"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" АҚ) "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "ҚАЭС" ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мазмұндағы реттік нөмірі 21-223-жолмен толықтырылсын:
"21-223. "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне:
411. "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Самұрық-Қазына" АҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) "ҚАЭС" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
