"Ұлттық балаларды оңалту орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1098 қаулысы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы оған "Балбұлақ" балаларды оңалту орталығы" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 400-жолдың 5-бағанындағы 1) тармақша алып тасталсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады