Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі";

      реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы

      ";

      реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Астана қаласы

25.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы

      ";

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

"Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Семей қаласы

      ";

      реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

45

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Астана қаласы

      ";

      2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады