"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 482 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      1-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы күштер және жедел басқару департаменті, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы:";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "департамент бастығының орынбасары (арнайы және кәсіби даярлыққа жетекшілік ететін);";

      мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "инспектор;";

      он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұйымдастыру жұмысын және кадрлық жоспарлауды;

      қызмет өткеруді ұйымдастыруды;

      ұйымдастыру-штаттық жұмысты;

      ведомстволық білім беруді ұйымдастыруды;";

      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды;";

      қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "психологиялық жұмысты ұйымдастыруды;";

      қырық үшінші абзац алып тасталсын;

      2-тармақта:

      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма:";

      елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):"

      елу төртінші және елу бесінші абзацтар алып тасталсын;

      елу жетінші және елу сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

      инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.";

      3-тармақта:

      алпыс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):";

      бір жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):";

      бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші және бір жүз он бесінші абзацтар алып тасталсын;

      бір жүз он жетінші, бір жүз он сегізінші және бір жүз он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;

      бір жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):";

      бір жүз алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):";

      бір жүз алпыс алтыншы, бір жүз алпыс жетінші, бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы және бір жүз жетпісінші абзацтар алып тасталсын;

      бір жүз жетпіс екінші, бір жүз жетпіс үшінші және бір жүз жетпіс төртінші абзацтар алып тасталсын;

      4-тармақта:

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіби даярлық қызметтері:";

      мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

      барлық атаудағы аға инспектор;

      барлық атаудағы инспектор.";

      елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтар алып тасталсын;

      сексен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жедел басқару орталығы:";

      сексен төртінші абзац алып тасталсын;

      сексен жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;";

      тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас маман;";

      мынадай мазмұндағы тоқсан екінші, тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "аға инженер;

      инженер;

      техник.";

      тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері), криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:";

      мынадай мазмұндағы бір жүз он алтыншы, бір жүз он жетінші және бір жүз он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "бас маман;

      аға инженер;

      инженер;";

      бір жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):";

      бір жүз тоқсан алтыншы абзац алып тасталсын;

      бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші және бір жүз тоқсан тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас маман – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

      аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

      инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алпыс екінші және алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады