Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 325-жолдың 5-бағанында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
реттік нөмірі 345-жолдың 5-бағанында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
реттік нөмірі 377-жолда:
5-бағанда:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін";
реттік нөмірі 393-жолдың 5-бағанында:
43) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
"44) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |