Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;";
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"41) бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады;";
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман заңнамасында айқындалған талаптар бұзылған кезде жедел ден қою шараларын қолданады;
41-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
"47-1) мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) және мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 48-2), 48-3), 48-4), 48-5) және 48-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"48-2) өз құзыреті шегінде су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғауды, су экология жүйелерін қорғауды, су объектілеріне ластағыш заттардың төгілуін мемлекеттік реттеуді және жерүсті мен жерасты суларының сапасын бақылауды ұйымдастырады;
48-3) жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін келіседі;
48-4) аймақтарға бөлуді және экологиялық нормативтерді аймақтар бойынша жеке белгілеуді қамтамасыз етеді;
48-5) су объектілеріне және олардың экологиялық жүйесіне антропогендік жүктемені нормалауды қамтамасыз етеді;
48-6) су объектісінің су жинау бассейнінің аумағын өндіріс, тұтыну қалдықтарымен және басқа заттармен ластанудан қорғауды қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) және 72-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"72-1) көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72-2) көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларына сәйкес көміртегі бірліктерінің саудасы жүзеге асырылатын тауар биржасын айқындайды;
72-3) тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді жүргізеді;
72-4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлар тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;";
103), 104), 105), 106) және 107) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"103) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
104) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
105) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне енгізу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
106) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
107) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 107-1) тармақшамен толықтырылсын:
"107-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылағы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын:
"125-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін қалдықтардың пайда болуын болғызбау, оларды бөлек жинау, қайтадан пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму) жөніндегі қызметті реттеу және ұйымдастыру ерекшеліктерін келіседі;";
мынадай мазмұндағы 134-1) тармақшамен толықтырылсын:
"134-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;";
141) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"141) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
"141-1) жедел ден қою шараларын қолдану туралы актілердің нысандарын, сондай-ақ қаулыны әзірлейді және бекітеді;";
154) тармақша алып тасталсын;
169) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 191-1) және 191-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"191-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
191-2) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 202-1) тармақшамен толықтырылсын:
"202-1) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды береді;";
206) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 249-1), 249-2), 249-3), 249-4), 249-5), 249-6), 249-7), 249-8), 249-9), 249-10), 249-11), 249-12), 249-13), 249-14), 249-15), 249-16), 249-17), 249-18), 249-19), 249-20), 249-21), 249-22), 249-23), 249-24), 249-25), 249-26), 249-27), 249-28), 249-29), 249-30), 249-31), 249-32), 249-33), 249-34), 249-35) және 249-36) тармақшалармен толықтырылсын:
"249-1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
249-2) үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
249-3) айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттiк инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлейді және бекiтеді;
249-4) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілетін шөп шабу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-5) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-6) жануарлар дүниесін пайдаланушының жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-7) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрілуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін әзірлейді және бекітеді;
249-8) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-9) мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде реттелмелі экологиялық туризмді өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-10) орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
249-11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
249-12) селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-13) селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-14) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
249-15) орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн әзірлейді және бекітеді;
249-16) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-17) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-18) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлер өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-21) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-22) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-23) мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-24) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-25) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-26) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-27) жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын әзірлейді және бекітеді;
249-28) орман қоры туралы ақпаратты жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
249-29) ормандардағы санитариялық қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
249-30) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-31) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
249-32) мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навигациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
249-33) жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-34) төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін әзірлейді және бекітеді;
249-35) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және гидрометеорологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу үшін мемлекеттік бақылау желісін дамыту саласында лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құнын және нысанын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
249-36) қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану сомасын белгілейді және мәліметтерді салық төлеушілерге және салық органына жібереді;";
257) тармақша алып тасталсын;
285) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 326-1) тармақшамен толықтырылсын:
"326-1) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;";
370) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"370) теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
393) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"393) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асырады;";
395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"395) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 395-1) тармақшамен толықтырылсын:
"395-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 442-1) тармақшамен толықтырылсын:
"442-1) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау және қайта бейіндеу және (немесе) оларды өзгедей пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";
468) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"468) орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алаңдарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қырылуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
кеспеағаш аймағының бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне;
орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";
469), 470), 471), 472), 473) және 474) тармақшалар алып тасталсын;
485) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"485) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде табиғи-климаттық факторлар, ормандардың зиянкестермен және аурулармен зақымдануы салдарынан болған зардаптарды жою кезінде орман орналастыру материалдарында айқындалмаған санитариялық және өзгедей ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;";
487) тармақша алып тасталсын;
494) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 507-1) тармақшамен толықтырылсын:
"507-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындайды және ұсынады;";
530) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"530) жануарлар дүниесі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 614-1), 614-2), 614-3), 614-4), 614-5), 614-6), 614-7), 614-8), 614-9) және 614-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"614-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
614-2) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
614-3) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;
614-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
614-5) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
614-6) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
614-7) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
614-8) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
614-9) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;
614-10) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысады;";
627) тармақша алып тасталсын;
634) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"634) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 634-1) және 634-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"634-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
634-2) ведомстволық бюджет комиссиясын құрады, оның жұмыс органын айқындайды және ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекітеді;";
635) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"635) жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 647-1) тармақшамен толықтырылсын:
"647-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек нормалары мен нормативтерін өзі белгілеген тәртіп бойынша әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 664-17), 664-18), 664-19), 664-20), 664-21), 664-22), 664-23) және 664-24) тармақшалармен толықтырылсын:
"664-17) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
664-18) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
664-19) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
664-20) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;
664-21) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бірлескен актісімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;
664-22) өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына Қазақстан Республикасы экология заңнамасының сақталуы бойынша тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемдері туралы мәліметтерді ұсынады;
664-23) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мониторингті жүзеге асырады, мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді;
664-24) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;";
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіндегі 1-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сексен сегізінші, бір жүз елуінші және бір жүз елу бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
