ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 4-1-жол алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"54) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";
55-2), 55-3) 55-4) және 55-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"55-2) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55-3) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
55-4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асыру:
қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
экспорттық саудалық қаржыландыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру тетіктерін пайдалану;
55-5) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асыру:
олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;
сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, қазақстандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар;";
мынадай мазмұндағы 67-1) және 67-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"67-1) Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту;
67-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны тәртібін айқындау;";
97) тармақша алып тасталсын;
105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"105) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда) жасау, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;";
111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"111) тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";
140) тармақша алып тасталсын;
155) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"155) тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) тауарды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асыру;".
2. Осы қаулы:
1) 2025 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың жиырма бірінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармақтың жиырма үшінші, жиырма алтыншы – отызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |