"Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 301 қаулысы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2051 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Алатау" ИСЛК" АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Алатау" ИСЛК" АЭА туралы ереже;

      2) "Алатау" ИСЛК" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген

"Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан.

      АЭА аумағы 165 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

      2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:

      1) өңір экономикасының салаларында өнімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

      2) химия, мұнай-химия, металлургия, бейметалл минералдық өнімдер, металл өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, сондай-ақ қосылған құны жоғары өзге өнімдер өндірісін қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту;

      3) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді, тамақ өнімдерін өңдеуді, диқаншылық жүктерін сақтауды, буып-түюді және олардың логистикасын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

      4) қоймалық, кедендік, көліктік және мультимодальдық логистиканы, жүктерді сақтауды және шоғырландыруды, сондай-ақ трансшекаралық сауданы дамытуды қоса алғанда, заманауи сауда-логистикалық және тарату орталықтарын қалыптастыру;

      5) жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар, тораптар мен агрегаттар өндірісін, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру өндірістерін локализациялауды қоса алғанда, машина жасауды дамыту;

      6) электр жабдықтары, электрондық компоненттер, аспаптар, автоматтандыру жүйелері және цифрлық шешімдер өндірісін қоса алғанда, электротехникалық және электрондық өнеркәсіп салаларын дамыту;

      7) АЭА-ның тұрақты жұмыс істеуін және инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін индустриялық, сауда және сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру.

      3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасымен реттеледі.

      4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2-тарау. "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағын басқару

      5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

      6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттеледі.

4-тарау. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5-тарау. "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағының аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі

      9. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзит және болу тәртібі қолданылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген талапшарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. АЭА оны құру мерзімінің аяқталуына байланысты таратылған кезде Жамбыл облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның таратылатыны, оны таратуға байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағында орналасқан тауарларды өзге кедендік рәсімге қайта ресімдеу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етеді;

      3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен АЭА мерзімінен бұрын таратылған жағдайда осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдер сақталып, тарату рәсімі алты айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс.

      14. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Алатау" индустриялық
сауда-логистикалық
  кешені" арнайы
экономикалық аймағы
  туралы ережеге қосымша

"Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағының шекараларының жоспары

     



Р/с

Аймақтардың атауы:

Аумағы, гектар

1.

Өнеркәсіптік, индустриялық аймақ

100

2.

Сауда-логистикалық аймақ

65


Жиыны:

165


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2026 жылғы 21 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен
бекітілген

"Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

Р
 

Мақсаттар, міндеттер
және көрсеткіштер

Өлшем бірлігі*

2026 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
 

2031 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2036 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2041 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2046 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

2051
жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
 

млрд
теңге

30

140

300

380

460

550

1.1.

шетелдік инвестиция көлемі
 

млрд
теңге

15

80

180

220

260

300

1.2.

отандық инвестиция көлемі
 

млрд
теңге

15

60

120

160

200

250

2

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
 

млрд
теңге

80

280

600

750

900

1 050

3

Қатысушы (компания) саны
 

бірлік

15

60

150

190

230

260

4

Қосалқы қызмет түрлерін
 

адам

80

200

400

500

600

700

1

2

3

4

5

6

7

8

9


жүзеге асыратын тұлғалардың саны








5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
 

адам

800

2 800

7 000

8 500

10 000

11 500

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
 

%

60

68

80

81

83

85

      * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады