Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 19-3) және 19-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"19-3) халықаралық мектептер мәртебесін беру ережелерін әзірлеу және бекіту;
19-4) халықаралық мектеп мәртебесін беру;";
146) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 146-1) тармақшамен толықтырылсын:
"146-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беруді басқару органдары бірінші басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;";
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"167) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 190-1), 190-2), 190-3), 190-4), 190-5) және 190-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"190-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
190-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
190-3) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
190-4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
190-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
190-6) білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін әзірлеу және бекіту;";
234-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"234-6) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді, сондай-ақ оларды іске асыру мониторингін және білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтық сауаттылығы мен қорғалуы деңгейіне зерттеулер жүргізу мониторингін жүзеге асыру;";
234-7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 235-41), 235-42) және 235-43) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-41) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті саланың (аяның) уәкілетті органдары және өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз ету;
235-42) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін аудару нормативін белгілеу;
235-43) мемлекеттік таза кірістің бөлігін кәсіпорындардың бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асыру;".
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Абай ұлттық мектебі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
