"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 1113 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      7-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісінше 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 және 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулыларымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің және ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелеріне енгізілген ұйымдар акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің сақталуын қамтамасыз етсін.

      Бұл ретте осы қаулының 7-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацында көзделген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес шетелдік заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымға, шетелдікке және (немесе) азаматтығы жоқ адамға дербес не басқа шетелдік заңды тұлғалармен, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және (немесе) азаматтығы жоқ адамдармен жиынтықта "Эйр Астана" акционерлік қоғамының акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, акциялары базалық активі болып табылатын туынды ("Эйр Астана" акционерлік қоғамы өзі сатып алған акциялар шегеріле отырып) бағалы қағаздарды "Эйр Астана" акционерлік қоғамының орналастырылған акциялары жалпы санының қырық тоғыз және одан көп пайызынан асатын мөлшерде тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге тыйым салудың сақталуы шартымен "Эйр Астана" акционерлік қоғамына, сондай-ақ құрамына "Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін Forum Muider Limited-ке қолданылмайды;";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      мына:

      "

18-2.

16.2.

"GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тікелей атаулы сату

2024

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "

18-3.

16.3.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы





Forum Muider Limited, оның құрамында:

ашық екі кезеңді конкурс/ электрондық конкурс/ тікелей атаулы сату

2025


16.3.1.

"Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады