетуі

4

Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру

5

Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату

6

Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, жүктерді тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен тасымалдау жөніндегі қызметтер

7

Туроператорлардың және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа)

8

Сақтандыру саласындағы қызмет

9

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

10

Білім беру саласындағы қызмет

11

Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильм көрсету

12

Спорт, демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру саласындағы қызмет

13

Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

14

Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету

15

Пошта және курьер қызметі

16

Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

17

Мамандандырылған дизайнерлік қызмет

18

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

      Ескертпе:

      Көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға және банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалана отырып мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады