Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 шiлдедегi № 545 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 19 шілдедегі
№ 545 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабына сәйкес әзірленді және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызметшiге, резервтегі әскери адамға, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:

      1) әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті не әскери қызметтен шығарылғаннан, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);

      2) әскери қызметшіге әскери қызметін өткеру кезеңінде, резервтегі әскери адамға жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде, әскери міндеттіге әскери жиындарда болған кезеңде немесе әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындар аяқталған кезеңде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген;

      3) әскери қызметші, резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға, әскери міндеттіге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери жиындардан өтетін немесе өткен әскери міндеттілер, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамдар бойынша өтемақы алу үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) не әскери қызметтен шығарылғаннан, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күн ішінде:

      1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшерi туралы анықтаманы;

      2) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;

      3) әскери қызмет өткеруге байланысты әскери қызметшiнiң, резервтегі әскери адамның немесе әскери мiндеттiнiң қаза табуын (қайтыс болуын) тергеп-тексеру материалдарын;

      4) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның қайтыс болуға әкеп соқтырған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себептік байланысы туралы қорытындысын сұратады.

      Бұл ретте әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) жағдайы бойынша өтемақы оқиға басталған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183401 болып тіркелген) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін мүгедектігі туралы анықтаманың (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде:";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, әскери жиындарда болған кезеңде әскери міндеттілерге, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамға әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:";

      13-тармақтың 2) тармақшасындағы "әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады." деген сөздер "әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) резервтегі әскери адамнан – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүргені туралы әскери бөлімнің (мекеменің) анықтамасын сұратады.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, резервтегі әскери адамдарға, әскери міндеттілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:";

      15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде:";

      15-тармақтың 2) тармақшасындағы "әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады." деген сөздер "әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) резервтегі әскери адамнан – әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) резервтегі әскери адамды әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару туралы бұйрығынан үзіндіні сұратады.";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда мертігіп (жараланып, жарақаттанып, контузия алып), бұл мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) мынадай құжаттарды:";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қабылдап, түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Әскери қызметшілерге, резервтегі әскери адамдарға, әскери міндеттілерге не оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап екі ай ешінде Заңда белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.".

      1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша";

      3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 3-қосымша";

      4-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 4-қосымша".

      2. "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1047 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдардың курсанттарына, тыңдаушыларына, қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда баянат (өтініш) ол берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өзге құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметкер не әскери қызметші Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемнің тағайындалуына құқылы болса;";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақшалай төлем алушыға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған;";

      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшалай төлемді қайта есептеу уәкілетті органның шешімі (бұйрығы) негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.".

      3. "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 12-тармағына, 78-бабының 11-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асырудың мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      2. Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

      Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы), сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспаған балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.";

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ақшалай төлем қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қаза табуының (қайтыс болуының) себебі мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс болған жағдайда тағайындалады.

      Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қаза табуы (қайтыс болуы) мен оның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының) себеп-салдарлық байланысы туралы қорытындыны (қаулыны) әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) шығарады.

      8. Егер қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қайтыс болуы:

      1) оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде;

      2) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық мас күйге ұшырататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес тұтынуы салдарынан;

      3) ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қасақана қандай да бір дене жарақатын (мүшесін зақымдау) немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны белгіленсе, ақшалай төлем жүргізілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ақшалай төлем тағайындау қызметкер, курсант, әскери қызметші, резервтегі әскери адам қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап оны алуға құқығы бар адамның өтініші және әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысы (қаулысы) негізінде жүргізіледі.

      Ақшалай төлем тағайындаған кезде ақшалай төлемді қайта есептеу қызметкер, курсант, әскери қызметші, резервтегі әскери адам қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап өтініш берілген күнге дейін, бірақ ақшалай төлем тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі бір жылдан асырмай жүргізіледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ақшалай төлем:

      1) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;

      2) ақшалай төлем алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) ақшалай төлем алушы кәмелетке толған немесе жиырма үш жастан аспаған шекте орта білім беру (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру), орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанда оқу орнын бітірген;

      4) ақшалай төлем алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.

      Ақшалай төлемді тоқтату тиісті уәкілетті органның шешімімен (бұйрығымен) төлемді тоқтатуға себеп болған мән-жай туындаған айдан кейінгі айдан бастап ресімделеді.

      Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген жағдайлардың туындауы тұрғысынан ақшалай төлем алушыларды мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Банктік деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), банк шотының нөмірі) өзгерген, осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген оқиға басталған, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның отбасы құрамы өзгерген жағдайда ақшалай төлем алушы он жұмыс күні ішінде ақшалай төлем алатын жердегі тиісті уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшісі, курсант, тыңдаушы, кадет, әскери жиынға шақырылған әскери міндетті, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші отбасының әрбір мүшесіне ақшалай төлем тиісті қаржы жылына белгіленген бір күндік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жүзеге асырылады.";

      1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан(қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшеріне 1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан(қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшеріне 2-қосымша";

      3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан(қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшеріне 3-қосымша".

      4. "Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiмкиiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:

      Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына 1-қосымшада:

      2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алматы облысында – Жамбыл, Іле (Күрті ауылдық округін қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ (Шілік ауылдық округін қоспағанда), Райымбек4, Кеген аудандарында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қапшағай, Қарасай (бұрынғы Қаскелең), Балқаш аудандарында, Іле ауданының Күрті ауылдық округінде, Еңбекшіқазақ ауданының Шілік ауылдық округінде, – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қонаев қаласында – 2022 жылғы 4 мамырдан бастап, Алатау қаласында – 2024 жылғы 10 қантардан бастап;".

      5. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiмкиiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға Кодекске сәйкес төленетін ақшалай төлем;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады