Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 желтоқсандағы № 1158 қаулысы

      Алматы тау кластерін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері:

      1) Кешенді жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 27 ақпандағы
№ 1158 қаулысымен
бекітілген

Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспар

Паспорт


1.

Атауы

Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспар

2.

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің "Туризмді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" кеңестің қорытындысы бойынша берген 2024 жылғы 13 маусымдағы хаттамалық тапсырмасының 2.17-тармағы

3.

Іске асыру мерзімі

2025 – 2029 жылдар

4.

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі

5.

Негізгі проблемалар мен оларды шешу бойынша міндеттерді көрсете отырып, Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі туралы қысқаша ақпарат

Алматы агломерациясы Қазақстан Республикасының аса ірі туристік орталығы және елдің халықаралық туристік имиджін қалыптастырудың негізгі нүктесі болып табылады. Өңірге жалпы туристік лектің шамамен төрттен бірі, соның ішінде шетелдік туристердің жартысына жуығы тиесілі, бұл ретте Алматы тау кластері Қазақстанның халықаралық туристік нарықтағы басты визит карточкасының бірі ретінде танылған. Таулы туристік инфрақұрылымның жай-күйі мен даму деңгейі елдің заманауи, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті туристік бағыт ретінде танылуына тікелей әсер етеді.
Соңғы жылдары туристік белсенділік орнықты түрде таулы аймақтарға ауысуда, бұл ретте келушілер санының өсуі туристік, көлік және инженерлік инфрақұрылымның даму қарқынынан асып түсуде. Жүктеме жоғары болған кезеңде Алматы тау кластерінің объектілері жобалық көрсеткіштерден тыс режимде жұмыс істеуде, бұл аспалы жолдардың және тау шаңғысы трассаларының шамадан тыс жүктелуіне, туристік қызмет көрсету сапасының төмендеуіне, келушілердің қауіпсіздігіне төнетін тәуекелдердің артуына және елдің туристік брендіне теріс әсер ететін теріс пайдаланушылық тәжірибенің қалыптасуына алып келуде.
Аталған проблемалар жүйелі және аумақаралық сипатқа ие және олардың бытыраңқы жобалар шеңберінде шешімін табуы мүмкін емес. Кешенді әрі теңгерімді дамуды қамтамасыз ету мақсатында Түргеннен Қаскелеңге дейінгі шығыс және батыс бөліктердегі таулы локацияларды бірыңғай тау кешеніне біріктіру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, ол біртұтас сырғанау аймағын қалыптастырып, инфрақұрылымды кеңейту, туристік лекті біркелкі бөлу, жаңа аумақтарды кезең-кезеңмен тарту және табиғи тепе-теңдік пен таулы аймақтың ландшафтық тұтастығын сақтай отырып, жекелеген курорттарға түсетін жүктемені азайту үшін әлеует жасайды.
Алматы тау кластерінің орталық аймағы қолданыстағы және перспективалық туристік объектілерді интеграциялау үшін неғұрлым жоғары әлеуетке ие дамудың өзегі ретінде қарастырылады. Ұзақмерзімді даму шеңберінде Кімасар, Бұтақты және Қотырбұлақ шатқалдары арқылы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортын, "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" таудағы курорт-отелін және "Pioneer" тау сауықтыру кешенін біріктіретін бірыңғай тау шаңғысы және туристік кеңістікті қалыптастыру көзделеді.
Аталған тәсілдерді іске асыру перспективада аспалы жолдар санын шамамен 16-дан 40-45-ке дейін арттыруды, сырғанау трассаларының ұзындығын 41 км-ден шамамен 112-162 км-ге дейін ұлғайту, сондай-ақ тау кластерінің өткізу қабілетін тәулігіне 6 мың адамнан 24 мың және одан да көп адамға дейін бірнеше есе арттыруды қоса алғанда, инфрақұрылымды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру тау туризмін дамытудың орнықты және теңгерімді моделін қалыптастырудың, туристік өнімнің сапасын арттырудың, Қазақстанның халықаралық туристік бағыт ретіндегі имиджін нығайтудың және ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әрі экологиялық басымдықтарға жауап беретін заманауи инфрақұрылым құрудың басты құралы ретінде қарастырылады


Р/с

 

Атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі
(млн теңге)*

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1) шетелдік туристер санының жылына 986,5 мыңнан 1,7 млн адамға дейін ұлғаюы;

2) туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санының 91,8 мыңнан 101,8 мың адамға дейін ұлғаюы;

3) жеке инвестициялар сомасы 238,9 млрд теңге;

4) салықтық түсімдердің жылына 91,5 млрд теңгеден 117,3 млрд теңгеге дейін артуы

1-бағыт. Тау кластерін дамыту

1.

1-іс-шара. Алматы тау кластерінің орталық аймағындағы инженерлік желілерді зерттеп-қарау

зерттеп-қарау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

2.

2-іс-шара. Алматы тау кластерінің орталық аймағында аспалы арқанжолдар мен сырғанау трассаларын салу ("Нұрсұлтан" шыңы, "Сухой лог" шатқалы, Кімасар шатқалы, Бұтақты шатқалы – Кімасар шатқалы, "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" таудағы курорт-отелі мен "Pioneer" тау сауықтыру кешені, "Pioneer" тау сауықтыру кешені – Бұтақты шатқалы).

ТЭН, ЖСҚ, объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

222,4

ЖБ

2026 жылғы I тоқсан

518,8

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

1367,0

ЖБ

КМ, ТСМ

29450,0

РБ

Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

2097,5

ЖБ

КМ, ТСМ

81350,0

РБ

КМ, ТСМ

2028 жылғы IV тоқсан

56900,0

РБ

3.

3-іс-шара. "Нұрсұлтан" шыңында коммерциялық инфрақұрылымды (қоғамдық тамақтану) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

300,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

4.

4-іс-шара. "Сухой лог" шатқалында коммерциялық инфрақұрылымды (қоғамдық тамақтану) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

200,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

5.

5-іс-шара. Кімасар шатқалында коммерциялық инфрақұрылымды (қоғамдық тамақтану, жалға беру пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

3000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

6.

6-іс-шара. Бұтақты және Кімасар шатқалдарында коммерциялық инфрақұрылымды (қоғамдық тамақтану, жалға беру пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

2000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

7.

7-іс-шара. "Pioneer" тау сауықтыру кешені және Бұтақты шатқалында коммерциялық инфрақұрылымды (қоғамдық тамақтандыру, жалға беру пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

4000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

8.

8-іс-шара. Медеу-Шымбұлақ тау ауылын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

100000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

9.

9-іс-шара. Қаскелең шатқалын дамыту мастер-жоспарының тұжырымдамасын әзірлеу

мастер-жоспар

Алматы облысының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

35,0

ЖБ

10.

10-іс-шара. Түрген шатқалын дамыту мастер-жоспарының тұжырымдамасын әзірлеу

мастер-жоспар

Алматы облысының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

35,0

ЖБ

Жиыны: 281475,7 млн теңге сомасына 10 іс-шара, оның ішінде: РБ – 167700,0; ЖБ – 4275,7; бюджеттен тыс қаражат есебінен – 109500,0

2-бағыт. Су бұру, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау

11.

1-іс-шара. "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының су бұру желілерін реконструкциялау және су құбыры желілерін кеңейту

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

200,3

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ӨҚМ, ТСМ

2027 жылғы II тоқсан

4006,0

РБ

12.

2-іс-шара. Су тарту станцияларын, коллекторларды және кәріздік сорғы станцияларын қоса алғанда, қосымша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу (Кімасар шатқалы, Бұтақты шатқалы, "Pioneer" тау сауықтыру кешені)

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

355,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ӨҚМ, ТСМ

2026 жылғы IV тоқсан

5500,0

РБ

2027 жылғы IV тоқсан

1600,0

13.

3-іс-шара. Алматы тау кластерінің орталық аймағын газбен жабдықтау жүйелерін салу ("Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, Кімасар шатқалы, Бұтақты шатқалы, "Pioneer" тау сауықтыру кешені және "Oi-Qaragai Lesnaya Skazka" таудағы курорт-отелі).

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

500,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы IV тоқсан

3900,0

ЖБ

14.

4-іс-шара. Сол Талғар өзенінен "Oi-Qaragai – Ақтас" тау курортына дейінгі беткейлерде жасанды қар жасау үшін көлемі жылына 100000 м3 (2 км-ге дейін) болатын сумен жабдықтау құбырын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі
 

2027 жылғы IV тоқсан

627,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

15.

5-іс-шара."Oi-Qaragai – Ақтас" тау курорты шекарасына дейін шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған, көлемі тәулігіне 700 м3 болатын сумен жабдықтауды жеткізу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

170,0

ЖБ

Жиыны: 16858,3 млн теңге сомасына 5 іс-шара, оның ішінде: РБ – 11106,0; ЖБ – 5125,3; бюджеттен тыс қаражат есебінен – 627,0

3-бағыт. Электрмен жабдықтау, жарықтандыру, байланыс

16.

1-іс-шара. Электр беру желілері мен қосалқы станциялар салу ("Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, "Нұрсұлтан" шыңы және "Сухой лог" шатқалы):
жоғары және төмен вольтты кабельдік желілерді тарту; трансформаторлық қосалқы станциялар салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

200,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ӨҚМ, ЭМ, ТСМ

2027 жылғы III тоқсан

4000,0

РБ

17.

2-іс-шара. Кімасар шатқалының объектілерінде электр беру желілері мен қосалқы станциялар салу: жоғары және төмен вольтты кабельдік желілерді тарту; трансформаторлық қосалқы станциялар салу (№ 1 базалық станциядан № 2 базалық станцияға дейін (3,72 км)

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

150,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ӨҚМ, ЭМ, ТСМ

2027 жылғы III тоқсан

3000,0

РБ

18.

3-іс-шара. Бұтақты шатқалының объектілерінде электр беру желілері мен қосалқы станциялар салу: жоғары және төмен вольтты кабельдік желілер тарту; трансформаторлық қосалқы станциялар салу (Бұтақты шатқалынан № 3 базалық станцияға дейін (1,1 км)

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

85,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

1700,0

ЖБ

19.

4-іс-шара. Қотырбұлақ шатқалының объектілерінде электр беру желілері мен қосалқы станциялар салу: жоғары және төмен вольтты кабельдік желілерді тарту, трансформаторлық қосалқы станциялар салу (№ 4 базалық станциядан Елік-Сай тау шаңғысы базасына дейін (0,69 км)

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

85,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

1700,0

ЖБ

20.

5-іс-шара. "Oi-Qaragai – Ақтас" тау курорты, "Тау Тұран" тау шаңғы базасы, "Real Estate" қонақжайлары объектілерін сыртқы электрмен жабдықтау схемасы

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

ЭМ, ТСМ, Алматы облысының әкімдігі

2027 жылғы III тоқсан

4691,5

РБ

21.

6-іс-шара. Каскелең шатқалында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы III тоқсан

33,0

ЖБ

22.

7-іс-шара. Қаскелең шатқалында антенна-діңгекті құрылысты (АДҚ) орнату

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы III тоқсан

50,0

ЖБ

23.

8-іс-шара. Түрген шатқалында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы III тоқсан

20,0

ЖБ

24.

9-іс-шара. Түрген шатқалында антенна-діңгекті құрылысты (АДҚ) орнату

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы III тоқсан

150,0

ЖБ

Жиыны: 15864,5 млн теңге сомасына 9 іс-шара, оның ішінде: РБ – 11691,5; ЖБ – 4173,0

4-бағыт. Көліктік қолжетімділікті дамыту

25.

1-іс-шара. Абай алаңындағы орынтұрақтан "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына дейін электр автобустарын іске қосу

жолаушылар тасымалы

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

1000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

26.

2-іс-шара. "Медеу" биік таулы мұз айдынынан Тұйықсу шатқалына дейінгі ұзындығы 9,1 км автожолды күрделі жөндеу
 

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

200,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы IV тоқсан

14000,0

2027 жылғы IV тоқсан

14000,0

27.

3-іс-шара. Автожолды реконструкциялау, учаскені 7 метрге дейін кеңейту (Бейсеуов көшесі (3,9 км), Мұзтау шағын ауданы – Бұтақты шатқалы), сондай-ақ автотұрақ аумағында аялдама пункттері мен айналма алаңын ұйымдастыру (Бұтақты шатқалы – қорықшы үйі учаскесі)

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы II тоқсан

200,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

3950,0

28.

4-іс-шара. "Медеу" биік таулы мұз айдынынан Кімасар шатқалына дейінгі ұзындығы 1,6 км автожолды реконструкциялау және салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

150,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

3720,0

29.

5-іс-шара. "Pioneer" тау сауықтыру кешеніне кірме жолды қоса алғанда, Қотырбұлақ ауылынан басталатын ("Тау Самал" тау сауықтыру кешені) бөлікте ұзындығы 1,6 км автожолды реконструкциялау және салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

150,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

3700,0

30.

6-іс-шара. Казачка шатқалындағы Казачка көшесі бойында автомобиль жолының соңғы учаскесінде 30 автокөлікке арналған орынтұрақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

257,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

1500,0

31.

7-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесінде № 1 гидроэлектр станциясы (№ 1 ГЭС) ауданында 86 орынтұрақ орнына арналған орынтұрақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

317,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

950,0

32.

8-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесінде Аюсай шатқалындағы визит-орталық ауданында 58 орынтұрақ орнына арналған орынтұрақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

60,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

100,0

33.

9-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесінде "Аюсай" бөгеті аумағында 290 орынтұрақ орнына арналған орынтұрақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

237,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

650,0

34.

10-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесінде Көкшоқы шағын ауданында 800 орынтұрақ орнына арналған орынтұрақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

322,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы III тоқсан

2500,0
 

35.

11-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолы бойындағы 8-34 км учаскесіндегі орынтұрақтарда электр автобустарын іске қосу

жолаушылар тасымалы

Алматы қаласының әкімдігі

2028 жылғы III тоқсан

2700,0
 

бюджеттен тыс қаражат есебінен

36.

12-іс-шара. Қаныш Сәтбаев көшесінен (Байтұрсынов көшесінің бұрышы) "Аюсай" шатқалындағы визит-орталыққа дейін автобус қатынасын іске қосу

жолаушылар тасымалы

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

37.

13-іс-шара. Аюсай шатқалындағы визит-орталықтан № 1 гидроэлектр станциясы (№ 1 ГЭС) ауданындағы орынтұраққа дейін автобус маршрутын ұзарту

жолаушылар тасымалы

Алматы қаласының әкімдігі

2029 жылғы III тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

38.

14-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесіндегі орынтұрақ аймақтарында электр автокөлігіне арналған зарядтау станцияларын орнату

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

500,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

2027 жылғы III тоқсан

500,0

2028 жылғы III тоқсан

500,0

2029 жылғы III тоқсан

500,0

39.

15-іс-шара. Р-22 "Алматы – Космостанция" автожолының 8-34 км учаскесіндегі автомобиль жолын "Алма-Арасан" санаторийіне кірме жолмен қоса күрделі жөндеу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

150,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы IV тоқсан

16000,0

2028 жылғы IV тоқсан

10000,0

40.

16-іс-шара. Байбұлақ ауылынан бастап "Тау Тұран" тау шаңғысы базасына дейінгі ұзындығы 7,2 км учаскедегі автожолды күрделі жөндеу үшін 40 жер учаскесін сатып алу

әкімдік қаулысы

Алматы облысының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

169,0

ЖБ

41.

17-іс-шара. Байбұлақ ауылынан бастап "Тау Тұран" тау шаңғысы базасына дейінгі ұзындығы 7,2 км автожолды күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

3600,0

ЖБ

Жиыны: 82582,0 млн теңге сомасына 17 іс-шара, оның ішінде: ЖБ – 76722,0; бюджеттен тыс қаражат есебінен – 5860,0

5-бағыт. Инвестициялық жобалар

42.

1-іс-шара. Кімасар шатқалында 32 нөмірлік қонақүй кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы II тоқсан

2800,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

43.

2-іс-шара. Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Кіші Алматы шатқалында 15 глэмпинг салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы III тоқсан

800,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

44.

3-іс-шара. "Ski & Spa Resort" туристік базасын салу (81 нөмір және 5 қонақжай коттеджі, 15 заманауи қонақжай)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

11500,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

45.

4-іс-шара. Бұтақты шатқалында "Tau Hub" визит-орталығын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

800,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

46.

5-іс-шара. "Medeu Park Hotel" қонақүй кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

17000,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

47.

6-іс-шара. Тұйықсу шатқалындағы визит-орталықты реконструкциялау

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

3800,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

48.

7-іс-шара. "Просвещенец" рекреациялық кешені мен визит-орталығын салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

2200,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

49.

8-іс-шара. Тұйықсу шатқалында 12 глэмпинг салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

200,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

50.

9-іс-шара. "Oi-Qaragai – Ақтас" тау курортын кеңейту (инфрақұрылымды және тау шаңғысы трассаларын дамыту)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

Алматы облысының әкімдігі

2028 жылғы IV тоқсан

83200

бюджеттен тыс қаражат есебінен

Жиыны: бюджеттен тыс қаражат есебінен 122300,0 млн теңге сомасына 9 іс-шара

6-бағыт. Абаттандыру және туристердің қауіпсіздігі

51.

1-іс-шара. "Алма-Арасан" термалды бұлағын реконструкциялау

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы III тоқсан

282,8

ЖБ

52.

2-іс-шара. Бағдарлау объектілерін орната отырып, тау маршруттарын жасау

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы III тоқсан

129,2

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

142,1

2027 жылғы IV тоқсан

156,3

2028 жылғы IV тоқсан

171,9

2029 жылғы IV тоқсан

229,1

53.

3-іс-шара. Күн панельдері негізіндегі автономды энергиямен жабдықтайтын жалпыға қолжетімді кемпинг-аймақтар құру (жыл сайын 3 кемпинг-аймақтан)

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

87,8

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

96,6

2027 жылғы IV тоқсан

106,3

2028 жылғы IV тоқсан

116,9

2029 жылғы IV тоқсан

158,6

54.

4-іс-шара. Таулы жердегі табиғи бұлақтарды абаттандыру

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

34,5

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

37,9

2027 жылғы IV тоқсан

41,7

2028 жылғы IV тоқсан

45,9

2029 жылғы IV тоқсан

80,5

55.

5-іс-шара. № 1 гидроэлектр станциясынан (№ 1 ГЭС) Үлкен Алматы көлі бағытына қарай баспалдақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

50,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы IV тоқсан

1200,0

56.

6-іс-шара. № 2 гидроэлектр станциясынан (№ 2 ГЭС) "Жапон жолы" туристік маршруты бағыты бойынша баспалдақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

50,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы IV тоқсан

800,0

57.

7-іс-шара. Ақбұлақ шатқалынан Көкжайлау шатқалы бағытына қарай баспалдақ салу

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

50,0

ЖБ

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2027 жылғы IV тоқсан

1100,0

58.

8-іс-шара. Қазачка шатқалының Қазачка көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру

ЖСҚ

Алматы қаласының әкімдігі

2027 жылғы IV тоқсан

30,0

ЖБ

орындалған жұмыстар актісі

2028 жылғы IV тоқсан

300,0

59.

9-іс-шара. Үлкен Алматы шатқалындағы "Жапон жолы" туристік маршрутын абаттандыру

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

100,0

ЖБ

60.

10-іс-шара. 2 құтқару үйшігін орнату (Алматы-Алагир асуы, Құмбелсу шатқалы)

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

26,0

ЖБ

61.

11-іс-шара. Кіші Алматы шатқалы (Бұтақты шатқалы) аумағына 1 бақылау-құтқару пунктін орнату

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

15,0

ЖБ

Жиыны: ЖБ есебінен 5639,0 млн теңге сомасына 11 іс-шара

7-бағыт. Цифрландыру, ілгерілету, біліктілікті және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру

62.

1-іс-шара. "Almaty City App" қалалық мобильді қосымшасын іске қосу

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

430,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

63.

2-іс-шара. Картографиялық, туристік платформаларда тау маршруттарын цифрландыру (2Gis, Яндекс Карта жəне т. б.)

ТСМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі

2025 – 2029 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

64.

3-іс-шара. Алматы тау кластерінің туристік әлеуетін халықаралық цифрлық платформаларда (Expedia, Tripadvisor, Trip.com, Facebook, Instagram және т.б.) онлайн- ілгерілету және таргеттік позициялау

ТСМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі

2026 – 2029 жылдар

көзделген қаражат шеңберінде

көзделген қаражат шеңберінде

65.

4-іс-шара. Халықаралық көрмелерге қатысу және оларда Алматы тау кластерінің туристік әлеуетін таныстыру

ТСМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі

2026 – 2029 жылдар

көзделген қаражат шеңберінде

көзделген қаражат шеңберінде

66.

5-іс-шара. Алматы қаласы мен Алматы тау кластерінің туристік маршруттары бойынша аудиогид жасау (жыл сайын 10 маршруттан)

аудиогид

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

30,0

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

31,8

2027 жылғы IV тоқсан

34,0

2028 жылғы IV тоқсан

36,4

2029 жылғы IV тоқсан

40,0

67.

6-іс-шара. Туристік сала мамандары үшін фасилитациялық тренингтер өткізу

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

39,2

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

41,6

2027 жылғы IV тоқсан

44,5

2028 жылғы IV тоқсан

47,6

2029 жылғы IV тоқсан

50,9

68.

7-іс-шара. Гидтерді оқыту және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

50,4

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

53,4

2027 жылғы IV тоқсан

57,2

2028 жылғы IV тоқсан

61,2

2029 жылғы IV тоқсан

65,5

69.

8-іс-шара. Гидтерді даярлау мен олардың қызметін ұйымдастыру саласында халықаралық UIMLA ұйымымен (Халықаралық тау көшбасшылары қауымдастықтарының одағы) ынтымақтастықты дамыту

ТСМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы IV тоқсан

9,0

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

6,0

70.

9-іс-шара. Аспалы жолдар инженерлері мен тау шаңғысы курорттарының қызмет көрсетуші персоналына арналған оқыту және (немесе) біліктілікті арттыру курстарын өткізу

орындалған жұмыстар актісі

Алматы қаласының әкімдігі

2026 жылғы IV тоқсан

50,0

бюджеттен тыс қаражат есебінен

2027 жылғы IV тоқсан

53,5

2028 жылғы IV тоқсан

57,2

2029 жылғы IV тоқсан

61,2

71.

10-іс-шара. Tengri Ultra халықаралық трейл-марафонын ұйымдастыру

іс-шара

Алматы облысының әкімдігі

2026 – 2029 жылдар

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

72.

11-іс-шара. Central Asian Drift Show халықаралық автоспорт іс-шарасын өткізу

іс-шара

Алматы облысының әкімдігі

2026 – 2027 жылдар

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

73.

12-іс-шара. Іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша мамандандырылған жарысты ұйымдастыру

іс-шара

Алматы облысының әкімдігі

2027 – 2029 жылдар

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

Жиыны: 1350,6 млн теңге сомасына 12 іс-шара, оның ішінде: ЖБ – 698,7; бюджеттен тыс қаражат есебінен – 651,9

Жалпы жиыны: 526070,2 млн теңге сомасына 73 іс-шара, оның ішінде: РБ – 190497,5; ЖБ – 96633,8; бюджеттен тыс қаражат есебінен – 238938,9

      Ескертпелер:

      * Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстар көлемі мен іс-шаралар заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде мыналарды:

      елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлері мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін;

      бюджет заңнамасының талаптарын ескере отырып, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларына сәйкес қаралатын болады.

      Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері жоспарлаған іс-шараларды қаржыландыру тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде көзделетін болады. Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдіктерінің бюджеттік комиссиялары отырыстарының хаттамалары бар.


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АДҚ – антенна-діңгекті құрылыс;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама;

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ТОБЖ – талшықты-оптикалық байланыс желісі;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      UIMLA – Union of International Mountain Leader Associations (Халықаралық тау көшбасшылары қауымдастықтарының одағы);

      Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      * – қаржыландыру сомалары индикативтік, құны ТЭН мен ЖСҚ әзірленгеннен кейін айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады