Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1213 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының Талдықорған қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының мәслихаттары мақұлдаған Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспарының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы бекітілсін.

      2. "Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1213 қаулысымен
бекітілген

Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)

1-тарау. Негізгі ережелер

      Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      Бас жоспар "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ қала құрылысын жобалау саласына жататын өзге де заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген.

2-тарау. Бас жоспардың мақсаты

      Бас жоспар қала аумағын қала құрылысы тұрғысынан дамыту стратегиясын, оңтайлы жоспарлау құрылымының бағыттарын және аймақтардың аумақтарын пайдалануға қойылатын функционалдық шектеуді, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық қызмет көрсету жүйесін, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту қағидаттарын; инвестициялық процестерді ұзақмерзімді жоспарлауды дамыту, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік жабдықтау жүйесін дамыту, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау мен абаттандыру, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілері мен қоршаған ортаны қорғау шараларын айқындайды.

      Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:

      бастапқы жыл – 2024 жыл;

      бірінші кезек – 2032 жыл;

      есепті мерзім – 2050 жыл.

      Бас жоспарды "АТС ГРАД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1:10000 масштабындағы топографиялық түсірілім негізінде әзірледі.

      Бас жоспардың негізгі мақсаты – қаланы орнықты дамыту және қазіргі тұрғындар мен болашақ ұрпақ үшін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, кеңістіктік және қала құрылысы тұрғысындағы міндеттерді кешенді шешу мен қазіргі даму үрдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып заманауи қаланы дамытуға негізделген тыныс-тіршілікке қолайлы орта қалыптастыру.

      Бас жоспарда өз шешімін тапқан негізгі міндеттер:

      1) алдыңғы Бас жоспар идеяларының сабақтастығын сақтау;

      2) күрделі және тарихи құрылысты барынша сақтап, қаланың қазіргі сәулет-жоспарлау құрылымын жетілдіру;

      3) қала тұрғындарының тұрмысы мен тіршілік ету ортасын жақсарту;

      4) бос аумақтарда тұрғылықты орта элементтерін қалыптастырумен бірге жаңа тұрғын үй құрылысын орналастыру;

      5) қаланың орталық бөлігіндегі аз қабатты тозған тұрғын үйлерді есепті мерзімге дейін орташа қабатты құрылысқа арнап реконструкциялау;

      6) халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық түрлерін дамытумен қоса қалалық қоғамдық орталықтар жүйесін дамытуды жалғастыру;

      7) көгалдандырудың бірыңғай жүйесін жасау: рекреациялық аймақтар, саябақтар, желекжолдар, гүлзарлар, санитариялық-қорғау аймақтарын көгалдандыру;

      8) қалалық жаңа магистральдар, көпірлер, жолөткелдер салу және барлық көлік түрлерінің материалдық-техникалық базасын дамыту негізінде қаланың бірыңғай көлік желісін дамыту және жетілдіру;

      9) қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, жетілдіру және жаңғырту;

      10) қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру іс-шараларын жүргізу;

      11) тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау;

      12) табиғи ресурстарды, жер қойнауын және жануарлар дүниесін ұтымды пайдалану.

      Техникалық тапсырмаға сәйкес "Талдықорған қаласының бас жоспары. Түзету" жобасы ауданы 17,57 мың га жобалау ауданына әзірленген. Көрсетілген аумақ Талдықорған қаласының қазіргі шекарасын және қала аумағын дамытудың нақты перспективалы аймақтарын қамтиды.

      Бас жоспар жобасында тұрғын үй аумағы мен қоғамдық-іскерлік, өнеркәсіптік, рекреациялық, сондай-ақ инженерлік-көліктік инфрақұрылым аймақтары пысықталды, бұл 2050 жылға дейінгі есепті мерзімге қаланы дамытудың жоспарлы аумағына сәйкес келеді.

      Көрсетілген аумақтың құрамына қаланың әкімшілік аумағының ауыл шаруашылығы алқаптары, жарамсыз жерлер, қорғалатын және арнайы аймақтар, су объектілері және т.б. енгізілмеді, себебі олар елді мекеннің Бас жоспары құрамында қала құрылысы тұрғысынан егжей-тегжейлі пысықтау объектісі болып табылмайды.

      Жаңадан әзірленген бас жоспар бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына сәйкес қала әкімдігі қаланың шекарасын бекіту мәселесін және қала аумағының әкімшілік бағыныстылығын қайта қарауы қажет.

3-тарау. Жалпы мәліметтер

      Талдықорған қаласы (бұдан әрі – қала) Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және Жетісу облысының әкімшілік орталығы болып табылады.

      Қала аса маңызды көліктік ішкі бағыттардың белдеуінде стратегиялық орын алады: қала арқылы республикалық маңызы бар "Алматы — Өскемен" автомобиль жолы өтеді.

      Қалада Талдықорған теміржол станциясы мен Талдықорған әуежайы жұмыс істейді, олар қаланың елдің өзге өңірлерімен көліктік өзара байланысын қамтамасыз етеді. Қала облыс орталығы ретінде облыс шеңберіндегі шаруашылық қызметті ұйымдастыруға және өндірістік тұрғыдан қамтамасыз етуге, осы аумақта тұрып жатқан халықтың өмір сүруіне қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға бағытталған функцияларды орындайды.

4-тарау. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық жағдай

      Тектоникалық тұрғыдан зерттеліп отырған аумақтың басым бөлігі тау ішіндегі Талдықорған ойпатының шегінде орналасқан, бұл ойпат оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы жотасының солтүстік-батыс сілемдерімен шектесіп жатыр. Мұнда палеозой дәуірінде қалыптасқан тау жыныстары мен тау бедерінің аласа төбелері кең таралған. Тау ішіндегі ойпат қуаты 200 метрге жуық неоген-төрттік шөгінділерден қалыптасқан.

      Аудан климаты күрт континенталды, тәуліктік және жылдық ауа температурасы көп ауытқиды. Талдықорған қаласының климаттық жағдайына тән ерекшелік – жылдың жылы мезгілінің ұзақ болуы (тау бөктеріндегі аймақта орташа тәуліктік температура 0°C-тан жоғары болатын кезең шамамен 8 айды құрайды). Жазы ыстық, ал қысы бірқалыпты суық әрі жұмсақ. Ылғалды жылдардың құрғақшылық және қуаңшылық кезеңдерімен алмасып тұруы сирек емес.

      Аймақтағы ендік бойымен созылып жатқан биік жоталар жүйесі солтүстік және оңтүстік ауа легінің еркін қозғалысына табиғи тосқауыл болады. Жел бағыты негізінен солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталады.

5-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму

1-параграф. Демография

      2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жетісу облысының статистика департаментінің деректеріне сәйкес Талдықорған қалалық әкімшілігіне қарасты халық саны 204 059 адамды құрады.

      Оның ішінде Талдықорған қаласының өзінде 169 444 адам, ал ауылдық жерде (Еркін және Өтенай ауылдық округі) 34 615 адам тұрады.

      Сонымен қатар Талдықорған қаласы әкімдігінің деректеріне сәйкес қала маңындағы урбанизация үрдістерінің дамуына байланысты шамамен 18 696 адам тұратын саяжай алаптары қалыптасқан.

      Халық санының әр кезеңдегі өсу қарқынына сүйене отырып, Талдықорған қаласының халық санының болжамды көрсеткіштері есептелді.

      Нәтижесінде осы жобадағы техникалық-экономикалық есеп-қисап үшін қабылданған Талдықорған қалалық әкімшілігіне қатысты жобалық халық саны мынадай:

      бірінші кезекке – 232,0 мың адам;

      есепті мерзімге – 300,0 мың адам.

      Оның ішінде Талдықорған қаласының болжамды халық саны:

      бірінші кезекке – 193,0 мың адам;

      есептік мерзімге – 252,0 мың адам.

      Оның ішінде қала әкімшілігінің ауыл тұрғындарының аумақтағы болжамды саны:

      бірінші кезекке – 39,0 мың адам;

      есепті мерзімге – 48,0 мың адам.

2-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Бастапқы жылға қала құрылысы тұрғысынан игеруге арналған тұрғын үй құрылысы мен қоғамдық құрылыс салынатын аудан 3970 га құрайды, 2050 жылға қарай селитебті аумақ ауданы 5200 га дейін ұлғаяды.

      "Жетісу облысының тұрғын үй қоры туралы" 2023 жылғы статистикалық деректерге сәйкес Талдықорған қалалық әкімшілігінің тұрғын үй қоры 4179,3 мың м² құрады.

      Аталған жинақтың деректеріне сүйенсек, тұрғын үй қорының жалпы көлемінің шамамен 48,6 %-ы (2031,2 мың м²) 1991 жылға дейін салынған. Салыстырмалы түрде көп бөлігі – 33,1 %-ы (1384,6 мың м²) – 2010 жылдан бері салынған.

      Талдықорған қаласындағы тұрғын үй қоры негізінен жеке тұрғын үй құрылысынан тұрады, бұл қолданыстағы тұрғын үй қорының 49,9 %-ын құрайды. Аз қабатты үйлердегі тұрғын үй қорының үлес салмағы 1,7 %, орташа қабатты үйлер – 39,1 %, көпқабатты үйлер – 9,2 %. Бүгінгі күні бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 20,5 м² құрайды.

      Талдықорған қаласында тұрғын үй құрылысына деген сұраныс орташа қамтамасыз етілу нормасына сүйене отырып, бірінші кезекте бір адамға 25,0 м², ал есепті мерзімде 30,0 м² құрайды деп айқындалған.

      2030 жылға қарай тұрғын үй қоры 5811,2 мың м²-ге дейін ұлғайып, халық саны 232 мың адамға дейін өседі деп күтілуде, бұл 25,0 м²/адам көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      2050 жылға қарай тұрғын үй қорының 9086,9 мың м²-ге дейін, ал халық санының 300 мың адамға дейін өсуі болжануда. Бұл қазіргі заманғы жайлы өмір сүру нормаларына сәйкес бір адамға шаққанда 30,3 м² тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

3-параграф. Білім беру

      Мектепке дейінгі ұйымдарда орын саны жетіспейтінін ескере отырып, бірінші кезекте мемлекеттік желі бойынша жалпы 3840 орынға арналған 12 балабақша салу жоспарлануда, атап айтқанда, солтүстік-шығыс жоспарлау ауданында әрқайсысы 320 орындық 2 балабақша, солтүстік-батыс жоспарлау ауданында 320 орындық 2 балабақша, оңтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 320 орындық 2 балабақша, оңтүстік-батыс жоспарлау ауданында 320 орындық 6 балабақша салу ұсынылады.

      Сонымен қатар 2060 орынды немесе шамамен 20 балабақшаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ұйымдастыру ұсынылып отыр.

      Есепті мерзімге қарай мемлекеттік желі бойынша жалпы 5880 орынға арналған 21 балабақша салу жоспарланған, оның ішінде солтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 320 орындық 1 балабақша, солтүстік-батыс жоспарлау ауданында әрқайсысы 180 орындық 6 балабақша, оңтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 320 орындық 3 балабақша, оңтүстік-батыс жоспарлау ауданында 320 орындық 7 балабақша, орталық жоспарлау аймағында 320 орындық 4 балабақша салу жоспарланып отыр.

      Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) желісі бойынша 8131 орынға арналған 40 балабақша салу ұсынылады.

      Жалпы білім беретін мектептер бойынша бірінші кезекте жалпы 12 050 орынға арналған 8 мектеп салу, сондай-ақ 300 орындық бір мектепті кеңейту жоспарланған, атап айтқанда, 150 орындық IT-мектеп, солтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 2000 орындық 1 мектеп, солтүстік-батыс жоспарлау ауданында 1500 орындық 1 мектеп, оңтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 1500 орындық 2 мектеп, коттеджді қалашықта 900 орындық 1 мектеп салу, "Білім-инновация" лицейін 300 орынға кеңейту, оңтүстік-батыс жоспарлау ауданында 1500 орындық 3 мектеп салу көзделген.

      Есепті мерзімге қарай жалпы 23 900 орынға арналған 15 мектеп салу жоспарланып отыр, атап айтқанда, солтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 1500 орындық 1 мектеп, солтүстік-батыс жоспарлау ауданында 1200 және 1500 орындық 2 мектеп, орталық жоспарлау ауданында 2000 орындық 2 мектеп, оңтүстік-шығыс жоспарлау ауданында 2000 орындық 2 мектеп, оңтүстік-батыс жоспарлау ауданында 1500 орындық 7 мектеп салу көзделген.

      Сонымен қатар орталық жоспарлау ауданындағы қолданыстағы 9 мектепті жиыны 3074 орынға кеңейту қарастырылған.

      Бұл ретте есепті мерзімге қарай мектептерде бір ауысыммен оқытуды қамтамасыз ету көзделеді.

      Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында мектептен тыс білім беру ұйымдары бойынша жалпы 11 объект салу ұсынылады, оның ішінде оқушылар сарайлары, шығармашылық үйлері және басқа да мекемелер бар.

4-параграф. Денсаулық сақтау

      Жалпы қаланың денсаулық сақтау ұйымдарымен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары, бұл бүкіл облыс халқына қызмет көрсету үшін көпсалалы ірі ауруханалардың қала аумағында орналасуына байланысты. Осыған орай осы жобада қала тұрғындарын денсаулық сақтау объектілерімен біркелкі қамту мақсатында емханалар желісін нүктелі дамыту көзделген. Мәселен, жобада құрылыстың бірінші кезегіне жалпы қуаты бір ауысымда 1100 келуші болатын 5 емхана, ал есепті мерзімде жалпы қуаты 1500 орын болатын 5 емхана орналастыру ұсынылады.

      Бұдан бөлек, қалалық басқару органдары 210 орындық онкологиялық диспансер салуды жоспарлап қойды.

      Сондай-ақ жобада есепті мерзімге қарай оңтүстік-шығыс жоспарлау аумағында 576 орындық психоневрологиялық интернат салу ұсынылады.

5-параграф. Экономикалық қызмет

      Талдықорған қаласының экономикалық базасы – әртараптандырылған өнеркәсіптік-энергетикалық кешен, мұнда халықты жұмыспен қамту мен қала экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі салалардағы кәсіпорындар шоғырланған.

      Қаланың өнеркәсіптік негізгі кәсіпорны – автомобильдерге, ауыл шаруашылығы техникасы мен әскери техникаға арналған аккумуляторлар батареяларын өндіретін ең ірі "Қайнар АКБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын жылына 3,6 млн дейін аккумулятор шығарып, өңірдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі ретінде 1212 адамды жұмыспен қамтып отыр.

      Энергетикалық құрылысқа арналған темірбетон бұйымдарын шығарумен айналысатын "Темірбетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жылдық қуаты 189 мың тонна, жұмысшылар саны 639 адам), сонымен қатар электр беру желілері мен телекоммуникациялық инфрақұрылымға арналған металл конструкцияларын шығаратын "Интеграл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Метакон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де маңызды орын алады (жылдық қуаты тиісінше 17,2 тонна және 20 мың тонна).

      Маңыздылығы жағынан кем түспейтін кәсіпорын – Талдықорған кәбіл зауыты, бұл зауытта қуат беру және басқару кәбілдері, оқшауланған және броньды сымдар сияқты кең ауқымды кәбіл-өткізгіш өнімдері шығарылады. Бұл кәсіпорында 190 адам жұмыс істейді.

      Сондай-ақ қалада электр есептегіштер мен басқа да өнім шығаруға маманданған "Электр құралдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді (жылдық қуаты 100 мың электр есептегіш және 1,86 миллион дана түрлі аспап).

      Жеңіл өнеркәсіп саласында "Ажар" тоқыма фабрикасы жұмыс істейді, онда жылына 150 мың данаға дейін тігін бұйымдары шығарылып, 200 адам жұмыспен қамтылған.

      Азық-түлік саласында "JLC Сүт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді, сүт зауыты жылына 25 мың тоннаға дейін өнім өндіріп, 239 адамды жұмыспен қамтып отыр.

      Энергетика және коммуналдық көрсетілетін қызметтер:

      "ТАТЭК" акционерлік қоғамы мен "Теплосервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны энергетика секторындағы аса ірі ойыншылар болып табылады. Біріншісі (қуаты 301 МВт, жұмыскерлер саны 1462 адам) жылу энергиясын таратумен, ал екіншісі (қуаты 457,9 Гкал/сағ, жұмыскерлер саны 845 адам) жылу энергиясын өндірумен және таратумен айналысады.

      Электр энергиясын жеткізу қызметін "Жетісу-Энерготрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орындайды.

      Коммуналдық секторда қаланы сумен жабдықтайтын және су бұрумен қамтамасыз ететін "Жетісу су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жұмыс істейді, ол тәулігіне 104 мың м³ су жеткізіп, 36 мың м³ сарқынды суды тазартады. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны 370 адам.

      "Инфраэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарылыстан қорғалған төзімді электр жабдықтарын, басқару панельдерін, сигнал беру және аварияға қарсы қорғану жүйелерін шығарады. Жылдық өндірістік қуаты 1000 панель, персоналының саны 266 адам.

      Осылайша, Талдықорған қаласының экономикасы аккумуляторлар, кәбіл және электр техникалық өнімдері, металл конструкциялары, сүт өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ энергетика мен коммуналдық сектор сияқты негізгі бағыттардың үндестігін негізге алады. Бұл көпсалалы құрылым қаланың орнықты дамуын, тұрғындарды жұмыспен қамтуды және одан әрі индустрияландыру әлеуетін қамтамасыз етеді.

      Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басты мақсаты адами әлеуеттің жоғарылауына сайып келеді, ол жұмыспен қамтылу деңгейімен, халықтың әл-ауқатымен, экологиялық тұрмыс жағдайларының жақсаруымен айқындалады.

      Қазіргі салалардан басқа болашақ экономикасының баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн (қаржылық қызмет) және басқалары сияқты бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету қажет.

      Қаланың бас жоспарын әзірлеу сатысында Талдықорған қаласын дамытудың әлеуетті мүмкіндігін дұрыс бағалап, стратегиялық басымдықтарды анықтау, сондай-ақ материалдық ресурстар мен қаржы ресурстарын тиімді шоғырландыру арқылы сол мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдарын белгілеу — аса маңызды міндеттердің бірі.

      Экономиканы дамытудың Бас жоспарда көзделген басым бағыттары мынадай:

      өнімді өңдеу бөлу кезеңдерін ұлғайту үшін қолданыстағы қуатты өндірістік база негізінде жаңа салаларды құру;

      шағын және орта бизнес кәсіпорындарының көп бөлігінің қатысуымен тамақ, тоқыма, тігін және былғары өнеркәсібін одан әрі дамыту;

      туристер мен демалушыларға қызмет көрсетуде жоғары сервисті ұйымдастыруды көздейтін рекреациялық, атап айтқанда туристік инфрақұрылымды құру;

      жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарында өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының мұқтаждығы үшін кадр даярлайтын арнайы бөлімшелер ашу;

      құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығару бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында құрылыс кешенін құру және жаңаларын салу. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс жөніндегі бас жоспарда көзделген бағдарламаларды іске асыру мақсатында құрылыс-монтаж ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту;

      мемлекеттік даму бағдарламалары шеңберінде, оның ішінде "Талдықорған" индустриялық аймағының аумағында экспортқа бағдарланған жоғары технологиялы жаңа өндірістер құру;

      электр энергиясын өндіруді ұлғайту, өңірде баламалы энергетиканы дамытуды қолдау.

      Экспортқа бағдарланған индустрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуға тиіс. Ең алдымен өңдеу секторының экспорттаушыларын қолдауға назар аудару қажет. Сауда саясатына біздің тауарларымызды өңірлік әлемдік нарықтарға жылжытуға бағытталған сипат беру керек. Сонымен қатар халық тұтынатын тауарлардың кең спектрін игеру, қарапайым заттар экономикасын дамыту қажет.

6-тарау. Қала құрылысын дамыту

      Талдықорған қаласының аумақтық дамуы Бас жоспар жобасында белгіленген шекарада іргелес жатқан жерлерді тарту есебінен қала аумағын кеңейтуді көздейді. Қала аумағын игеруді құрылыстың бірінші кезегі мен есепті мерзім шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.

      Жер басымдықпен алып қойылатын аймақтарға бірінші кезектегі тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік және қоғамдық-іскерлік инфрақұрылым объектілерін,

      жоспарлау құрылымының байланысты болуын қамтамасыз ететін магистральдық көшелерді және жалпы қалалық маңызы бар көлік инфрақұрылымының өзге сондай-ақ көше-жол желісі мен инженерлік қамтамасыз ету элементтерін орналастыруға арналған жер учаскелері жатқызылған. Көрсетілген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу және сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен көзделеді.

      Қаланың де объектілерін орналастыру мен дамыту мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарына сәйкес алып қоюды көздейді.

      Қала құрылысы тұрғысынан игеру Бас жоспардың жобасында есепті мерзімге көзделген аумақтар резервтелетін аймақтарға жатқызылған. Аталған аумақтарды кезең-кезеңімен игеру басталғанға дейін олардың шекараларында шаруашылық қызмет пен құрылыс қызметін шектеу режимі белгіленеді, ол қала аумағын реттеп дамытуды қамтамасыз етуге және перспективалы құрылыс үшін аумақтық резервті сақтауға бағытталған.

      Талдықорған қаласы Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан, өзен қаланың негізгі табиғи жоспарлау белдеуі болып табылады және қаланы екіге бөліп жатыр. Өзен бойында:

      оңтүстік өнеркәсіптік аймақ (өзеннің ластануының негізгі көзі);

      қала орталығының шығыс бөлігі ("Қаратал" ш/а);

      қалалық рекреациялық аймақтар және т.б. орналасқан.

      "Алматы – Өскемен" автомагистралі қала үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін де аумақтық дамудың ең басты жоспарлау белдеулерінің бірі әрі көліктік күретамыры болып табылады. Бас жоспарды түзету жобасын әзірлегендігі қаланы кеңістікте дамытудың бірінші кезектегі идеясы, сондай-ақ ең басты құрамдасы екі жоспарлау белдеуінің дәл қиылысқан нүктесінде көлік инфрақұрылымын дамыту болды. Дәл осы жерде сыртқы көлік инфрақұрылымы мен логистика, халыққа қызмет көрсету объектілері және еңбекпен қамтудың ірі орындары шоғырланатын болады.

      Қаланың негізгі көлік қаңқасын Қ. Жалайыр даңғылы, Желтоқсан, Абылай хан, Қарағайлы, Б. Сүлеев, Ә. Әлімжанов, Н. Алдабергенов, Жапарбаев, Е. Сихимов, Т. Рүстембеков көшелері құрайды, ендік бағыттағы автомагистральдар: Астана, Н. Назарбаев даңғылдары, Қабанбай батыр, І. Жансүгіров, М. Төлебаев, Ш. Уәлиханов, Д. Рақышев, Д. Қонаев, Гаухар-ана көшелері құрайды.

      Қала шекарасының өзгеруіне байланысты қаланың ықпал ету аймағындағы кейбір елді мекендер қала әкімшілігіне қосылып, шағын аудандар ("Көктал" шағын ауданы) мәртебесіне ие болды, осыған байланысты жобада "Алмалы", "Ащыбұлақ" саяжай алаптарының шығыс бөлігін қамти өтіп, "Алматы–Өскемен" автожолының трассасын өзгерту қарастырылған. Бұл іс-шара, ең алдымен, транзиттік көліктің қалалық тұрғын аудандардың сыртынан қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын авариялық жағдайлардың және қала аумағы шегінде жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға бағытталған. Қала аумағының перспективада кеңеюіне жоспарлау тұрғысындағы сыртқы шектеуші факторлар:

      қаланың азық-түлік белдеуі болып табылатын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары (оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі),

      тау бөктері бөлігінің геологиялық тұрғыдан күрделі бедері мен Қаратал өзені, сондай-ақ Талдықорған қаласы әуежайының ҰҚЖ қорғау аймағы (солтүстік және шығыс бөліктері). Қаланың батыс бөлігінің перспективалы құрылымына қаланың осы бөлігіндегі ауылшаруашылық жерлерін сақтап қалу туралы шешім белгілі бір әсерін тигізді. Осыған байланысты қаланың батыс бөлігі солтүстік-батыс бағытта созылып жатқан жобалық жеке тұрғын алаптардың құрылымын иеленді, бұл алаптар қала үшін азық-түлік бағдарламасын қамтамасыз ететін және нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге өзгертілмейтін жеке шаруа қожалықтары жерлерінің жасыл қиындыларымен араласып жатыр. Талдықорған қаласының бас жоспарының қала құрылысы тұрғысындағы шешімдері, оның жоспарлау құрылымы, функционалдық аймақтарға бөлінуі және бұл аймақтардың аумақтарын пайдалануды шектеу қаланың қазіргі жай-күйі, аумақтарды қала құрылысы тұрғысынан кешенді бағалау негізінде әзірленді. Қаланың ұсынылып отырған дамуы сәулет-жоспарлау шешімдерінің нұсқаларын, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру негізінде оны функционалдық тұрғыдан ұтымды пайдалану мүмкіндігін ескере отырып таңдалды. Бұл ретте қала құрылысы шекарасының ішінде де, қала әкімшілігі жерлерінің шекарасында да әрқилы құрылыс түріне арналған жер учаскелерінің барлық бөліністері, сондай-ақ Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын – қала айналасындағы азық-түлік белдеуін іске асыру мақсатында шаруа және фермер қожалықтарына берілген жерлер ескерілді. Қаланың рекреациялық объектілері қала құрылысына енген қаланың солтүстік бөлігінде (орман саябағы) шоғырланған. Талдықорған қаласының жоспарлау құрылымы негізгі композициялық белдеулерден – І. Жансүгіров көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының жалпықалалық маңызы бар ендік екі магистралінен және меридиандық бағытта өтетін жалпықалалық магистральдар – Алматы қаласы жағынан кіретін магистральдардан, Желтоқсан және Абай көшелерінен тұрады.

      Қазіргі бір қабатты құрылыс орамдарының периметрлік құрылысының тарихи қалыптасқан аудандарының сол күйі қалатын бөлігі және шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерінің көпқабатты құрылысы, сондай-ақ негізгі магистральдар мен сыртқы жолдарға шығатын жолдардың көліктік қаңқасы жоспарлау құрылымына негіз болды. Тұрғын үй құрылыстары мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және инженерлік-көліктік қамтамасыз ету ұйымдастырылған көпқабатты үйлер мен орташа қабатты құрылыстың кезектесуімен сипатталады.

      Сондай-ақ Бас жоспарда қаланың айналасында орналасқан саяжай алаптарының мәртебесін жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлер деп өзгерту туралы шешім қабылданды, ал "Сарыбұлақ" саяжай алабы әуежайдың қорғау аймағында болуына байланысты бұл шешім оған қатысты болмайды. Бұл саяжай алабының мәртебесі болашақта өзгеріссіз қалады.

      Жобада барлық функционалдық аймақтар жүк және көлік легін қайта бөлу, көлік айрықтары, қоғамдық-тұрмыстық және техникалық қызмет көрсету кешендері арасындағы ыңғайлы көлік байланысын қамтамасыз етуі көзделген.

7-тарау. Көлік инфрақұрылымы

      Жалпы қалалық маңызы бар магистральдар қаланың көше-жол желісі жүйесінің қаңқасы әрі ең көп жүктеме түсетін магистральдар болып табылады. Сонымен қатар бұл магистральдардың қала маңындағы автомобиль жолдарына қосылады.

      Жалпы қалалық және аудандық маңызы бар негізгі көлік күрежолдары:

      Н. Назарбаев даңғылы – қаланың басты ендік көшесі, оның бойында қаланың қоғамдық орталығы қалыптасқан. Шығыста ол Қаратал өзеніндегі көпір арқылы қаланың негізгі өзегін Еркін ауылымен байланыстыратын автожолға өтіп, одан әрі Алматы – Өскемен айналма магистраліне қосылады.

      Қаланың ендік қатынасына І. Жансүгіров көшесі де кіреді, ол Алматы қаласынан қалаға қарай кіретін жолды орталықпен байланыстырып, ары қарай Қаратал өзеніндегі жаңа көпір арқылы автомобиль легін айналма жолға шығарады, бұл көшеге бұқарлықа жолаушылар көлігінен айтарлықтай жүктеме түседі.

      Ғ. Сланов көшесі орталықтағы аз қабатты құрылысты жағалаудағы аудандармен байланыстырады және Абылай хан көшесі арқылы оңтүстік бағытта қаланың Текелі қаласымен тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

      Желтоқсан, Абай көшелері меридиандық бағыттағы негізгі көлік тораптары болып табылады, сондай-ақ көлік легін қаладан оңтүстік бағытқа шығарады. Желтоқсан көшесі арқылы қалааралық автобустардың қалаға кіріп-шығуы жүзеге асырылады.

      Шевченко көшесі қаланың орталық бөлігінің теміржол станциясымен және автовокзалмен көліктік қатынасын жүзеге асырады.

      Сонымен қатар өзеннің арғы жағындағы қаланың шығыс бөлігіндегі Центральная көшесі ірі күрежол болып табылады, ол Шығыс өнеркәсіптік аймағы мен "Шығыс" шағын ауданын қаладан Еркін ауылы арқылы солтүстікке шығатын жолмен байланыстырып, оңтүстік бағытта автомобиль легін айналма жолға шығарады.

      Қаланы темір жол мен Қаратал өзені бөліп жатыр, сондықтан қаладағы кейбір аудандар мен өнеркәсіп тораптары арасындағы қатынас жүзеге асырылатын жасанды құрылыстардың (эстакадалар, көпірлер) маңызы зор.

      Қалалық әкімшілік шекарасындағы қала ішіндегі көшелер мен жолдардың, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автожолдардың қазіргі көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 499,8 км-ді құрайды, оның 78,0 %-ы – қалалық көшелер, 22,0 %-ы – автожолдар.

      Қаланың көше-жол желісін перспективалы дамыту.

      Перспективалы көше-жол желісін әзірлеу барысында өнеркәсіптік аймақтардың, тұрғын үй алаптарының, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің, саяжай алаптарының орналасуы ескерілді. Қалыптасып қалған көше-жол желісін барынша пайдалану көзделді. Тұрғын аудандар мен өнеркәсіптік аудандар арасында ұтымды көлік қатынасын құруға, жалпы қала орталығымен, тұрғын аудандардың орталықтарымен, сыртқы көлік объектілерімен байланысқа ерекше назар аударылады.

      Айналма автожолға, одан әрі сыртқы автожолдарға апаратын жалпықалалық магистральдардың қолданыстағы қаңқасы көше жол желісін жоспарлауға негіз болды.

      Атап айтқанда, бұл Бас жоспарда қаланың мына көшелерін салу, ашу және кеңейту жоспарланған:

      Қаланың шығыс бөлігін батыс бөлігімен байланыстыратын және қаланы солтүстік бөлігінен айналып өтуді қамтамасыз ететін айналма автожолдың "Солтүстік" бөлігінің құрылысы. Бұл жолдың ұзындығы 13,8 км құрайды. Жобаланған автожол Талдықорған – Үштөбе тас жолынан басталып, одан әрі шығысқа қарай Талдықорған – Өскемен автожолына шығады. Жобаланған автожолдың кей жерлерінде тұрғын үйлерді сүріп тастау көзделеді.

      Қаланың шығыс бөлігінде айналма автожол салу "Көктал" шағын ауданын айналып өтуге мүмкіндік беріп, сол арқылы Балықты өзені арқылы өтетін көпір салумен оны ұзындығы 8,5 км қала құрылысына қосады.

      Қаланың шығыс және батыс бөлігін қосуға мүмкіндік беретін ұзындығы 12,8 км В. Чкалов көшесін өткізу және кеңейту. Көше өткізу перспективада қаланың солтүстік бөліктерінен шығыс және батыс бағытта көлікпен жүріп өту мүмкіндігін арттырады, қазіргі уақытта бұл бағыттағы қозғалыс қаланың орталық көшелері арқылы жүзеге асырылып, олардың жүктемесін арттырып отыр.

      Д. Қонаев көшесін темір жол арқылы өткел ұйымдастыра отырып, ұзындығы 400 метр Абылай хан көшесіне дейін өткізу.

      Д. Рақышев көшесін темір жол арқылы өткел ұйымдастырып ұзындығы 384 метр Абылай хан көшесіне дейін өткізу. Бұл екі шара қазіргі уақытта қаланың өнеркәсіптік аумағының жолдарындағы кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

      Қаратал өзені арқылы ұзындығы 1,8 км көпір салып, Покрышкин көшесін өткізу және кеңейту. Бұл шара қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұрғын үй алаптарын шығыс және батыс бағыттағы бөлікпен қосуға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта байланыс Жансүгіров көшесі арқылы жүзеге асырылады.

      Еркін ауылының ішіндегі перспективалы құрылыс салынатын ауданда ұзындығы 2 км екі көше салу.

      Қаланың солтүстік бөлігіндегі жобаланған саябақ ішінде ұзындығы 2,4 км автожолдар салу.

      Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясына, солтүстік айналма жолға апаратын ұзындығы 2 км болатын көше өткізу.

      Өткізілетін В. Чкалов көшесі мен ұзындығы 1,8 км болатын қаланың солтүстік бөлігінің көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік беретін жобаланатын солтүстік автожолды жалғайтын автожол салу.

      Қаланың солтүстік-батыс бөлігімен оңтүстік-батыс бөлігінің қатынасын қамтамасыз ету үшін ұзындығы 22,2 км автожолдар тобының құрылысы.

      І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы мен ХҚКО арасынан қалалық алаңнан оңтүстікке қарай өтетін, Абай мен Ақын Сара көшелерін жалғайтын ұзындығы 265 метр жол бөлігін салу.

      І. Жансүгіров көшесі мен Н. Назарбаев даңғылын (ұзындығы тиісінше 7,1 км және 6 км) жалпықалалық маңызы бар 6 жолақты магистральдық көшені реконструкциялау.

      Алматы тас жолы мен коттедж қалашығына апаратын жолдың қиылысында магистральдық жолдың қолданыстағы учаскесін түзету.

      Ұзындығы 10 км батыс айналма жол салу.

      Бұдан басқа, көше-жол желісі қазіргі және жаңадан салынатын құрылыс аймақтары мен іргелес Еңбек, 3-ші бөлімше, Өтенай, Көктал ауылдарында өткізілген магистральдық жол учаскелерімен толықтырылады.

      Осы магистральдардың бәрі ендік және меридиандық бағытта қала арқылы өтіп, жобада көзделген айналма жолмен тұйықталады.

      Жобалық шешімдерге сәйкес көлік және жол инфрақұрылымын дамыту негізгі түйінді объектілер санын біртіндеп ұлғайтуды көздейді.

      Есепті мерзімге қарай көлік желісінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыру жоспарланып отыр, бұл мақсатта екі деңгейлі төрт көлік айрығын салу көзделген, қазіргі таңда қалада біреуі жұмыс істеп тұр, ал бірінші кезекте тағы біреуін салу жоспарланған.

      Көпір саны да көбейтілетін болады: қазір 14 көпір бар, бірінші кезеңде 15-ке дейін, ал есепті мерзімге қарай 17-ге дейін жеткізу жоспарланған.

8-тарау. Инженерлік инфрақұрылым

1-параграф. Сумен жабдықтау

      Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында шаруашылық-ауызсу, өртке қарсы және өнеркәсіптік мақсаттағы сумен жабдықтайтын бірыңғай орталықтандырылған жүйе жұмыс істейді.

      Жобада қала аумағында ауызсумен және өртке қарсы сумен жабдықтаудың біріктірілген орталықтандырылған жүйесін сақтап қалу және одан әрі дамыту ұсынылады.

      Орташа тәуліктік су тұтынудың есепті көлемі бірінші кезекте 41992 м³/тәул., ал есепті мерзімге 58472 м³/тәул. құрайтын болады.

      Сумен жабдықтау жүйесін дамытуды іске асыру әдістері

      Талдықорған қаласының бас жоспарында сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін:

      1. Талдықорған қаласының бас жоспарын іске асыру мерзімдеріне сәйкес I кезек аяқталғанға дейін мына шаралар көзделген:

      жерасты суларын залалсыздандыру және су дайындау жүйелерін реконструкциялау;

      су дайындау жүйесін жобалау және салу;

      авариялық күйдегі, сондай-ақ пайдалану мерзімі өтіп кеткен қолданыстағы су құбырларын реконструкциялау;

      ұзындығы 44,5 км жаңа су құбыры желілерін салу (бірінші кезеңге жалпы ұзындығы 654,1 км құрайды);

      сумен жабдықтаудың жерасты көздері мен су құбыры құрылысжайларының санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жобаларын әзірлеу;

      сумен жабдықтаудың жерасты көзі мен су құбыры құрылысжайларының жобада белгіленген санитариялық қорғау аймақтарының аумағында шектеу іс-шараларын ұйымдастыру;

      су құбырларын салу және жөндеу кезінде өрт сөндіру гидранттарын орнату;

      халыққа берілетін ауызсу сапасын мониторингілеу жөніндегі одан арғы іс-шаралар.

      2. Талдықорған қаласының бас жоспарын іске асырудың есепті мерзімі аяқталғанға дейін:

      су жинау құрылысжайлары аумағында қосымша таза су резервуарларын, 2-ші және 3-ші көтергіш сорғы станцияларын салу;

      ұзындығы 35,6 км жаңа су құбыры желілерін салу (есепті мерзімде жалпы ұзындығы 689,7 км құрайды);

      су құбырларын салу және жөндеу кезінде өрт сөндіру гидранттарын орнатуды ұйымдастыру;

      су тұтынуды есепке алу жүйесін ұйымдастыру.

2-параграф. Су бұру

      Талдықорған қаласының қазіргі су бұру жүйесі ҚР ҚН 4.01-03-2011 6.1.1-тармағына сәйкес орталықтандырылған, біріктірілген (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды су), өздігінен ағып кететін және тегеурінді коллекторлармен, КСС-мен және тазарту құрылысжайларымен жабдықталған.

      Қалалық кәріз желілеріне қосылмаған болса, жеке тұрғын үйлердегі септиктер мен жергілікті тазарту құрылысжайларынан тұрмыстық сарқынды суды сорып шығару вакуумдық (пневматикалық) жүктемесі бар ассенизациялық көлік арқылы жүргізіледі, мұндай су кейін кәріз жүйесінің құдықтарына немесе қала сыртындағы шұңқырлар мен сайларға төгіледі.

      Орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылған ғимараттар мен құрылысжайлардан шыққан шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су өздігінен ағатын коллекторлар желісі арқылы жиналып, тазарту құрылысжайларына жеткізіледі.

      Қазіргі таңда тәуліктік сарқынды су көлемі 25,4 мың м³ құрайды. Бұл көлемнің ішінде тұрғын ғимараттар мен қоғамдық ғимараттардан түсетін 24,7 мың м³/тәул., сондай-ақ өнеркәсіптік объектілерден түсетін 0,74 мың м³/тәул. көлеміндегі сарқынды су да ескерілген.

      Жобада Талдықорған қаласының кәріз желілеріне қосылмаған тұрғын объектілері мен қоғамдық мақсаттағы объектілерін орталықтандырылған су бұру жүйесіне біртіндеп қосу көзделген.

      Сарқынды судың есепті көлемі:

      қазіргі жағдай бойынша – 25 443 м³/тәул.,

      бірінші кезекке – 41 992 м³/тәул.,

      есепті мерзімге – 58 472 м³/тәул.

      Жабдықтардың тозуына, санитариялық нормаларға, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарға сай келмеуіне және қала шегінде орналасуына байланысты қолданыстағы кәріздік тазарту құрылысжайларын (КТҚ) жабу және оларды тұрғын үй құрлысы салынатын аймақтардан тыс жерге көшіру жөніндегі іс-шаралар көзделген. Жаңа КТҚ алаңын санитариялық-қорғау аймағының сақталуын, технологиялық нормативтер қолданыстағы су бұру желілеріне қосылу мүмкіндігін ескеріп орналастыру жоспарланған.

      Жаңа кәріздік тазарту құрылғыларын салу үшін Талдықорған қаласының шекарасынан тыс солтүстік-батыс бағытта 6 км қашықтықта орналасқан аумақ ұсынылады.

      Жобада қаланың су бұру жүйесін біртіндеп дамыту және жаңғырту көзделген:

      Биылдан бастап қаланың Бас жоспарын іске асырудың 1-ші сатысына дейінгі кезеңде:

      Су бұрумен қамтамасыз етілмеген аудандарда ұзындығы 156,1 км болатын, өздігінен ағып кететін және тегеурінді жаңа желілер салу есебінен жаңа абоненттерді қосу (бірінші кезекте жалпы ұзындығы 520,5 км болады).

      Өткізу қабілеті жеткіліксіз (55 % тозған) кәріз құбырлары учаскелерін ауыстыру.

      Жабдықты ауыстыру және тазарту технологиясын жақсарту есебінен қолданыстағы кәріздік тазарту құрылысжайларының қуатын тәулігіне 36 мың м³-ден тәулігіне 50 мың м³ дейін арттыру.

      Жұмыс істеп тұрған КТҚ-ға іргелес аумақта модульдік станция орнатып, ассенизаторлық көліктен сарқынды суды ресми қабылдауды ұйымдастыру.

      Энергетикалық тиімділік пен сенімділікті арттыру мақсатында барлық КТҚ сорғы жабдықтары мен басқару жүйелерін жаңғырту.

      Перспективада қосылатын аймақтарда қолданыстағы коллекторларға қосылу үшін ревизиялық құдықтармен жабдықталған қосылу нүктелерін белгілеу.

      Қаланың Бас жоспарын іске асырудың 1-ші сатысынан бастап есепті мерзімге дейінгі кезеңде:

      Қала шегінен 6 км қашықтықта 300 м санитариялық аймақты ескеріп қаланың солтүстік-батыс бөлігінде қуаты 60 мың м³/тәул. жаңа кәріздік тазарту құрылысжайларын тұрғызу.

      КТҚ кешенінің құрамында төгу станциясы (автоассенизаторлық көліктен түсетін сарқынды суды қабылдау) көзделеді. Аталған объект үшін "Тіршілік ету ортасына және адам денсаулығына әсерін тигізетін объект болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймағын белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" СҚ-ға сәйкес нормативтік 300 м СҚА белгіленеді, оны сақтау міндетті.

      КТҚ кешені үшін СҚА-ның I (қатаң режим), II және III белдеулерінің өлшемдері мен шекарасы жеке жоба (СҚА жобасы) аясында анықталады, ол үшін таралу есеп-қисаптары (иіс түзуші заттар, биоаэрозольдар), акустикалық есеп-қисаптар, метеожағдайлар, жер бедері және ескерілген инженерлік-технологиялық іс-шаралар (жабындар, герметизация, дезодорация/биофильтрация жүйелері және т.б.) негізге алынады.

      Санитариялық нормаларға және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қала шегінде орналасқан қолданыстағы КТҚ-ны біртіпдеп жауап, биотоғандар мен лай карталарын жою.

      Жаңадан игерілетін аумақтар мен келешегі бар аудандарды қамту үшін өздігінен ағып кететін және тегеурінді кәріздің 132,7 км жаңа желісін салу (есепті мерзімге жалпы ұзындығы 653,2 км құрайды).

3-параграф. Жылумен жабдықтау

      "Талдықорғанжылусервис" ҚМКК технологиялық циклі мыналарды біріктіреді:

      а) негізгі өндіріс – жылу энергиясының көзі, қуаты 2 Гкал/сағ-тан 289 Гкал/сағ-қа дейінгі әртүрлі 8 қазандық бар: "Басқуат" орталық қазандығы; № 1, 2, 3, 4, 18 орамдық қазандықтар; аз қуатты № 10 және № 22 қазандықтар;

      б) 201,8 км жылу желілері (2 құбырлы орындауда);

      в) қосалқы өндіріс: жөндеу цехы; автокөлік шаруашылығы; жөндеу-құрылыс учаскесі; орталық авариялық-диспетчерлік қызмет;

      г) әкімшілік-басқару персоналы;

      д) желілік персонал;

      е) абоненттік қызмет;

      ж) қызмет көрсетуші басқа персонал.

      Жылу желілері қазандықтардан (қазандықтың ЖЖ) 8 пайдалану учаскесіне бөлінген: ЭР-1, ЭР-2, № 1-4, № 18 және АҚҚ (аз қуатты қазандықтар).

      Талдықорған қаласының басым бөлігінің тұтынушыларын орталықтан жылумен жабдықтау "Басқуат" қалалық қазандығының ірі жылу көзінен жүзеге асырылады, ол 1981 жылы іске қосылған, қуаты 200 Гкал/сағ.

      "Басқуат" қалалық қазандығы қаланың орталық бөлігінің тұтынушыларын жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіреді.

      Бүгінде ол 500-ден астам көппәтерлі және 1000 жеке тұрғын үйді, 20 мектепті, 25 балабақшаны, 10 аурухананы және 90 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр.

      Сонымен қатар Талдықорған қаласында құрылыс қарқынды жүріп жатқанын және жүктеменің жыл сайын ұлғаюын ескере отырып, қуатты сағатына 311 Гкал-ға дейін ұлғайту және "Басқуат" қазандығын газ отынына ауыстырып, оны жаңғырту жоспарлануда.

      Бірінші кезекте қазандыққа жапсарлас құрылыс салып, онда әрқайсысының қуаты 50 Гкал/сағ болатын екі қазандық орнату көзделген. Екінші және үшінші кезекте су жылытқыш төрт қазандықты газға ауыстыру және олардың қуатын 311 Гкал/сағ дейін арттыру жоспарланған.

      Жобалық шешімдерге сәйкес қосымша жылу энергиясы көздерін салу және қолданыстағы қазандықтарды реконструкциялау арқылы жылумен жабдықтау жүйесін орталықтандырып, кейіннен жылуда магистральдық және таратушы жылу трассалары арқылы үлестіру орынды деп танылған.

