"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 80 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы цифрлық объектілерді ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;";

      34-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы цифрлық объектілерді айқындау;

      36-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 17-тармағында көрсетілген адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін операторды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "68-1) кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2) және 72-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "72-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      72-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      72-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтінгтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі және оларды саралау қағидаларының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралауды жүргізу;";

      94) және 95) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 106-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "106-1) оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын, сондай-ақ оны ендіру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;";

      114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын, білім беруді басқару органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіпті мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 130-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "130-1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылатын мәліметтерді қорғау жөнінде шаралар қабылдау;";

      144) тармақша алып тасталсын;

      160) және 161) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "160) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру және жүргізу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

      161) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулерді жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және оның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындау;";

      162) және 163) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "162) Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      163) білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      168) және 169) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "168) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;

      169) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін біржолғы сыйақының мөлшерлерін бекіту;";

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдану;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) мынадай:

      бастауыш білім беру;

      негізгі орта білім беру;

      жалпы орта білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      рухани білім беру;

      кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын балаларға арналған қосымша білім беру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;";

      192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "192) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуді қамтымайтын қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;";

      193) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "193) білім беру ұйымдарын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастау;";

      195) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "195) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;";

      196) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "196) хабарлама жасау тәртібін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 198-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "198-1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту;";

      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "199) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;";

      200) тармақша алып тасталсын;

      201) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "201) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 213-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "213-1) балалардың құқықтарын қорғау саласында жоспарлы тексеруді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту;";

      216-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "216-1) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 216-2), 216-3), 216-4), 216-5) және 216-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "216-2) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      216-3) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      216-4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудан өту қағидаларын, сондай-ақ оны өту мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      216-5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган қызметкерлерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету және оны кию қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      216-6) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      234-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "234-3) білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      234-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "234-6) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік негіздері мен саламатты өмір салтын дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;";

      235-38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "235-38) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 235-44) тармақшамен толықтырылсын:

      "235-44) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мәселелерінде жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 235-45) тармақшамен толықтырылсын:

      235-45) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің өзара іс-қимыл жасауы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерін тексеруді жүзеге асыру.".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы абзацтарын;

      3) 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он алтыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші абзацтарын;

      4) 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші абзацтарын;

      5) 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші, елуінші, елу бірінші, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші абзацтарын;

      6) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады