Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
633) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"633) темекі бұйымдары мен аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 633-1) және 633-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"633-1) өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;
633-2) өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;";
2) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
18), 18-1) және 18-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18) аяқ киім тауарларын қоспағанда, құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен қадағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
18-1) аяқ киім тауарларын қоспағанда, өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;
18-2) аяқ киім тауарларын қоспағанда, өз құзыреті шегінде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;";
218) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"218) аяқ киім тауарларын қоспағанда, тауарларды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