      Талдықорған қаласының бас жоспарында жылумен жабдықтау жүйелерін жақсарту мен жаңғырту үшін бірінші кезекте мынадай шаралар ұсынылады:

      "Басқуат" қазандығының қуатын 311 МВт-ға дейін арттыру;

      қолданыстағы № 1, 2, 3 қазандықтарды жаңғырту: қолданыстағы қазандықтардың қуатын арттырып, тиімділігін жоғарылату үшін оларды жаңғыртуға болады;

      диаметрі 500 мм, 300 мм, 250 мм жылу магистральдарын біртіндеп ауыстыру (қалаға жылу берілетін жылу магистральдарын анағұрлым тиімді жаңаларына ауыстыруға болады, олардағы жылу шығыны аз болады және бүкіл қала бойынша анағұрлым біркелкі температураны қамтамасыз ете алады);

      диаметрі 300 мм болатын 26 км, 200 мм – 15 км, 100 мм – 23 км жаңа жылу магистральдарын салу;

      көпқабатты тұрғын үйлер салынатын аудандарда 7 орталық жылу пунктін салу.

      Талдықорған қаласының бас жоспарына сәйкес жылумен жабдықтау жүйесін жетілдіру және жаңғырту мақсатында есепті мерзімге мына іс-шаралар ұсынылады:

      "Басқуат" қазандығының қуатын 500 МВт-ға дейін арттыру;

      қуаты 300 МВт газтурбиналық станция салу;

      № 4, № 5 қазандықтар мен коттедж қалашығындағы қолданыстағы қазандықтарды жаңғырту: қолданыстағы қазандықтардың қуатын арттырып, тиімділігін жоғарылату үшін оларды жаңғыртуға болады;

      ескірген жылу генерациялайтын қондырғыларды ауыстыру (ескі қазандықтар мен жылу беру жүйелері кейде тиімсіз болады, ПӘК төмен және көбінесе авариялық күйде болады, ескі жүйелерді заманауи және тиімді жабдықтармен алмастыру қаладағы жылумен жабдықтау сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді);

      диаметрі 700 мм, 400 мм, 150 мм және 100 мм жылу магистральдарын ауыстыру және кеңейту (қалаға жылу берілетін жылу магистральдарын анағұрлым тиімді жаңаларына ауыстыруға болады, олардағы жылу шығыны аз болады және бүкіл қала бойынша анағұрлым біркелкі температураны қамтамасыз ете алады);

      диаметрі 300 мм болатын 14 км және 250 мм болатын 7 км жаңа жылу магистральдарын салу;

      көпқабатты тұрғын үйлер салынатын аудандарда орталық жылу пункттерін салу;

      басқаруды оңтайландыру (жүйе анағұрлым икемді әрі қаланың құбылмалы сұранысына бейімделгіш болуы үшін басқару технологияларын жақсартуға болады, бұл ауа-райының өзгеруіне және жылуға сұранысқа жылдам ден қоюға мүмкіндік береді);

      ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру (ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру жылуға деген сұранысты азайтуы мүмкін, демек, қаланың жылумен жабдықтау жүйесіне жүктемені азайтуы мүмкін);

      күн немесе жел энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жүктемені азайтып, отын шығынын төмендетуі мүмкін;

      қолданыстағы есепке алу жүйесін жаңғырту қаланың жылуға деген сұранысын анағұрлым дәлірек анықтауға және отын шығынын дәлірек басқаруға көмектеседі;

      қала тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша электр энергиясын тұтынуды азайту және энергияны үнемдейтін құрылғыларды пайдалану сияқты шаралар қабылдау  жылумен жабдықтау жүйесіне жүктемені азайтуға және осылайша оның жұмысын жақсартуға көмектеседі.

      Бас жоспарды іске асырудың есепті мерзіміне дейін жобада "Басқуат" қазандығын реконструкциялау, екі жаңа қазандық пен газтурбиналық станция салу ұсынылады.

4-параграф. Газбен жабдықтау

      Талдықорған қаласына табиғи газ "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбырынан "Талдықорған" АГТС арқылы жүзеге асырылып, әрі қарай қаланың газбен жабдықтау желілері арқылы жеткізіледі.

      Талдықорған қаласының тұтынушыларын газдандыруды дамыту және қамтамасыз ету мәселелерін "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "Жетісугаз" корпорациясы" АҚ сияқты ұйымдар атқарады.

      "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ табиғи газды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      "Интергаз Орталық Азия" АҚ – табиғи газбен іркіліссіз әрі сенімді қамтамасыз ету жөніндегі пайдаланушы ұйым.

      "Жетісугаз" корпорациясы" АҚ компаниясының негізгі қызмет түрі тұтынушыларды табиғи газға қосу және тұрмыстық баллондарда сұйытылған газ сату болып табылады.

      Көгілдір отынға қол жеткізгендер саны 4200-ден астам адамды немесе 1500-ден астам абонентті құрады. Тұрғын үй массивтерін газдандыру жобасы 2020 жылы басталып, оған 388 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, 43 км газ желісі тартылды.

      Қолданыстағы "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбыры мен "Талдықорған" АГТС газ тарату станциясына апаратын тармақ Талдықорған қаласының тұтынушыларын қамтамасыз ету үшін газ беру көзі болып табылады.

      Талдықорған қаласының бас жоспарында көзделетін объектілерді газбен жабдықтау үшін жобада мына шаралар ұсынылады:

      газ шығынын есепке алу торабымен бірге газ тарату құрылғыларын (ГТП) салу;

      "Талдықорған" АГТС қуатын ұлғайтып, сағатына 200 мың м3 дейін жеткізу;

      бірінші кезекте ұзындығы 33 км және есепті мерзімге ұзындығы 54 км диаметрі 110 – 250 мм жоғары қысымды 2-санатты және орташа қысымды газ құбыры желілерін салу.

      Талдықорған қаласын газбен жабдықтау схемасын әзірлеу аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін көлемде Талдықорған қаласының тұтынушыларына газды сенімді, іркіліссіз беру үшін қолданыстағы газбен жабдықтау жүйесін дамытуға бағытталған.

      Талдықорған қаласын сыртқы газбен жабдықтау схемасы мынадай элементтерді қамтиды:

      магистральдық газ құбырлары жүйесі;

      газ қысымын төмендетуге және оны межелі деңгейде ұстап тұруға арналған газ реттеу пункттері.

5-параграф. Электрмен жабдықтау

      Жетісу облысын, оның ішінде Талдықорған қаласын негізгі электрмен жабдықтау кернеуі 220 кВ электр беретін екі Қапшағай – Сарыөзек – Талдықорған желісі арқылы Жетісу облысынан тыс орналасқан көздерден, сондай-ақ өңір аумағында орналасқан шағын СЭС пен Текелі энергия комбинатынан "ТАТЭК" АҚ 0,4-10-35-110кВ жалпы ұзындығы 12 864 км электр беру желілері бойынша қуат айдау есебінен жүзеге асырылады.

      Есепті деректерге сәйкес бірінші кезекте жүктемелердің өсуі 171,53 МВт құрайды, ал есепті мерзімде 235,66 МВт-қа дейін артады, бұл өз кезегінде қолданыстағы қосалқы электр станцияларының қуатын арттыруды және жаңаларын салуды, сондай-ақ энергия көздерін, соның ішінде күн және жел электр станцияларын салуды көздейді.

      Талдықорған қаласының бас жоспарының бірінші даму кезеңіндегі жүктемелерді жабу үшін электр желілік құрылыстың мынадай көлемі жоспарланған:

      110/10 кВ ҚС-дан жобаланатын ТП-ларға дейін қажетті көлемде КЖ-10 кВ тұрғызу;

      ұзындығы 22,5 км болатын 10 кВ ӘЖ реконструкциялау;

      ұзындығы 28 км болатын жаңа 10 кВ электр беру желілерін салу;

      жаңа "Оң жағалау" ҚС салу;

      ҚС-103-тен ТП-10 кВ дейін ӘЖ-10 кВ жаңғырту;

      № 152 ҚС-дан № 102 ҚС, "Городская" ҚС, № 158 ҚС-ға дейін ӘЖ-110 кВ-ны КЖ-110 кВ-ға ауыстыру (Ж-103, 102, 155, 156);

      № 103 ҚС-дан жобаланатын "Ынтымақ" РП, "Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы" РП мен "Жастар-2" РП-ға дейін КЖ-10 кВ салу;

      қуат беру трансформаторлары бар жаңа КТП-10/0,4кВ орнату;

      май пайдаланылатын ажыратқыштары бар 10 кВ ұяшықтарды вакуумды ажыратқыштары бар 10 кВ ұяшықтарға ауыстыру.

      Талдықорған қаласының электрмен жабдықтау жүйесін дамытудағы есепті мерзімге арналған негізгі бағыттар мыналар:

      қуатын арттыра отырып, 220/110/10 кВ "Талдықорған" қосалқы станциясын реконструкциялау;

      ұзындығы 45,5 км 10 кВ ӘЖ реконструкциялау;

      қуаты 50 МВт болатын екі күн электр станциясын салу;

      10 кВ тарату пункттерін салу;

      қазіргі құрылыс салынған аймақтағы электр желілері мен құрылысжайларын перспективаны ескере отырып реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру;

      реконструкциялау және трансформаторларды ауыстыру есебінен 110/10 кВ "Қалалық", № 102 және № 149 қосалқы станцияларының қуатын арттыру;

      ұзындығы 36,7 км болатын 10 кВ электр беру желілерін салу;

      электр энергиясын тұтынудың барлық салаларына сараланған тариф енгізіп, энергия үнемдеу іс-шараларын ендіру.

6-параграф. Телефондандыру

      Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының аумағында ұялы байланыс станциялары мен телекоммуникация желілері жұмыс істеуде.

      Қаланың телефон желісі телекоммуникациялық инфрақұрылымды орталықтандырылған басқару жүйесіне қосуға арналған қосылыс желілерінен тұрады, бұл кез келген ақпаратты кез келген хаттаманы: IP, Ethernet және т.б. қолдану арқылы жіберуге мүмкіндік береді.

      Жобаланып отырған аумақтың перспективада дамуын ескере отырып, жобаланатын аумақта ТОБЖ оптикалық-талшықты кәбілдерін тарту, сондай-ақ мультисервистік абоненттік қолжетімділік жүйелерін енгізу ұсынылады.

      Сұранысты қанағаттандыру және ең заманауи телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну үшін жобада мыналар ұсынылады:

      1) құрылыстың I кезегі 2030 жыл – станциялық және желілік құрылысжайларды 58 000 нөмірге кеңейту;

      2) есепті мерзім 2040 жыл – G-PON технологиясы бойынша FTTH телекоммуникациялық желісінің құрылысын аяқтау, станциялық және желілік құрылысжайларды 75 000 нөмірге кеңейтуді көздеу қажет.

7-параграф. Аумақты санитариялық тазарту

      Талдықорған қаласының аумағын тазарту жоспарлы-ұдайы жүйе бойынша жүзеге асырылады және тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жұмыс істеп тұрған полигонға ұйымдастырылған түрде шығарумен толық қамтылған. Жұмыс істеп тұрған ТҚҚ полигонын "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ пайдаланады және ол солтүстік-батыс бағытта Талдықорған – Үштөбе автомобиль жолының 10-шы км-де орналасқан. Полигонда жалпы қуаты жылына 120 мың тонна болатын қалдық сұрыптау кешені жұмыс істейді.

      2016 жылы "Adal Damu Capital" ЖШС қалдық сұрыптау станциясын және қайталама шикізаттан өнім шығаратын цехты іске қосты. Полигон аумағында қатты және сұйық қалдықтарды қайта өңдейтін Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны – "ЭкоСервис Арман" ЖШС жұмыс істейді, оның жобалық қуаты тәулігіне 50 тонна (резеңке, пластик, пайдаланылған майлар, шиналар).

      Қалада ТҚҚ-ны үш фракция: макулатура-текстиль, пластик/шыны, өзге қалдықтар бойынша бөлек жинау біртіндеп (пилоттық жоба) енгізілуде. Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) шеңберінде 2017 жылы құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 190 контейнер орнатылды. Бұдан бөлек, 25 контейнерлік алаңға қоқысты бөлек жинауға арналған 100 контейнер (бюджеттік ұйымдар мен ірі сауда орталықтарының алаңдарын қоса алғанда) орналастырылды. Бөлек жинауды дамыту мақсатында барлығы 270 жерасты және 200 торлы контейнер орнатылып, 9 бірлік арнайы техника (қоқыс шығаратын автокөлік) сатып алынды.

      Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату технологиялары физикалық, химиялық және биологиялық процестерді қамтиды, оның ішінде сұрыптау, кейіннен тауар мен материалдар өндірісінде пайдалану үшін қалдықтардан қайталама шикізатты алу, сондай-ақ онымен жұмыс істеуді жеңілдету, көлемі мен қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қалдықтардың қасиетін өзгерту шаралары қарастырылған.

      Қалада қайталама ресурстар айналымының тізбегін қалдықтарды түзілу көзінен бөлек жинаудан бастап терең қайта өңдеу мен қайталама шикізаттан өнім шығаруға дейін кеңейту жоспарлануда. Басымдық: макулатураны картон мен қаптама етіп қайта өңдеу; пластмассаны (ПЭТ, ТӨЖП, ТӨТП) гранула және дайын бұйым етіп қайта өңдеу; шыны сынығын ыдыс және табақ шыны етіп қайта өңдеу; пайдаланылған майларды регенерациялау; шиналар мен өзге РТБ құрылыс пен абаттандыруға арналған резеңке үгіндісі етіп қайта өңдеу; ағаш қалдықтарын жаңқа және плита материалы етіп дайындау. Тиімділікті арттыру үшін ӨКЖ тетіктерін дамыту, қалдық легін цифрлық есепке алуды ендіру, қабылдау пункттерін (оның ішінде кэшбэк-ынталандыру) құру және рециклинг саласындағы ШОБ-ты қолдау көзделеді. Экологиялық нормативтерді мүлтіксіз сақтау және қайталама шикізатты барынша алдын ала шығарып алу шартымен сұрыпталмайтын "қалдықтан" алынатын ҚАБ-отынды пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.

      Қалдықтармен жұмыс істеу шаралары қаланың "жасыл" экономикасының саясатына интеграцияланады: жерге көму мен ПГ шығарындыларын қысқарту (қоқыс үйіндісінің газын тұтып қалу/кәдеге жарату шараларын қоса алғанда), ресурс үнемдеу және материалды көп қажет ету тиімділігін арттыру, рециклинг пен экодизайн салаларында "жасыл" жұмыс орындарын құру. Муниципалдық сатып алуда толассыз экономика қағидаттарын қолдану (қайта өңделген материалдардан жасалған өнімдер мен көпайналымды ыдысқа басымдық беру), инфрақұрылым объектілерінде ЖЭК енгізу (цехтардың шатырларына күн панельдерін орнату, энергия тиімді жарықтандыру), арнайы техниканы экологиялық түрлерге (газ/электр моторлы) жаңарту, қоғамдық кеңістіктерде бөлек жинауды дамыту және қалалық қызметтерде ESG-көрсеткіштерін цифрлық мониторингтеу жоспарлануда.

      ТҚҚ-ны бөлек жинауды насихаттау үшін экологиялық акциялар, тұрғын үй кешендерінде шеберлік сабақтары, оқу орындарында әлеуметтік роликтер көрсетілетін "эко-сабақтар" өткізу сияқты тұрақты ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар қажет. Бөлек жинау жобасын іске асыру полигонға көму көлемін азайтуға, қаладағы қайта өңдеу саласын дамытуды жеделдетуге және табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді.

      Экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұсыныстар:

      Халықтан және кәсіпорындардан ТҚҚ жинау мен тасымалдаудың сапасын арттыру.

      Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін кеңейту және стандарттау.

      Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешендерінің қуаттарын ұлғайту.

      ТҚҚ полигонын пайдалануды экологиялық талаптарға толық сәйкестікке келтіру.

      Қайталама шикізатты жинайтын және қайта өңдейтін арнайы кәсіпорындар үшін ынталандыру шараларын енгізу.

      Контейнер паркін жаңғырту.

      Халық өз бетінше шығарып тастай алмайтын ірі габаритті және құрылыс қалдықтарын жүйелі жинауды ұйымдастыру.

      Тұрмыстық қауіпті қалдықтарды өнеркәсіптік қауіпті қалдықтарға арналған арнайы объектілерде кәдеге жаратуды қамтамасыз ету.

9-тарау. Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау және инженерлік қорғау

      Жобаланатын аумақ тау арасындағы ойпат шегінде Қаратал және Көктал өзендерінің ысырынды конусының ауданында орналасқан. Аумақты оңтүстігінен, оңтүстік-шығысынан және шығысынан Жоңғар Алатауының жоталарының баурайлары қоршап жатыр.

      Жер беті солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай еңістеу белесті жазық болып келген. Абсолютті белгілер 535,0 метрден 655,0 метрге дейінгі аралықта өзгереді.

      Аумақтың тігінен жоспарлануын шешу кезінде жер бедерін түбегейлі өзгерту мақсаты көзделген жоқ, оның кейбір кемшіліктерін ғана түзетіп, беткі қабаттағы суды ғимараттар мен құрылысжайлардан, спорт алаңдары мен басқа да алаңдардан, автотұрақтардан су бұру жүйесіне қарай әкетуді қамтамасыз ететін іріктемелі тігінен жоспарлау көзделген. Жер бедерінің жағдайына байланысты жол жүрісінің барлық учаскелерінде беткі қабаттағы судың өздігінен ағып кетуіне қолайлы 5‰ еңістік жасау мүмкін емес. Бойлық еңістің орнына науаға ара тәрізді профиль орнатып, екі сатылы бойлық еңістік жасау тәсілі қолданылады. Ара тәрізді профиль жол жүрісі бөлігінің бортқа қабысып жатқан жолағының бойымен әр жаққа бағытталған бойлық еңістерді кезектестіре орналастыру жолымен жасалады, бойлық еңістердің көлемі әртүрлі болады.

      Жылдық сарқынды су жалпы көлемі 25050,3 мың м³ құрайды. Су бұру жүйесін салуға арналған жұмыстардың шамамен алынған көлемі мен қажетті іс-шаралардың құны ірілендірілген көрсеткіштер негізінде есептелген.

      Коммуналдық аумақтарда (бензин құю станциялары, көлік жуу орындары, автостанция гараждары) орналасқан аса ластанған учаскелерден жиналатын беткі сарқынды су ортақ нөсер жүйесіне жіберілмес бұрын міндетті түрде жергілікті тазарту құрылысжайларында тазартылуға тиіс.

      Жолдардың көлік жүретін бөліктері мен орам ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, көшелердің екі жағынан жиектас орнатылады. Жер бедерінің ерекшеліктері мен қазіргі құрылыс салынған жерлердің бар екенін ескерсек, көшелердің жол жүрісі бөліктерінің еңісі мынадай:

      ең жоғары – 17,2‰;

      ең төмен – 3,0‰.

      Көлденең еңістердің жоба бойынша мәндері 2,2‰-ден 3,0‰-ге өзгертілді. Жобаланатын аумақта 3,0‰–17,2‰ аралығындағы еңістерді қолдану ҚР ЕЖ 3.03-101-2013 (5.2-тармақ) талаптарына сәйкес келеді, бұл құжатқа сәйкес жол санаты мен жер бедеріне байланысты ең жоғары бойлық еңістік 60‰-ге дейін жетуі мүмкін екені көрсетілген. Бұл қозғалыстың есептік жылдамдығына негізделген. Сонымен қатар ҚР ҚНжЕ 4.01-03-2011 (5.22-тармақ) талаптары да ескерілген, онда жергілікті жердің нақты жағдайларымен немесе есеп-қисаптармен өзгеше негізделмесе, жол жүрісі бөлігіндегі науалардың, кюветтер мен су бұру арықтарының еңісі 0,003-тен кем болмауға тиіс деп көрсетілген.

10-тарау. Стратегиялық экологиялық бағалау

      Бас жоспардың құрамындағы Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі бөлім Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 51 – 63-баптарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалды, бұл нұсқаулықта скрининг және қамту саласын айқындау, СЭБ бойынша есептің сапасын бағалау рәсімдері мен консультациялардың реттілігін егжей-тегжейлі баяндалған.

      "Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспарын әзірлеу (түзету)" жобасына қатысты стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасы қанағаттанарлық деп танылғаны туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 02-10/19896 қорытындысы алынды.

      Талдықорған қаласы – облыстық, мәдени және өнеркәсіптік орталық. Есепті мерзімі 2050 жылға дейінгі жаңа Бас жоспардың мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамуын түбегейлі жоспарлаудың тыныс-тіршілікке анағұрлым қолайлы орта жасауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрі табиғи және мәдени мұраны сақтауға, қаланың қолданыстағы Бас жоспары мен әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, бұрын берілген телімдерді және іс жүзінде салынған объектілерді ескере отырып жаңа жобалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған негізгі қала құрылысы құжатын әзірлеу. Қабылданған жобалық кезеңдер мынадай: бастапқы жыл – 2024 жыл (01.01.2024 ж. жағдай бойынша); құрылыстың бірінші кезегі – 2032 жыл; есепті мерзім – 2050 жыл.

      Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:

      1) қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайту;

      2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

      3) бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

      4) қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу.

      Өндіріс технологиясы мен жүк түрін ескере отырып, кәсіпорындарда бақылаудың мына түрлері сақталуға тиіс:

      табиғат қорғау қызметін жүйелі талдау;

      қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру.

      Мыналалар:

      табиғи ресурстарды тұтыну;

      қоршаған ортаға ластағыш заттардың шығарындылары (төгінділері), тозаң-газ тазарту қондырғыларының жүйелерін орнату есебінен шығарынды көздерінен шығарылатын зиянды заттар көлемін азайту, сарқынды суды тазарту технологияларын жетілдіру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру;

      2-ТП ауа "Қоршаған ортаны қорғау туралы", 2-ТП су шаруашылығы "Су пайдалану туралы", 4-ҚО "Табиғат қорғауға жұмсалатын ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшін төлемдер туралы", 3-ші улы қалдықтар "Улы қалдықтардың түзілуі және жойылуы туралы" қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептіліктің белгіленген мерзімде және мекенжайларға тапсыру:

      қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйі туралы табиғат қорғау қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарының және 14. Экология нысанындағы есептің орындалуы;

      атмосфераға зиянды заттардың шекті жол берілетін шығарындыларының нормативтерін, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын, сарқынды сулар мен ластағыш заттардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтерін, шығарындылар көздеріне түгендеу жүргізу жоспарларын уақтылы әзірлеу, қоршаған ортаны ластауға (шығарындыларды, төгінділерді, қалдықтарды орналастыруды қоса алғанда) рұқсат;

      су ресурстарын қорғау, Су кодексіне сәйкес су қорғау белдеулері мен аймақтарының сақталуы (су қорғау аймақтары шегінде су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғауға бағытталған шаруашылық қызметке шектеулер қолданылады);

      жобада климаттың өзгеруі, су тұтынудың өсуі және суды тиімдірек басқару қажеттігі сияқты факторлардың ескерілуі (Бас жоспар қаланың су қауіпсіздігін, су объектілерін қорғауды және суды пайдаланудың тұрақты жүйесін құруды қамтамасыз етуге арналған);

      мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар мен оларды есепке алу жүргізілуге тиіс.

      Барлық табиғат қорғау іс-шаралары сақталған жағдайда Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асыру бойынша көзделген қызмет қоршаған ортаның компоненттеріне айтарлықтай келеңсіз әсерін тигізбейді. Бас жоспардың жобалық шешімдерінің арқасында әлеуметтік сипаттағы да, экологиялық сипаттағы да бірқатар мәселелерді шешуге болады.

11-тарау. Жетісу облысы Талдықорған қаласы Бас жоспарының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қазіргі жай-күйі

Бірінші кезең

Есепті мерзім

1 2 3 4 5 6

1

Аумағы





1.1

Қала, кент және ауылдық елді мекен шегіндегі елді мекен жерінің ауданы, барлығы

мың га

17,57

17,57

17,57


соның ішінде:





1.1.1

тұрғын үй және қоғамдық құрылыс

-//-

3,97

4,87

5,20


соның ішінде:





1.1.1.1

үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылыс

-//-

3,06

3,65

3,45

1.1.1.2

аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

-//-

0,02

0,04

0,04

1.1.1.3

орташа қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

-//-

0,30

0,42

0,60

1.1.1.4

қоғамдық құрылыс

-//-

0,61

0,78

1,14

1.1.2

өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы

-//-

0,85

0,98

1,21


соның ішінде:





1.1.2.1

өнеркәсіптік құрылыс

-//-

0,68

0,81

0,99

1.1.2.2

коммуналдық құрылыс

-//-




1.1.2.3

қойма құрылысы

-//-

0,17

0,17

0,22

1.1.3

көлік, байланыс, инженерлік коммуникация, оның ішінде:

-//-

0,08

0,15

0,15

1.1.3.1

сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол)

-//-

0,02

0,02

0,02

1.1.3.2

магистральдық инженерлік желілер мен құрылыстар

-//-

0,06

0,13

0,13

1.1.3.3

байланыс құрылысжайлары

-//-




1.1.4

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

-//-

0,81

0,81

0,81


соның ішінде:





1.1.4.1

қорықтар

-//-




1.1.4.2

қаумалдар

-//-




1.1.4.3

табиғат ескерткіштері

-//-




1.1.4.4

ормандар мен орман саябақтары

-//-

0,81

0,81

0,81

1.1.5

су айдындары мен акваториялар

-//-

0,18

0,18

0,18


соның ішінде:





1.1.5.1

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары

-//-

0,18

0,18

0,18

1.1.5.2

су қорғау аймақтары

-//-




1.1.5.3

гидротехникалық құрылысжайлар

-//-




1.1.5.4

су шаруашылығы құрылысжайлары

-//-




1.1.6

ауыл шаруашылығында пайдаланылатын

-//-

4,64

4,64

2,83


соның ішінде:





1.1.6.1

егістік жерлер

-//-

4,64

4,64

2,83

1.1.6.2

бақтар мен жүзімдіктер

-//-




1.1.6.3

шабындықтар, жайылымдар

-//-




1.1.7

жалпы пайдаланымдағы

-//-

0,91

1,33

3,94


соның ішінде:





1.1.7.1

көшелер, жолдар, өтпежолдар

-//-

0,66

0,80

2,28

1.1.7.2

су айдындары, жағажайлар, жағалаулар

-//-




1.1.7.3

саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар

-//-

0,25

0,54

1,66

1.1.7.4

жалпы пайдаланымдағы басқа да аумақтық объектілер

-//-

6,11

4,59

3,23

1.1.8

резервтік

-//-

-

-

-


соның ішінде:





1.1.8.1

селитебті аумақты дамыту үшін

-//-

-

-

-

1.1.8.2

өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

-//-

-

-

-

1.1.8.3

рекреациялық және басқа аумақтарды ұйымдастыру үшін

-//-

-

-

-

1.2.

Жерлердің жалпы санынан:


-

-

-

1.2.1*

мемлекеттік меншіктегі жерлер

-//-

-

-

-

1.2.2*

коммуналдық меншіктегі жерлер

-//-

-

-

-

1.2.3*

жеке меншік жерлер

-//-

-

-

-

2

Халық





2.1

Бағынысты елді мекендерді есепке алғандағы халық саны, барлығы

мың адам

204,1

232,0

300,0


соның ішінде:





2.1.1

қаланың өзі (кент, ауылдық елді мекен)

-//-

169,44

193,0

252,0

2.1.2

басқа елді мекендер

-//-

34,62

39,0

48,0

2.2

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіші:


2,5

27,9

67,3

2.2.1

өсім

-//-

3,9

39,9

99,9

2.2.2

кему

-//-

1,4

12,0

32,6

2.3

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:


-0,1

0,0

0,7

2.3.1

өсім

-//-

11,5

52,2

110,9

2.3.2

кему

-//-

11,6

52,2

110,2

2.4

Халық тығыздығы





2.4.1

селитебті аумақ шегінде

адам/га

43,0

40,1

34,6

2.4.2

қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс аумағының шегінде

-//-

51,2

51,3

54,0

2.5

Халықтың жас құрылымы:





2.5.1

15 жасқа дейінгі балалар

мың адам/%

64,1/31,4

67,4/29,0

98,1/32,7

2.5.2

еңбекке қабілетті жастағы адамдар

-//-

115,2/56,5

133,9/57,7

163,7/54,6


(ерлер – 16-62 жас, әйелдер – 16-57 жас)

-//-

-

-

-

2.5.3

еңбекке қабілетті жастан асқан халық

-//-

24,7/12,1

30,7/13,3

38,2/12,7

2.6

Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы

бірлік

58314

66286

85714


соның ішінде:





2.6.1

отбасылар саны

-//-

53066

60320

78857

2.6.2

жалғызбасты тұрғындар саны

-//-

5248

5966

6857

2.7

Еңбек ресурстары, барлығы

мың адам

140,8

161,7

204,3


соның ішінде:





2.7.1

экономикалық белсенді халық, барлығы

мың адам/%

96,9/68,8

112,4/69,5

138,7/68,5


соның ішінде:





2.7.1.1

экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар

-//-

92,2

107,3

132,8

1)

қала түзуші топта

-//-

13,4

17,2

20,0


соның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар


-

-

-

2)

қызмет көрсетуші топта

-//-

78,8

90,1

112,8

2а)

соның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар


-

-

-

2.7.1.2

жұмыссыздар

-//-

4,7

5,1

6,0

2.7.2

экономикалық белсенді емес халық

-//-

43,9

49,3

65,6


соның ішінде:





2.7.2.1

өндірістен қол үзіп оқитын, еңбекке қабілетті жастағы оқушылар

-//-

14,2

17,3

26,2

2.7.2.2

экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық

-//-

29,7

32,0

39,4

3

Тұрғын үй құрылысы





3.1

Тұрғын үй қоры, барлығы

мың м2 жалпы ауданы/%/ *бірлік үй (пәтер)

4179,4/100

5811,2/100

9086,9/100


соның ішінде:


-

-

-

3.1.1*

мемлекеттік қор

-//-

-

-

-

3.1.2*

жеке меншікте

-//-




3.2

Ортақ қордан:

-//-




3.2.1

көппәтерлі үйлерде

-//-

2092,4/50,1

3557,2/61,2

7042,9/77,5

3.2.2

меншікжай түріндегі үйлерде

-//-

2086,9/49,9

2253,9/38,8

2044,0/22,5

3.3

70 % астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы

-//-

-

-

-


соның ішінде:





3.3.1

мемлекеттік қор

-//-

-

-

-

3.4

Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

-//-


4113,4

5482,2

3.5

Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу:






соның ішінде:





3.6.1

аз қабатты

-//-

2159,0/51,7

2387,2/41,1

2202,8/24,2


соның ішінде салынып жатқан:





3.6.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж үлгісіндегі)

-//-

2086,9/49,9

2253,9/38,8

2044,0/22,5

3.6.1.2

пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөліктелген

-//-

-



3.6.1.3

жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты

-//-

72,0/1,7

133,2/2,3

158,8/1,7

3.6.2

орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі

-//-

1634,4/39,1

1935,7/33,3

3408,5/37,5

3.6.3

көпқабатты көппәтерлі

-//-

386,0/9,2

1488,3/25,6

3475,6/38,2

3.7

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

-//-

-

66,0

395,0


соның ішінде:





3.7.1

техникалық жай-күйі бойынша

-//-

-

-

-

3.7.2

реконструкциялау бойынша

-//-

-

66,0

395,0

3.7.3

басқа себептер бойынша (үй-жайды қайта жабдықтау)

-//-

-

-

-

3.7.4

төмендегілерге қатысты тұрғын үй қорының кемуі:





3.7.4.1

қолданыстағы тұрғын үй қорына

%

-

1,1

4,3

3.7.4.2

жаңа құрылысқа

-//-


3,9

11,0

3.8

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы, соның ішінде төмендегілердің есебінен:

бірлік үй (пәтер)/мың м2 жалпы аудан

-

1697,8

5302,5

3.8.1*

мемлекеттік қаражат

-//-

-

-

-

3.8.2*

кәсіпорындар мен ұйымдар

-//-

-

-

-

3.8.3*

халықтың өз қаражаты

-//-

-

-

-

3.9

Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы

-//-

-

1697,8

5302,5


соның ішінде:





3.9.1

аз қабатты

-//-





соның ішінде:





3.9.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж үлгісіндегі)

-//-


233,0

233,0

3.9.1.2

пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөлектелген

-//-


-


3.9.1.3

жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты

-//-


61,2

106,8

3.9.2

орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі

-//-


301,3

1873,1

3.9.3

көпқабатты көппәтерлі

-//-


1102,3

3089,6

3.10

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен төмендегілерге орналастырылады:





3.10.1

бос аумақтарда

-//-


1697,8

3003,9

3.10.2

қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен

-//-


-

2298,6

3.11

Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының енгізілуі орта есеппен жылына

мың ш.м


242,5

294,6

3.12

Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:





3.12.1

су құбырымен

жалпы тұрғын үй қорының %

100,0

100,0

100,0

3.12.2

кәрізбен

-//-

77,0

100,0

100,0

3.12.3

электр плиталарымен

-//-

-

-

-

3.12.4

газ плиталарымен

-//-

-

-

-

3.12.5

жылумен

-//-

45,1

39,0

61,7

3.12.6

ыстық сумен

-//-

42,9

39,0

61,7

3.13

Халықтың пәтердің жалпы алаңымен орташа қамтамасыз етілуі

м2/адам

20,5

25,0

30,0

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері





4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға

орын

7957

13857

27793

4.1.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

52,5

73,6

100,0

4.1.2

1000 тұрғынға шаққанда

орын

39

59,7

92,6

4.1.3

жаңа құрылыс

-//-

-

5900

19836

4.2

Жалпы білім беру мекемелері, барлығы/1000 адамға

-//-

27165

39315

68215

4.2.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

64,1

80,2

100,0

4.2.2

1000 адамға шаққанда

орын

133

169

227,4

4.2.3

жаңа құрылыс

-//-

-

12350

40956

4.3

Ауруханалар, барлығы/1000 адамға

жатын орын

1835

2045

2045

4.4

Емханалар, барлығы/1000 адамға

бір ауысымда жүгіну

2050

3990

5490

4.5

Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері) – барлығы/1000 адам

орын

345

345

1071

4.6

Ұзақмерзімді демалыс мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушыларға арналған лагерьлер және т.б.), барлығы/1000 адамға

-//-

-

-

150

4.7

Дене шынықтыру-спорттық ғимараттар – барлығы/1000 адамға

га

47,6

147,6

294,0

4.8

Ойын-сауық мәдениет мекемелері (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға

орын

3609

10169

38172

4.9

Сауда кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

м2 сауда ауданы

127759

145259

172345

4.10

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

отыратын орын

13425

14125

16825

4.11

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

жұмыс орын дары

710

1125

2700

4.12

Өрт сөндіру депосы

автомобильдер/ бекеттер саны

19/4

31/6

67/12

4.13

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің өзге де объектілері

тиісті бірліктер

-

-

-

5

Көлікпен қамтамасыз ету





5.1

Қоғамдық жолаушылар көлігі желісінің ұзындығы, барлығы

км

80,0

87,0

95,0


соның ішінде:





5.1.1

электрлендірілген теміржол

қос жол км




5.1.2

метрополитен

-//-




5.1.3

трамвай

-//-




5.1.4

троллейбус

-//-




5.1.5

автобус

-//-

80,0

87,0

95,0

5.2

Магистральдық көшелер мен жолдар ұзындығы, барлығы

км

499,8

894,2

1091,3


оның ішінде:





5.2.1

жүрдек қозғалысы жолдары

-//-

-



5.2.2

жалпы қалалық маңызы бар магистральдар

-//-

78,2

106,0

149,4

5.2.3

аудандық маңызы бар магистральдар

-//-

15,5

25,0

68,1

5.2.4

тұрғын көшелер

-//-

387,3

743,0

848,3

5.2.5

кенттік жолдар

-//-

-



5.2.6

өнеркәсіптік жолдар

-//-

18,8

20,2

25,5

5.3

Сыртқы көлік






соның ішінде:





5.3.1

теміржол,






соның ішінде:






жолаушы

мың жолаушы/жыл


400

500


жүк

мың тонна/ жыл

1200

1600

2000

5.3.2

әуе






соның ішінде:






жолаушы

мың жолаушы/жыл

42,09

50,0

65,0


жүк

мың тонна/ жыл

-

130,0

200,0

5.3.3

автомобиль






соның ішінде:






жолаушы

мың жолаушы/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/ жыл

-

-

-

5.3.4

өзен






соның ішінде:






жолаушы

мың жолаушы/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/ жыл

-

-

-

5.3.5

теңіз


-

-

-


соның ішінде:






жолаушы

мың жолаушы/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/ жыл

-

-

-

5.3.6

құбыржол

мың м3/жыл

-

-

-

5.4

Көше-жол желісінің тығыздығы





5.4.1

қала, кент құрылысы шегінде

км/км2

93,4

101,6

92,2

5.4.2

қала маңы аймағының шекарасы шегінде

-//-




6

Инженерлік жабдық





6.1

Сумен жабдықтау:





6.1.1

жиынтық тұтыну, барлығы

мың м3/тәулік

34,3

41,9

58,4


соның ішінде:





6.1.1.1

шаруашылық-ауызсу мұқтажына

-//-

33,3

40,7

56,7

6.1.1.2

өндіріс мұқтажына

-//-

0,9

1,2

1,7

6.1.2

басты су құбыры құрылысжайларының қуаты

-//-

104,0

104,0

104,0

6.1.3

пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері:





6.1.3.1

жерасты су жинағыштары

-//-

+

+

+

6.1.3.2

жерүсті көздерінен су жинау

-//-

-

-

-

6.1.3.3

орталықтандырылмаған су көздері

-//-

-

-

-

6.1.4

жерасты суларының бекітілген қорлары

мың м3

300,41

300,41

300,41


(бекітілген күні, есепті мерзім)


12.08.2010

12.08.2010

12.08.2010

6.1.5

тәулігіне орта есеппен
1 адамға су тұтыну

л/тәулік

168,12

181

194,9


соның ішінде:





6.1.5.1

шаруашылық-ауызсу мұқтажына

-//-

155,7

168,2

181,7

6.1.6

суды қайтадан пайдалану

%

0

0

0

6.1.7

желілердің ұзындығы

км

609,6

654,1

689,7

6.2

Кәріз:





6.2.1

сарқынды сулардың жалпы түсімі, барлығы

мың м3/тәулік

25,4

41,9

58,4


соның ішінде:





6.2.1.1

тұрмыстық кәріз

-//-

24,7

40,7

56,7

6.2.1.2

өндірістік кәріз

-//-

0,7

1,2

1,7

6.2.2

кәріздік тазарту құрылысжайларының өнімділігі

-//-

36,0

50

60

6.2.3

желілердің ұзындығы

км

364,4

520,5

653,2

6.3

Электрмен жабдықтау





6.3.1

жалпы жүктеме

млн.кВт. сағ/жыл

105,74

171,53

235,66


соның ішінде:





6.3.1.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

89,95

146,37

201,66

6.3.1.2

өндіріс мұқтажына

-//-

15,79

25,17

34,01

6.3.2

1 адамға шаққанда жылына орта есеппен электр тұтыну

кВт сағ

2238

3630,5

4987,9

6.3.2.1

соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

1903,8

3097,8

4268,1

6.3.3

жүктемені жабу көздері

млн МВт

160000

200000

300000

6.3.3.1

соның ішінде: ЖЭО, МАЭС

-//-

20000

50000

150000

6.3.3.2

су электр станциясы

-//-

17000

17000

17000

6.3.3.3

біріккен электр желісі

-//-

83000

83000

83000

6.3.3.4

жаңартылатын энергия көздері

-//-

50000

150000

150000

6.3.4

желілердің ұзындығы

км

300

328

364,7

6.4

Жылумен жабдықтау





6.4.1

орталықтандырылған көздер қуаты, барлығы

МВт

294,9

461,94

1029,43

6.4.1.1

оның ішінде: ЖЭО

-//-

-

-

-

6.4.1.2

аудандық қазандықтар

-//-

289

311

800

6.4.1.3

орамдық қазандықтар

-//-

150,94

150,94

229,3

6.4.1.4

жергілікті көздердің жиынтық қуаты

-//-

-

-

-

6.4.2

жылытуға тұтыну, барлығы

-//-

143,5

298,6

491,6

6.4.2.1

соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

142,3

296,1

487,6

6.4.2.2

өндірістік мұқтажына

-//-

1,2

2,4

4,0

6.4.3

ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы

-//-

34,2

71,1

117,0

6.4.3.1

соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

34,0

70,9

116,7

6.4.3.2

өндіріс мұқтажына

-//-

0,1

0,2

0,4

6.4.3

жылумен жабдықтаудың жергілікті көздерінің өнімділігі

-//-

-

-

-

6.4.4

желілердің ұзындығы

км

201,8

265,8

286,8

6.5

Газбен жабдықтау





6.5.1

табиғи газды тұтыну, барлығы

млн м3/ жыл

845,57

1266,06

1637,39

6.5.1.1

соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

456,67

440,09

406,77

6.5.1.2

өндіріс мұқтажына

-//-

388,9

825,98

1230,62

6.5.2.

сұйытылған газды тұтыну, барлығы

тонна/ жыл

-

-

-

6.5.2.1

соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

-

-

-

6.5.2.2

өндіріс мұқтажына

-//-

-

-

-

6.5.3

табиғи газ беру көздері

млн м3/ жыл

100

150

200

6.5.4

қаланың, басқа елді мекеннің отын теңгеріміндегі газдың үлес салмағы

%

57,3

90,3

100

6.5.5

желілердің ұзындығы

км

921,5

954,5

1008,5

6.5.5.1

жоғары қысымды 1-санат

-//-

7,4

7,4

7,4

6.5.5.2

жоғары қысымды 2-санат

-//-

52

62,5

62,5

6.5.5.3

орташа қысым

-//-

288

532

572

6.5.6

қондырғылар саны

дана




6.5.6.1

негізгі газ тарату пункті

-//-

2

2

4

6.5.6.2

блокты газ тарату пункті

-//-

22

36

37

6.5.6.3

шкафтық газ тарату пункті

-//-

247

293

306

6.6

Байланыс





6.6.1

халықты телевизиялық хабар таратумен қамту

халық %-ы

100

100

100

6.6.2

халықтың ортақ пайдаланылатын телефон желісімен қамтамасыз етілуі

100 отбасыға нөмірлер

25

25

25

7

Аумақты инженерлік дайындау





7.1

Аумақты су басудан қорғау:

км




7.2

Аудан, га

га

-

-

-

7.3

Қорғаныш
құрылысжайларының ұзындығы

км

3,0-3,9

-

2,9

7.4

Жуу және себу, барлық көлемі мен ауданы

млн м3 га

-

12,0

42,0

7.5

Су тоғандары

бірлік

13

9

3

7.6

Су ағындарының арналарын абаттандыру, тазарту және нығайту

км

17,2

36,6

-

7.7

Жабық коллекторлық-дренаждық желі

км

26,5

-

18,8

7.8

Суармалы су құбыры (шамамен диаметрі 150 мм)

км

1,3

5,3

-

7.9

Суару су құбырының сорғы станциялары

бірлік

-

1,0

-

7.10

Темірбетонмен қапталған арық желісі

км

195,8

-

-

7.11

Жер арнасындағы арық желісі (реконструкция)

км

178,8

-

-

7.12

Өздігінен ағатын жабық нөсер коллекторлары (шамамен диаметрі 600–1000 мм)

км

-

-

3,4

7.13

Тегеурінді нөсер коллекторлары (шамамен диаметрі 400–800 мм)

км

-

-

17,9

7.14

Жаңбыр суын айдайтын сорғы станциялары

бірлік

-

-

4,0

7.15

Қаратал өзенінің жайылмасында су жанындағы демалысты ұйымдастыру құрылысжайларының кешені

бірлік

-

-

1,0

7.16

Суару каналдары

км

26,6

-

-

7.17

Жаңбыр суын тазарту құрылысжайлары. № 1 бассейн – 12 м3/с; (шамамен)
№ 2 бассейн – 8,5 м3/с (шамамен)

бірлік

-

-

2,0

8

Халыққа жерлеу қызметін көрсету





8.1

Зираттардың жалпы саны

га




8.2

Крематорийлердің жалпы саны

бірлік

-

-

-

9

Қоршаған ортаны қорғау





9.1

Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындысының көлемі

мың т/ жыл

1253,95

1283,947

1283,947

9.2

Ластанған су ағызудың жалпы көлемі

млн м/ жыл




9.3

Бүлінген аумақтарды рекультивациялау

га




9.4

Шу деңгейі 65 Дб жоғары аумақтар

га




9.5

Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар (рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизмдермен, рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде радиоактивті заттармен ластанған аумақтар

-//-




9.6

Санитариялық-қорғаныш аймақтарында тұратын халық

-//-

7,51

7,51

-

9.7

Санитариялық қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру

-//-




9.8

Топырақ пен жер қойнауын қорғау

-//-




9.9

Аумақты санитариялық тазарту

-//-




9.9.1

тұрмыстық қалдықтардың көлемі

мың т/ жыл


76,56

99,0


қалдықтарды саралап жинау, соның ішінде

%


76,56

99,0

9.9.2

қоқыс өңдеу зауыттары

бірлік/ мың т. жыл




9.9.3

қоқыс өртеу зауыттары

-//-




9.9.4

қоқыс тиеу станциялары

-//-




9.9.5

жетілдірілген қоқыс үйінділері (полигондар)

бірлік/га




9.9.6

полигондардың жалпы ауданы

га




9.9.7

соның ішінде бейберекет

-//-




9.10

Табиғат қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар

тиісті бірліктер




10

Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі

млн теңге


840 985,8


  Жетісу облысы Талдықорған
қаласының бас жоспарына
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
қосымша

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады