Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 4,24 гектар жер учаскесі өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін қорғаныс мұқтажына арналған объектілерді жайластыру үшін "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 10 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, |
орман | орман көмкермеген | оның ішінде: | |
шабындықтар | жайылым | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 4,24 | 1,1 | 0,4 | 0,7 | 2,04 |
Барлығы: | 4,24 | 1,1 | 0,4 | 0,7 | 2,04 |