Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 483 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 93-бабының 2-тармағына және 94-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты сатушы болып айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 483 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 94-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 214-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті (бұдан әрі – жекешелендіру объектісі) болу елінің заңнамасын ескере отырып, аукцион мен тендер нысанында сауда-саттықта иеліктен шығару тәртібін реттейді.

      Осы Қағидалардың күші Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде берілген жекешелендіру объектілеріне қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;

      2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған, жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және жекешелендіру объектілерін иеліктен шығару мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) шешімі бойынша қандай құн неғұрлым көп болатынына байланысты баланстық не бағалау құны мөлшерінде белгілейтін бағасы;

      3) аукцион – қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;

      4) аукцион залы – аукцион өткізуге арналған үй-жай;

      5) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі аукционға қатысу үшін қатысушыға беретін нөмір;

      6) аукционшы – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің аукцион өткізетін персоналы;

      7) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      8) ең төмен баға – жекешелендіру объектiсiн одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;

      9) жекешелендіру объектісі – Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

      10) жеңімпаз – жекешелендіру объектісіне ең жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы;

      11) кепілдік жарна – сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде сатып алу-сату шартын жасасу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы;

      12) комиссия – жекешелендіру объектілерін иеліктен шығаруға байланысты мәселелерді қарау үшін сатушы құратын алқалы орган;

      13) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі – шет елдегі дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі;

      14) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      15) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы;

      16) сатушы (жекешелендіру объектісін иеліктен шығаруды жүзеге асыратын тұлға) – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      17) сатып алушы (иеленуші) – жекешелендіру объектісін иеліктен шығару процесінде оны иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

      18) сауда-саттық – жекешелендіру түрі;

      19) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын, аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

      20) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетiлетiн, аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

      21) тәуелсіз консультанттар – жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау қызметіне және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар;

      22) тендер – қатысушылар өздерінің баға ұсыныстарын жабық конвертте жазбаша мәлімдейтін сауда-саттық нысаны.

      3. Жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде сатып алушыға жер учаскесіне құқықтың берілуі оның болу елінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Сатушының функциялары:

      1) комиссия құрамын қалыптастыру;

      2) комиссияның құзыретіне сәйкес мәселелерді оның қарауына шығару;

      3) комиссия шешімінің негізінде сауда-саттық нысанын айқындау;

      4) комиссия шешімі негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төмен бағасын, кепілдік жарна сомасын айқындау;

      5) сауда-саттықта жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы, комиссия шешімі негізінде жекешелендіру объектісін сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдау;

      6) комиссияның шешімі негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық шарттарын айқындау және өзгерту;

      7) комиссия ұсынымының шешімі негізінде сатып алу-сату шартының жобасын бекіту;

      8) сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлау (бұдан әрі – хабархат) үшін жекешелендіру объектісі және сауда-саттық туралы ақпаратты айқындау;

      9) сатып алу-сату шарттарына, сауда-саттық жеңімпаздарымен қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюға Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің сенімхатын беру;

      10) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің функциялары:

      1) жекешелендіру объектісі бойынша қажетті материалдарды жинау және сатушыға жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы ұсыныс жолдау;

      2) жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін Заңның 100-1-бабына сәйкес жекешелендіру объектісіне бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

      3) сауда-саттықты дайындау және өткізу;

      4) сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдау және қайтару;

      5) тендерге қатысушылардың құжаттарын олардың сауда-саттық шарттарының талаптарына сәйкестігін қарау және оларды тендерге жіберу;

      6) сауда-саттық жеңімпазын жариялау;

      7) сатушының сенімхаты негізінде сатып алушылармен (жеңімпаздармен) сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;

      8) сауда-саттықта сатылған жекешелендіру объектілерін сатушының сенімхаты негізінде осы Қағидалардың 55-тармағында айқындалған тәртіппен қабылдау-беру актісі бойынша сатып алушыларға беру;

      9) сатушыны сауда-саттықты дайындау мен өткізудің барлық кезеңдері туралы хабардар ету болып табылады.

      6. Егер сатып алушы:

      1) болу еліндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің немесе сатушының персоналы;

      2) болу елінің заңнамасына сәйкес иеліктен шығарылатын жекешелендіру объектісін сатып алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ жеке немесе заңды тұлға болса, жекешелендіру объектісін сатып алушыға (иеленушіге) иеліктен шығару жүзеге асырылмайды.

2-тарау. Комиссияны ұйымдастыру және оның қызмет тәртібі

      7. Сатушы жекешелендіру объектілерін иеліктен шығаруға байланысты мәселелерді қарау үшін комиссия құрады.

      Комиссия құрамы сатушының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымдық бөлімшесінің басқарма басшысынан төмен емес мемлекеттік лауазымдағы өкілдері мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін қамтиды және 7 (жеті) мүшеден кем болмауға тиіс. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.

      Комиссияның шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі сатушы үшін ұсынымдық сипатта болады.

      Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қатысып отырған комиссия мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия мүшесі ерекше пікір болған кезде оны хаттамада жазбаша баяндайды.

      Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      9. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз жұмысының регламентін дербес әзірлейді және бекітеді;

      2) сатушының ұсыныстарын қарайды және олар бойынша тиісті шешім қабылдайды;

      3) сауда-саттық нысаны туралы шешім қабылдайды;

      4) Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жекешелендіру объектісін бағалау негізінде жекешелендіру объектісінің алғашқы, бастапқы және ең төмен бағаларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      5) әрбір кепілдік жарна сомасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      6) әрбір жекешелендіру объектісі бойынша аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықты өткізу шарттары туралы, оның ішінде сауда-саттық шарттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды;

      7) жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа одан әрі қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды;

      8) жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарты жобасының мәтінін келісу туралы шешім қабылдайды.

3-тарау. Сауда-саттықты өткізуге дайындық

      10. Сауда-саттықты өткізуге дайындық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі жекешелендіру объектісі бойынша қажетті материалдарды жинауды жүргізеді және сатушыға жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы ұсынысты:

      1) жекешелендіру объектісінің техникалық жай-күйі, жекешелендіру объектісіне байланысты ауыртпалықтардың немесе өзге де шектеулердің болуы туралы ақпаратты;

      2) жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;

      3) жекешелендіру объектісінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін қаржыландыру валютасындағы және болу елінің валютасындағы баланстық құны туралы мәліметтерді қоса бере отырып жібереді.

      12. Сатушы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ұсынысы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жекешелендіру объектісін иеліктен шығарудың орындылығы мәселесін комиссияның қарауына шығарады.

      Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады.

      13. Жекешелендіру объектісін иеліктен шығару кезінде мүдделер қақтығысы болған жағдайда сатушының және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің жекешелендіру объектісін иеліктен шығару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын персоналы, сондай-ақ комиссия мүшелері:

      сатушының персоналы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін;

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналы – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің басшысын;

      комиссия мүшелері – комиссия төрағасын мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      Мүдделер қақтығысы болған кезде жекешелендіру объектісін иеліктен шығару жөніндегі функцияларды орындау сатушының және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің мүдделер қақтығысы жоқ персоналына жүктеледі, сондай-ақ комиссия құрамына өзгеріс енгізіледі.

      14. Комиссия осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес ұсыныс келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) материалдар топтамасын пысықтау;

      2) жекешелендіру объектісін иеліктен шығарудан бас тарту;

      3) жекешелендіру объектісін иеліктен шығаруды жүзеге асыру.

      15. Сатушы:

      1) осы Қағидалардың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін материалдар пакетін пысықтау қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі материалдар пакетін пысықтайды және оны сатушыға жолдайды, ол жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы мәселені комиссияның қарауына қайта шығарады;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін жекешелендіру объектісін иеліктен шығарудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді;

      3) осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен аукцион немесе тендер нысанындағы сауда-саттықта жекешелендіру объектісін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне Заңның 100-1-бабына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз етуді және сатушыға жекешелендіру объектісі бойынша бағалау туралы есепті, сондай-ақ сатып алу-сату шартының жобасын жібереді тапсырады.

      16. Сатушы жекешелендіру объектісінің бағасын және сатып алу-сату шартының жобасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде комиссия шешімінің негізінде сауда-саттық шарттарын, оның ішінде:

      сауда-саттықты өткізу уақыты мен орнын;

      сауда-саттықты өткізу мерзімін;

      сауда-саттыққа қатысуды рәсімдеу тәртібін;

      кепілдік жарнаның алғашқы бағасы мен мөлшерін;

      хабарлау үшін жекешелендіру объектісі мен сауда-саттық туралы ақпаратты;

      жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты жобасының мәтінін айқындайды.

      Сатушы сауда-саттық шарттары айқындалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жібереді.

      17. Хабархатты Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын жариялайды.

      Хабархат Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ресми интернет-ресурсында қазақ, орыс және болу елінің ресми тілдерінде, болу еліндегі мүлікті сату жөніндегі мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарында болу елінің ресми тілінде және (немесе) ағылшын тілінде жарияланады.

      Хабархат жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ресми интернет-ресурсында жарияланған хабархатқа сілтемені көрсете отырып, өзінің әлеуметтік желілерінің алаңдарында қосымша орналастырады.

      18. Хабархат мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сауда-саттықты өткізу күні, орны мен уақыты;

      2) сауда-саттық нысаны мен әдісі;

      3) жекешелендіру объектісі туралы мәліметтер;

      4) жекешелендіру объектілерінің бастапқы және ең төмен бағасы (бағаны төмендетуге арналған сауда-саттықты өткізу кезінде);

      5) кепілдік жарнаның мөлшері және оны аудару үшін банктік деректемелер;

      6) сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны мен мерзімдері;

      7) сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды рәсімдеу, сауда-саттықтың жеңімпазын айқындау шарттары туралы тәртіп;

      8) сатушының және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің телефондары мен орналасқан жері;

      9) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      19. Хабархат жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі жекешелендіру объектісін сатып алғысы келетін тұлғаларға оны қарап-тексеруге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі жекешелендіру объектісінің сақталуына және жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің сатып алушыға меншік құқықтары ауысқанға дейін анықтығына жауаптылықта болады.

      20. Сауда-саттықты өткізу уақытына, орны мен мерзіміне сәйкес сауда-саттықты өткізудің мүмкін болмауына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезде сауда-саттықты өткізу уақытын, орны мен мерзімін өзгертуді сатушы комиссия шешімінің негізінде айқындайды және олар өткізілгенге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің ресми интернет-ресурсында, болу еліндегі мүлікті сату жөніндегі мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарында және бұрын хабархат жарияланған әлеуметтік желілер алаңдарында болу елінің ресми тілінде және (немесе) ағылшын тілінде жарияланады.

      Сауда-саттық нысанын, бастапқы бағаны және сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібін өзгертуді сатушы комиссия шешімі негізінде айқындайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сауда-саттық шарттарының өзгергені туралы хабархат өтінімдерді берудің жаңа мерзімін көздейді және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде, болу еліндегі мүлікті сату жөніндегі мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарында және бұрын хабархат жарияланған әлеуметтік желілер аландарында болу елінің ресми тілінде және (немесе) ағылшын тілінде жарияланады.

      21. Кепілдік жарна әрбір жекешелендіру объектісі үшін жеке белгіленеді және оның алғашқы бағасының 15 (он бес) пайызын құрайды.

      Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан басқа жеке немесе заңды тұлға өтінім бергенге дейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің деректемелеріне енгізеді.

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өз активтері деп танылмайтын сауда-саттыққа қатысу үшін шотқа түсетін кепілдік жарналарды пайдаланбайды.

      22. Қатысушыларға кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге рұқсат етіледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушы осы кепілдік жарнаны енгізген сауда-саттыққа қатысу үшін сол жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

      23. Сауда-саттықты ұтқан және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      24. Кепілдік жарнаны Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі:

      1) жеңімпазға – сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда;

      2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда қайтармайды.

      Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарнаны Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарады.

      Кепілдік жарналар кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсетілген қатысушының деректемелеріне қайтарылады.

      25. Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген адам:

      1) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      2) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың және болу елінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмелерін;

      3) қатысушының атынан Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің деректемелеріне кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмелерін;

      4) жабық конверттегі (тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін) тендер шарттары бар баға ұсынысын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне ұсынады.

      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде қатысушы осындай өзгерістер болған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне хабарлайды, ол сатушыны хабардар етеді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе шетелдік тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасалған, шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысан бойынша берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі консулдық заңдастыру болған немесе апостиль қойылған кезде қабылдайды.

      Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне ұсынылған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

      26. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің:

      1) Қазақстан Республикасының және (немесе) болу елінің заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты сауда-саттықты дайындау мен өткізудің бүкіл кезеңі ішінде жария етуіне;

      2) осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуіне рұқсат етілмейді.

      27. Өтінімдерді қабылдауды және сауда-саттыққа қатысу шарттарына сәйкес келетін қатысушыларды тіркеуді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі хабархат жарияланған күннен басталған кезеңде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінімдерді тіркеуді есепке алу кітабында жүзеге асырады және сауда-саттық басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

      Қатысушылардың құжаттары тіркелгеннен кейін сейфте сақталады.

      28. Қатысушының осы Қағидалардың 6 және 25-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ өтінім берілген күні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің шотында сауда-саттықты өткізу туралы хабархатта көрсетілген кепілдік жарна сомасына ақшалай қаражаттың болмауы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Аукциондық нөмір бере отырып, тіркеу туралы не қатысушыны тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі қатысушының өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді.

      Сауда-саттық процесінде басқа тұлғаның аукциондық нөмірді пайдалануына рұқсат етілмейді.

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтінімді кері қайтарып алған қатысушының тіркелуі мен аукциондық нөмірінің күшін сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат бұрын жояды.

4-тарау. Аукцион өткізу тәртібі

      29. Аукцион екі әдіспен:

      1) бағаны көтеру;

      2) бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.

      Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

      Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бастапқы бағаны 3-ке (үш) тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      30. Жекешелендіру объектілері сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі қолданылмайтын аукционды өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен болмайтын алғашқы баға бойынша сатуға шығарылады.

      31. Жекешелендіру объектісі бірінші аукционға сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

      Екінші және одан кейінгі аукциондарға жекешелендіру объектісі Заңда белгіленген тәртіппен ең төмен бағаны белгілей отырып, сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, сатушының шешімі бойынша шығарылады.

      Әрбір келесі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.

      32. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде оны өткізу орнына келеді, хатшыдан тіркеуден өтеді және аукцион залына кіреді.

      Аукцион хабар хатта көрсетілген уақытта басталады.

      Аукцион Қазақстан Республикасының және болу елінің заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді.

      33. Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды.

      34. Егер сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен өтетін аукционда аукционшы бастапқы бағаны жариялаған кезде аукцион залында қатысушылардың ешқайсысы жекешелендіру объектісін бастапқы баға бойынша сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен аукцион өткізілмеді деп танылады.

      Егер сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен өтетін аукционда аукционшы жекешелендіру объектісінің ең төмен бағасын жариялаған кезде қатысушылардың ешқайсысы жекешелендіру объектісін ең төмен бағамен сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда осы объект бойынша сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен аукцион өткізілмеді деп танылады.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі өткізілмеген аукцион шарттарымен аукционға қайта шығарылады.

      35. Аукционды аукционшы өткізеді, ол қатысушыларға және қатысып отырған адамдарға оларды өткізу қағидаларын хабарлайды.

      Аукцион өткізу қағидаларын бұзған қатысушыларды және қатысып отырған адамдарды аукционшы аукцион залынан шығарады.

      Жекешелендіру объектілерін аукционға қою хабархатта белгіленген реттілікке сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Әрбір жекешелендіру объектісі бойынша аукцион аукционшының жекешелендіру объектісін, оның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткізу әдісін, бастапқы бағасы мен бағаны өзгерту қадамын жариялауынан басталады.

      Бағаны өзгерту қадамы келесідей белгіленеді:

      1) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерінен 500000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3) жекешелендіру объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіштің 500000 еселенген мөлшерінен және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аукционшының жекешелендіру объектісінің бағасын жариялауының қайталануы арасындағы интервал кемінде 5 секундты құрайды.

      37. Аукцион сауда-саттық әдістерінің төменде сипатталған екеуінің бірі бойынша өткізіледі:

      1) бағаны көтеру әдісімен:

      аукционшы жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын және оны ұлғайту қадамын жариялағаннан кейін қатысушылар аукциондық нөмірді көтеру арқылы жекешелендіру объектісін бастапқы бағамен сатып алуға деген ниеттерін растайды немесе бастапқы бағаны жарияланған қадам кем болмайтын бағаға көтереді;

      аукционшы қатысушылар көтерген аукциондық нөмірлерді атайды, бағаны бекітеді және оны көтеруді ұсынады;

      жекешелендіру объектісі бойынша аукцион ең жоғары ұсынылған бағаға дейін өткізіледі;

      аукционшы жекешелендіру объектісі үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны жариялайды, жекешелендіру объектісінің ағымдағы бағасын үш рет қайталайды және ағымдағы бағаны көтеру, бірақ жарияланған қадамнан кем болмайтын бағаға көтеру туралы ұсыныспен қатысушылар көтерген басқа аукциондық нөмірлер болмаған кезде осы жекешелендіру объектісінің сатылғаны туралы хабарлайды.

      Тек бір қатысушы қатысқан сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен өтетін аукцион, егер қатысушы бастапқы бағаны растаған болса, өткізілді деп танылады.

      Егер баға жарияланған кезде бір мезгілде екі немесе одан да көп аукциондық нөмір көтерілген жағдайда аукционшы бағаны жеңімпаз айқындалған кезге дейін белгіленген қадамның шамасына көтере бастайды. Жарияланған қадам сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен өтетін аукционға белгіленген қадамға тең. Егер баға көтерілген кезде осы қатысушылардың ешқайсысы оны көтерілген бағамен сатып алуға ниет білдірмесе, онда аукционшы олардың арасында жеребе тастау рәсімін қолданады.

      2) бағаны төмендету әдісімен:

      аукционшы осы Қағидалардың 29-тармағының үшінші бөлігін және оны төмендету қадамын ескере отырып айқындалған жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын жариялағаннан кейін қатысушылар аукциондық нөмірді көтерумен жекешелендіру объектісін бастапқы бағамен сатып алуға ниеттерін растайды;

      ағымдағы баға жарияланған кезден бастап кемінде 1 (бір) минут ішінде көтерілген аукциондық нөмір болмаған кезде аукционшы мәлімделген қадамды ескере отырып, бағаның төмендегені туралы хабарлайды;

      аукционшы аукциондық нөмірді ағымдағы баға кезінде бірінші болып көтерген қатысушының аукциондық нөмірін атайды және оны осы жекешелендіру объектісі бойынша жеңімпаз деп жариялайды;

      егер аукционшы жекешелендіру объектісінің ең төмен бағасын жариялаған кезде қатысушылардың ешқайсысы осы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірмесе, онда бұл жекешелендіру объектісі аукционнан алынады.

      Тек бір қатысушы қатысқан сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен өтетін аукцион, егер қатысушы бастапқы бағаны растаған болса, өткізілді деп танылады.

      Егер баға жарияланған кезде бір мезгілде екі немесе одан да көп аукциондық нөмір көтерілген жағдайда аукционшы бағаны жеңімпаз айқындалатын кезге дейін белгіленген қадамның шамасына көтере бастайды. Жарияланған қадам сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісімен өтетін аукционға белгіленген қадамға, бірақ өсу жағына қарай тең болады. Егер баға көтерілген кезде осы қатысушылардың ешқайсысы оны көтерілген бағамен сатып алуға ниет білдірмесе, онда аукционшы олардың арасында жеребе тастау рәсімін қолданады.

      38. Сатылған әрбір жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері жекешелендіру объектісі бойынша аукцион аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі аукционшы және жеңімпаз қол қоятын аукцион нәтижелері туралы хаттамамен рәсімделеді. Аукционшы қажет болған жағдайда хаттамаға қол қою үшін үзіліс жариялайды, бірақ ол 10 (он) минуттан аспайды. Хаттама сатушы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі және жеңімпаз үшін бір данадан жасалады.

      39. Аукцион нәтижелері туралы хаттама олардың нәтижелерін, жеңімпаздың және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сатып алушыға аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.

      Жеңімпаз Қағидалардың осы тармағының 38-тармағында және бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде аукцион нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған аукцион шарттарымен аукционға қайта шығарылады.

      40. Аукцион жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

      2) заңды тұлғалар үшін – болу елінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат.

      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

5-тарау. Тендер өткізу

      41. Тендерді ұйымдастыру мен өткізуді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі жүзеге асырады.

      42. Тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хабарламада көрсетілген уақытта сейсенбі – жұма аралығында өтеді.

      Тендерге қатысушылар тендер басталғанға дейін бір сағат ішінде оны өткізу орнына келеді және хатшыдан тіркеуден өтеді.

      43. Жекешелендіру объектісін бірінші тендерге қою кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.

      Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерлерге қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан 50 (елу) пайызға төмендейді.

      Әрбір келесі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.

      44. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер өткізілмеді деп танылады. Тек бір қатысушы қатысқан тендер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, тендер өткізілді деп танылады.

      Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өткізілмеген тендер туралы актіге қол қояды.

      45. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашуды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі хабарламада көрсетілген тендердің күні мен уақыты басталған кезде жүргізеді.

      46. Тендерге қатысуға өтінімдерді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі хабарламада көрсетілген жекешелендіру объектісінің қатысушыларына (сатып алушысына) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында қарастырады.

      47. Жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары сату бағасын ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Егер тендерде екі және одан да көп қатысушының ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтыған жағдайда өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылар арасында тендер жеңімпазы болып танылады.

      48. Тендер нәтижелері туралы хаттамамен әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша тендер нәтижелері ресімделеді.

      Тендер нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себебін көрсете отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі;

      2) солар бойынша Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын салыстырып тексеруді жүргізетін, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушылардың тізімі;

      3) жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз көрсетіледі.

      49. Тендер нәтижелері туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қалыптастырып, қол қояды және оған сауда-саттық өткізілетін күні тендер жеңімпазы қол қояды.

      50. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін, жеңімпаздың және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің тендер нәтижесі болып табылатын шарттарда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      Сатып алу-сату шарты тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жасалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сатып алушыға тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.

      Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты талаптарының тиісінше орындалуын кейіннен бақылауды Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі болу елінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      51. Тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

      2) заңды тұлғалар үшін – болу елінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат.

      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

      52. Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағидалардың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі тендер нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күші жойылған тендердің шарттарымен тендерге қайта шығарылады.

6-тарау. Есеп айырысулар және жекешелендіру объектісін қабылдау-беру тәртібі

      53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) аванстық төлем жекешелендіру объектісін сату бағасының кемінде 15 (он бес) пайызы мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі (кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің есебіне есептеледі);

      2) қалған сома сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес, бірақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

      Сатып алушының сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төлемді толық көлемде енгізуге құқығы бар (кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің есебіне есептеледі).

      54. Аванстық немесе түпкілікті төлемнің мерзімі өтіп кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сатып алу-сату шартын сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты залалдарды өтеу туралы талаптар қоя отырып, біржақты тәртіппен бұзады.

      Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.

      55. Жекешелендіру объектісін беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қабылдау-беру актісі бойынша жүргізіледі.

      Қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі, егер болу елінің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, меншік иесін сатылған жекешелендіру объектісіне өзгерту туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін негіз болып табылады.

      Сатып алушы қабылдау-тапсыру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған кезде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сатып алу-сату шартын сатып алушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде нақты залалдарды өтеу туралы талаптар қоя отырып, біржақты тәртіппен бұзады және сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

      Бұл жағдайда жекешелендіру объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.

      56. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатушыға сатып алу-сату шартының және қабылдау-беру актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, жекешелендіру объектісін иеліктен шығару рәсімінің аяқталғаны туралы хат жолдайды.

7-тарау. Жекешелендіру объектісін сатудан алынған қаражат

      57. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төлеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жібереді және бұл туралы сатушыны жазбаша хабардар етеді.

      Сатушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жекешелендіру объектісін сатудан алынған қаражатты аудару туралы ақпаратты жолдайды.

  Қазақстан Республикасынан
тыс жерлердегі және шет елдегі
дипломатиялық қызмет
органдарына бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті иеліктен
шығару қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінім

      1. Жекешелендіру объектісін сату туралы жарияланған хабархатты қарап, сату

      қағидаларымен танысқаннан кейін,__________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және

      сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)

      20___ жылғы " " _______ ___________________________________________________

      мекенжайы бойынша өткізілетін сауда-саттыққа қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) ________________________________________________________ шотына

      (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі)

      (_______________) ____________________ ___________________ жалпы сомамен

      (цифрлармен) (сомасы жазбаша) (валюта)

      сауда-саттыққа қатысу үшін ________________________________ кепілдік жарна (лар)

      (саны) аудардым (аудардық)

      Кепілдік жарна енгізілген жекешелендіру объектісі туралы мәліметтер:

Р/с №

Жекешелендіру объектісінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы

1.



2.




Жиыны:


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Төлем мақсаты

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы

1.





2.






Жиыны:


      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес болмауым (болмауымыз) анықталған жағдайда мен (біз) сауда-саттыққа қатысу құқығынан айырыламын (мыз), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама мен сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз).

      4. Мен (біз) сауда-саттықтың жеңімпазы (жеңімпаздары) болып айқындалған жағдайда сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қою және сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін өзіме қабылдаймын (мыз).

      5. Мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы:

      1) сауда-саттық өткізілген күні олардың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылмаған;

      2) сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған;

      3) мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін (міз).

      6. Мен (біз) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі) келтірілген нақты залалды оған

      өтеуге келісемін (міз).

      7. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты

      жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие болады.

      8. Өзім (міз) туралы мәліметтерді ұсынамын (мыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы____________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      Мекенжайы: ______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі:_____________________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Бенефициардың коды _______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес

      сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1) _______________________________________________________________________;

      2)________________________________________________________________________;

      3) _______________________________________________________________________.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Паспорт деректері _________________________________________________________

      Мекен жайы:_______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтаруға арналған банктік деректемелер:

      Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды __________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Бенефициардың коды _______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1) _______________________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________________;

      3) ______________________________________________________________________.

(қолы)


(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 ____ жылғы "___" ____________ Мөр орны (бар болса)

      Қабылданды

      ____________________________________________________________________.

      (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің лауазымды тұлғасы)

      20 __ жылғы "___" __________ ______ сағат _______ минут.

      Қатысушының аукциондық нөмірі _______________.

  Қазақстан Республикасынан
тыс жерлердегі және шет елдегі
дипломатиялық қызмет
органдарына бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті иеліктен
шығару қағидаларына
2-қосымша

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеуді есепке алу кітабы

      Сауда-саттық атауы _______________________________________________

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің уәкілетті өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)__________________________________________

Р/с №

Сауда-саттыққа қатысушының атауы

Сауда-саттыққа қатысушының пошталық мекенжайы

Сауда-саттыққа қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді тіркеу күні, уақыты, берілген аукциондық нөмір

Сауда-саттыққа қатысушының уәкілетті өкілінің қолы

1.






2.






3.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады