"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 шiлдедегi № 546 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы азаматтарды хабардар етуді жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары тұрғылықты жері бойынша: кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдар арқылы шақырту қағаздарымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары жүргізіп, қол қойғызып алады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім деңгейі бойынша талаптарға, жұмыс тәжірибесіне және дене дайындығына басымдық беріліп жүзеге асырылады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сарбаздар қатарынан сержанттарды, кіші мамандарды даярлау үшін оқу-жаттығу бөлімдері мен мектептерге іріктеу білімі ортадан төмен емес әскерге шақырылушылар қатарынан қатаң түрде жеке тәртіппен жүргізіледі (оқу-жаттығу бөліміне кандидат іріктеген кезде олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары да ескеріледі);";

      16-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші кезең қорғаныс істері департаментінде жиын пункттерінде жыл сайын 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін, 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.";

      16-7-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "денсаулық сақтау ұйымынан және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінен созылмалы ауруларымен динамикалық, оның ішінде психикалық денсаулық, фтизиопульмонология орталықтарында, тері-венерология орталықтарында есепте тұрған адамдардың тізімдерін олардың келісуімен, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысанына (амбулаторлық пациенттің медициналық картасына (052/у нысаны), профилактикалық қарап-тексеру (скрининг) картасына (055/у нысаны), әскерге шақыру жасына дейінгі адамның емдік картасына (060/у нысаны) сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды;";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан әскерге шақырылушының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), туған күнін және жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскерге шақырылушының қайтыс болуы тіркелген жағдайлар туралы;";

      16-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-9. Қорғаныс істері басқармаларында (бөлімдерінде) зерделенген және іріктеп алынған әскерге шақырылушылардың тізімдері осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес 28 ақпанға және 28 тамызға қарай қорғаныс істері департаментіне беріледі.";

      30-2-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) екі данада акт жасай отырып (бір данасы қорғаныс істері департаментіне, екінші данасы әскери бөлімнің (мекеменің) өкіліне беріледі, ол еркін нысанда жасалады және оған қорғаныс істері департаментінің медицина қызметінің бастығы, әскери бөлімнің (мекеменің) медицина қызметкері қол қояды), денені қарап-тексеру;";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Командаларды құру аяқталғаннан кейін әскерге шақырылған азаматтар мынадай құжаттармен бірге әскери бөлімдердің (мекемелердің) өкілдеріне беріледі:";

      35-тармақта:

      бірінші бөліктің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) әскери қызметке шақырылатын азаматтарға психологиялық зерделеу (зерттеу) жүргізуге арналған үй-жай болуға тиіс.";

      үшінші бөліктің орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары және олардың тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың) жиын пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қажетті тәрбие жұмысы мен идеологиялық жұмысты ұйымдастырады, шығарып салуға келген ата-аналармен түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және әскерге шақырылушылар ата-аналарының қатысуымен әскери командалардың жеке құрамын салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады.";

      37-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жаңадан келгендердің жалпы санын нақтылайды;";

      41-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау пункттерінде тізімнің бірінші данасында 8-бағанда әрбір әскерге шақырылушының тегінің тұсына қашан және қандай әскери бөлімге (мекемеге) (орналасу пунктін көрсетпей, әскери бөлімнің (мекеменің) шартты нөмірі) мерзімді әскери қызмет өткеруге жіберілгені туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасы әскерге шақырылушыларды қабылдау аяқталғаннан кейін командирлердің (бастықтардың) өкімімен қабылдау пункті құрылған әскери бөлімге (мекемеге) беріледі. Келгендерді қабылдау туралы белгісі бар, елтаңбалы мөрмен расталған екінші данасы жаңадан келгендерді жіберген қорғаныс істері жөніндегі департаментке жіберіледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Запастағы офицерлерді әскерге шақыру үшін іріктеу жүргізілген кезде іріктеу жөніндегі комиссиялардың құрамына офицерлермен жасақтау көзделетін әскери бөлімдердің (мекемелердің) өкілдері қосылады.";

      45-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іріктеп алынған кандидаттармен әңгімелеседі не денсаулық жағдайына, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, отбасы жағдайына айырықша назар аудара отырып, мінездемелік құжаттар бойынша зерделейді, кәсіптік даярлық деңгейін айқындау үшін жалпы сауалнама өткізеді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әскери бөлімнің (мекеменің) тәрбие құрылымының командирлерімен (бастықтарымен), офицерлерімен запастан әскерге шақырылған офицерлермен жұмыс жүргізу нысандары мен әдістері бойынша сабақтар (нұсқау беруді) өткізеді.";

      47-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адам медициналық тексеру карталарының, жеке істердің және басқа да әскерге шақыру құжаттарының толық әрі сапалы толтырылуын тексереді. Жергілікті әскери басқару органының бастығы арнайы тексеру жүргізу үшін тиісті органдарға сұрау салуларды ресімдейді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) лауазымды адамдары іріктеп алған және әскери қызметке шақыруға жарамды кандидаттардың тізімдері тиісті командирмен (бастықпен) келісілгеннен кейін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) офицерлер әскери бөлімге (мекемеге) келгеннен кейін әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады және ризықтың барлық түріне тіркейді, баяндауды жүзеге асырады, жергілікті әскери басқару органын хабардар етеді және офицерлердің есептік деректерін нақтылауды жүргізеді.";

      56-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Запастан әскерге шақырылған офицерлер әскери бөлімдерге (мекемелерге) келгеннен кейін командир (бастық) мынадай нұсқаулар береді:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Офицер қызмет орнына келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің және әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің (мекемелердің) кадр бөлімшелері себептерін нақтылайды және облыстардың қорғаныс істері департаменттеріне офицердің есептік деректері, жеке құрам бойынша бұйрықтың нөмірі көрсетілген сұрау салу жібереді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Әскери жиындардың негізгі мақсаттары бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын әскери бөлімдердің (мекемелердің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістетуге қажетті әскери оқытылған ресурсты даярлау және запаста жинау болып табылады.";

      61-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "соғыс уақытының ұйымы мен штатына жақындатылған жағдайларда есептоптарды, бөлімшелерді, әскери бөлімдер (мекемелер) мен құрамаларды жауынгерлік шоғырландыру;";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Тексеру жиындарында жұмылдыру жоспарына сәйкес әскери бөлімдерге (мекемелерге) тіркелген әскери міндеттілермен олардың әскери даярлығы мен практикалық дағдысын талап етілетін деңгейде ұстау жөніндегі сабақтар, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерінде оларды жауынгерлік қолдану, жүргізу және қызмет көрсету бойынша өздерінің міндеттерін орындау жөніндегі жаттығулар өткізіледі.";

      66-тармақта:

      бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, әскер тектері немесе қызмет бойынша әскери жиындар өткізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы белгілейтін бақылау тапсырмалары негізінде тиісті штабтар мен басқармалар әзірлейді. Ұсыныстарда жиын түрі, оның өткізілетін орны мен мерзімі, әрбір мамандық және жиынға өрістету үшін жоспарланатын нақты құрама, әскери бөлім (мекеме) бөлінісінде жиынға шақырылуға тиіс әскери міндеттілердің саны көрсетіледі.

      Режимдік бөлімдерде (мекемелерде), сондай-ақ әскери міндеттілер ерекше маңызды жұмыстармен, өте құпия және құпия техникамен және құжаттармен байланысты болатын әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери жиын жоспарланатын болса, ұсыныстарда осы әскери бөлімдерге (мекемелерге) жиынға шақырылатын әскери міндеттілердің рұқсатнама нысандары көрсетіледі. Әскери міндеттілер үшін рұқсатнама нысаны мерзімді әскери қызметтің және келісімшарт бойынша әскери қызметтің әскери қызметшілеріне арналған үлгідегідей айқындалады.

      Ұсыныстардың офицерлер құрамын даярлауға, сондай-ақ тікелей штабтар мен басқармаларға бағынысты емес әскери бөлімдердің (мекемелердің), құрамалар мен әскери оқу орындарының базасында мамандар даярлауға қатысты бөлімдері тиісінше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр және ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменттерімен келісіледі.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқаулары және әскери жиын өткізудің жалпы жоспары негізінде штабтар:

      1) бағынысты әскери бөлімдердің (мекемелердің) әскери жиын өткізу жоспарларын;

      2) бағынысты әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери міндеттілердің әскери жиынын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әскерлердің жұмылдыру даярлығы жөніндегі іс-шаралар ескерілген, алдағы оқу жылына арналған оқу бағдарламаларын, әдістемелік ұсыныстар мен қажетті нұсқауларды;

      3) жиынды материалдық және қаржылай қамтамасыз етуді жоспарлау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісілген әскери міндеттілердің саны және оларды әскери бөлімнің (мекеменің) әскери жиынына тарту мерзімі туралы деректерді;

      4) әскери бөлімдер (мекемелер) үшін әскери жиын өткізудің мамандықтар бойынша әскери міндеттілерді шақыру мөлшері, жиын өткізілетін мерзім, сондай-ақ жиынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқу-жаттығу алаңдарын, атыс орындарын бөлу мен мемлекеттік және әскери құпияларды сақтау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген жоспарларын әзірлейді.

      Әскери жиында әскери міндеттілерді даярлаудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жыл сайын 1 ақпанға қарай ұсынылады.

      Әскери жиын жоспарларында әскери бөлімдерді (мекемелерді) өрістету басталғанға дейін 10 күн бұрын запастағы офицерлерді тіркелген құрамның оқу-жаттығу жиынына шақыру көзделеді. Әскери міндеттілер техникалық қызмет көрсету бөлімшелері мен әскери бөлімдеріне жиындарды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде шақырылады.";

      68, 69, 70, 71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жоспарды әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары құрамаларының, әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) штабтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабына жыл сайын 1 ақпанға дейін қажетті есеп-қисаптарды ұсынады.

      69. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) қорғаныс істері департаменттеріне әскери бөлімдердегі (мекемелердегі) әскери жиындарға әскери міндеттілерді шақыруға нұсқаулар мен нарядтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы береді.

      70. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) мен қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары алдағы жылы әскери жиынға әскери міндеттілерді шақырудың және техника жеткізудің мерзімі мен мөлшері туралы деректерді облыстар (республикалық маңызы бар қала немесе астана) әкімдерінің назарына жеткізеді.

      71. Әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының нұсқаулары мен нарядтары негізінде қорғаныс істері департаменттері (басқармалары мен бөлімдері) жүргізеді. Жиынға бірінші кезекте жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлімдерге (мекемелерге) тағайындалған әскери міндеттілер шақырылады.

      72. Қорғаныс істері департаменттері (басқармалары, бөлімдері) әскери міндеттілерді іріктеудің сапасына, әскери жиынға уақтылы жөнелтуге және нарядтардың толық орындалуына жауапты болады. Әскери жиынға әскери міндеттілерді іріктеуді қорғаныс істері департаменттері (басқармалары, бөлімдері) ресурс дайындалатын әскери бөлімдердің (мекемелердің) тиісті командирлерімен (бастықтарымен) бірлесіп жүргізеді.";

      76-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркелген құрамды жиынға жіберген кезде денсаулық жағдайына шағым білдірген әскери міндеттілер, сондай-ақ десанттық-шабуылдау әскерлері әскери бөлімдерінің, авиацияның ұшу-көтерілу және сүңгуір лауазымдарының тіркелген құрамының жиынына жіберілетін адамдар ғана медициналық тексеруден өтеді.";

      78-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Тапшы мамандарды даярлау бойынша әскери жиынға шақыру үшін әскери міндеттілерді, іріктеп алынған кандидаттарды, сондай-ақ тіркелген құрамның жиынына шақыру үшін запастағы офицерлерді хабардар ету есептік деректерді тексеру және медициналық куәландырудан өткізу мақсатында алдын ала жүргізіледі, кейіннен оларға жөнелтуге келу мерзімі және жиын ұзақтығы көрсетілген белгіленген үлгідегі шақырту қағаздары тапсырылады. Кәсіпорын басшысына жолданатын хабарламада әскери міндеттілердің әскери жиында болу мерзімі, жиында болу уақыты және әскери бөлімге (мекемеге) дейін және жиыннан қайтарда жолға кететін уақыт ескеріліп көрсетіледі.";

      79-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапшы мамандықтар бойынша жетілдіру және даярлау үшін әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер әскери бөлімдерге (мекемелерге) олардың жиын өткізілетін жерге сабақ басталғанға дейін бір күн бұрын жетуі есебімен жөнелтіледі.";

      80-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Тапшы мамандарды даярлау бойынша әскери жиыннан өту үшін шақырылған әскери міндеттілерге жергілікті әскери басқару органдары әскери бөлімдер (мекемелер) командирлеріне (бастықтарына):";

      81, 82 және 83-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Әскери жиынға жіберілетін запастағы офицерлердің жеке істері құпия поштамен жіберіледі, режимдік бөлімдер мен мекемелерге атаулы тізімдер, ұшу кітапшалары мен медициналық кітапшалар да құпия поштамен оларды әскери бөлімдер (мекемелер) жиын басталғанға дейін екі күн бұрын алатындай есеппен жіберіледі.

      82. Ерекше режимдік бөлімдер мен мекемелерге жиынға жеке өзі немесе команда құрамында жіберілетін әскери міндеттілерге нұсқамалар режимдік әскери бөлімдер мен мекемелер үшін белгіленген тәртіппен беріледі. Команда жетекшілеріне берілетін атаулы тізімдерде жиынға команда құрамында бара жатқан әскери міндеттілердің тегі, аты, әкесінің аты ғана көрсетіледі.

      83. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілерді шақыру қорғаныс істері департаменттеріне олар жиын басталғанға дейін бір ай бұрын жіберетін дербес тізімдер (сандық өтінімдер) бойынша жүргізіледі.";

      85-тармақ мынадай редакцияла жазылсын:

      "85. Әскери жиын өткізілетін әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) запастағы офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды жауынгерлік даярлаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуінің сапасына, жиынның уақтылы әрі толық материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, оқу-жаттығу базасын дайындауға, әскери міндеттілерді қабылдау мен жиыннан шығарып салуды ұйымдастыруға жауапты болады. Құпия жұмысты жүргізу және құпия құжаттардың, техника мен қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылуға тиіс. Әскери міндеттілердің назарына құпия құжаттарды, техника мен қару-жарақты сақтау және олармен жұмыс істеу, жеке хат алмасуды жүргізу тәртібі мен мемлекеттік және әскери құпияның сақталуы үшін дербес жауапкершілік, жеке блокноттарында құпия жазу, сурет, есеп-қисап салуға және әскери объектілер мен құпия техниканың фото-кинотүсіріліміне жол бермеу жөніндегі негізгі талаптар жеткізілуге тиіс.";

      86-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) әскери жиын өткізуге тапсырма алған кезде:";

      87, 88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Әскери міндеттілермен оқу процесі әскери жиын өткізетін әскери бөлімдердің (мекемелердің) қарулануында тұрған әскери техника мен қару пайдаланылып ұйымдастырылады.

      88. Әскери жиында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы кадрлар құрамына, олар жиында жүрген әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери оқу орындары үшін белгіленгенмен бірдей болады.

      89. Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды әскери бөлім (мекеме) орналасқан жерден босатуды рота командирлері (жиын бастықтары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Әскери және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ мемлекетке келтірген материалдық зиян үшін әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.";

      94-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Әскери бөлімдер (мекемелер) командирлері (бастықтары) мен штабтары әскери жиын аяқталғаннан кейін:";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) офицердің, сондай-ақ сержант пен сарбаздың жеке ісінде және әскери билетінің тиісті бөлімінде жиыннан өткені туралы белгі қойып, командирдің (бастықтың) (штаб бастығының) қолымен, әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен растайды;

      3) әскери жиыннан (тапшы мамандықтар бойынша немесе тіркелген құрамның) сәтті өткен және тиісті лауазымдар бойынша қажетті даярлық алған (жиын мерзіміне қарамастан) запастағы сержанттар мен сарбаздарға атаулы тізім жасап, онда жиынның ұзақтығын, әскери-есептік мамандықтардың нөмірлерін және кейіннен оларды есепке алу орынды болатын лауазымдық біліктіліктерді көрсетеді (жиын өткені туралы әскери билеттің тиісті тармағында командирдің (бастықтың) (штаб бастығының) қолы қойылып, әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен расталған белгі қойылады);";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әскери міндеттілерді әскери бөлімдерден (мекемелерден) салтанатты жағдайда ұйымдасқан түрде шығарып салуды жүргізеді, ал жиын бағдарламасын жақсы меңгерген адамдарды көтермелейді;";

      96-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "жергілікті әскери басқару органдары – жиын өткізетін әскери бөлімдер (мекемелер) орналасқан жерге дейін;

      әскери бөлімдер (мекемелер) (жиын аяқталғаннан кейін) – әскери міндеттілердің тұрғылықты жеріне дейін.";

      97-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиын өткізетін әскери бөлімдердің (мекемелердің) жеке құрамы үшін белгіленген үлес нормалары бойынша азық-түлікпен;";

      100-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Тікелей әскери жиын өткізетін әскери бөлімдерде (мекемелерде) осы жиынды ұйымдастыру мен оның барысын тексеру бақылаудың негізгі түрі болып табылады.

      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тексеру жүргізуді жоспарлап, тексеру қашан жүргізілетінін және оны кім, қандай мерзім ішінде, қандай әскери бөлімдерде (мекемелерде) жүргізетінін айқындайды.";

      102-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Запаста тұрған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және министрліктердің арнайы құралымдарының әскери бөлімдеріне тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс уақытының штаттарында көзделген әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру немесе оларды әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдардың азаматтық персонал (жұмыскерлер) лауазымдарында жұмыс істеуге жіберу үшін жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру деп мынадай іс-шаралар түсініледі:";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарының алдын ала жиын пункттеріне (жиын пункттеріне) немесе тікелей әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі);";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдары және мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдардың оларды соғыс уақытының ұйымы мен құрылымына ауыстыруды көздейтін жұмылдыру жоспарларында белгіленген көлемде жүзеге асырылады.";

      108-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Азаматтарды әскери бөлімдерге (мекемелерге) тіркеуді (арнайы құралымдарға тағайындауды) жергілікті әскери басқару органдары әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдардың командирлерімен (бастықтарымен) өзара іс-қимыл жасай отырып ұйымдастырады.

      Бейбіт уақытта әскери бөлімдерде (мекемелерде) және арнайы құралымдарда азаматтық персонал (жұмыскерлер) лауазымында жұмыс істейтін азаматтар осы әскери бөлімдерге бірінші кезекте тіркелуге (арнайы құралымдарға тағайындалуға) тиіс.";

      109-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке жоспарлы түрде шақыру (жұмысқа жіберу) туралы шешімді жергілікті әскери басқару органдары азаматтардың назарына жұмылдыру нұсқамаларын беру және олардың әскери билеттеріне бұл туралы тиісті белгі қою арқылы алдын ала жеткізеді. Әскери бөлімдерге (мекемелерге) тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) барлық азаматтарға, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарын күшейту аппаратына тағайындалған азаматтарға тиісті жергілікті әскери басқару органдары дербес шақырту қағазын жазады. Жұмылдыру нұсқамаларына, дербес шақырту қағаздарына жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары қол қояды және олар елтаңбалы мөрмен расталады.";

      113-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтардың алдын ала жинау пункттеріне немесе тікелей әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі) жұмылдыру нұсқамалары және дербес шақырту қағаздары негізінде жүзеге асырылады.";

      114, 115, 116, 117, 118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілетін) азаматтарды тасымалдау үшін ең алдымен қоғамдық жолаушылар көлігі, қала маңы пойыздары мен кемелер пайдаланылады. Белгіленген тәртіппен ұйымдардың автокөлігі және әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарды жасақтау үшін азаматтардан алынған автокөлік тартылады.

      Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтар әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға жаңадан келгендерді күтіп алу пункттеріне не жиын пункттеріне жіберіледі.

      Алдын ала жинау пункттерінен шыққан кезде азаматтармен еріп жүру және оларды әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға тапсыру үшін әрбір командаға әскери қызметке шақырылмайтын (жұмысқа жіберілмейтін), запастағы офицер, сержант және старшина әскери атақтары бар азаматтар қатарынан бастық тағайындалады.

      Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды әскери бөлімдерге (мекемелерге) және арнайы құралымдарға тапсыру әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдардың жеке құрамын қабылдау пункттерінде немесе тікелей алдын ала жинау пункттерінде жүзеге асырылады.

      115. Алдын ала жинау пункттері арқылы облыстан (республикалық маңызы бар қалалардан немесе астанадан) тыс жерде орналасқан әскери бөлімдерге (мекемелерге) тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жөнелту жүзеге асырылады.

      116. Тікелей әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген):

      1) әскери бөлімдер (мекемелер) және арнайы құралымдар соғыс уақытының ұйымы мен құрылымына ауыстырылған кезде оларға бірінші кезектегі жұмыстарды орындауға тартылатын;

      2) бейбіт уақытта әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарда азаматтық персонал (жұмыскер) штаттық лауазымында немесе жалдау (штаттық кесте) бойынша жұмыс істейтін және оларға тіркелген азаматтар жіберілуі мүмкін.

      117. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылатын (жұмысқа жіберілетін), ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды жинауды және оларды алдын ала жиын пункттерінде жеткізуді кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) жүргізеді. Көрсетілген азаматтарды алдын ала жинау пункттеріне тапсыру әкімдер растаған атаулы тізімдер бойынша жүзеге асырылады. Атаулы тізімдермен бірге хабардар етілмеген азаматтарға олардың хабардар етілмеу себептері көрсетілген дербес шақырту қағаздары ұсынылады. Атаулы тізімдердің нысанын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы белгілейді.

      118. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды және оларды жұмысқа жіберуді (оның ішінде ерікті түрде) жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

      119. Тиісті комиссиялар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге) тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп таныған жағдайда жұмылдыру нұсқамалары жоқ азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) жүзеге асырылады. Көрсетілген азаматтар әскери бөлімдер (мекемелер) мен арнайы құралымдарға оларды толық және сапалы жасақтау мақсатында жіберіледі.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Әскери есепке алу құжаттарында әскерге шақыру (жұмысқа қабылдау) фактісі ресімделгеннен кейін және азаматты әскери бөлім (мекеме) немесе арнайы құралым тізіміне енгізу және әскери лауазымға (азаматтық персонал (жұмыскер) лауазымына) тағайындау туралы бұйрыққа әскери бөлімнің (мекеменің) немесе арнайы құралымның командирі (бастығы) қол қойғаннан кейін азамат жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылды (жұмысқа қабылданды) деп есептеледі.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Ішкі істер органдары әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге (мекемелерге) жөнелтілуі және олардан кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады