"TURAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 693 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "TURAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "TURAN" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы 4414,39 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 9 қосалқы аймақ: ауданы 494,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар, 290 гектар, 50 гектар және 584 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.";

      "TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 қаулысына
1-қосымша
"TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

"TURAN" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары




      9 қосалқы аймақтың жалпы ауданы, S = 4414,39 га

      ____________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысымен
бекітілген

"TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары

Р/с

Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер (атаулары)

Өлшем бірлігі*

Базалық кезең (2024)

2028 жылға қарай қол жеткізу

2033 жылға қарай қол жеткізу

2038 жылға қарай қол жеткізу

2043 жылға қарай қол жеткізу

1

2

3

4

6

7

8

9

1.

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсумен)

млрд теңге

525,6

1 380

1 449

1 522

1 598

2.

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд теңге

394,4

502

527

553

581

3.

Отандық инвестициялар көлемі

млрд теңге

131,2

878

922

969

1 017

4.

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд теңге

12

32

47

50

55

1

2

3

4

5

6

7

8

5.

Қатысушылар саны

компания

66

183

192

202

212

6.

Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны

адам

55

56

64

66

70

7.

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсумен)

адам

1 978

7 033

9 300

13 000

18 200

8.

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесі

%

45

50

55

60

65

      * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады