"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 197 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      162-4) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 162-10) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-10) бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 185-19) және 185-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "185-19) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      185-20) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады