Үкіметаралық келісімдер мен инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 178 қаулысы

      Үкіметаралық келісімдер мен инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде іске асырылатын электр энергетикасы саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының электр энергетикасы саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде үкіметаралық келісімдер мен инвестициялар туралы келісімдерді орындау үшін аккредитивтерді немесе банк кепілдіктерін шығаруы (беруі) жөніндегі шараларды қабылдасын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады