"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-4-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.";

      3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган ЖҒТК-ның жұмыс органы болып табылады.";

      5-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мемлекеттік органдардың нысаналы технологиялық бағдарламаларды бекіту және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төрағаның орынбасары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      3, 5, 17 және 40-тармақтар алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Мәдениет және ақпарат министрі.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша).";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады