Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарында:
"Мазмұны" деген бөлімде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бөлім. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер";
"Кіріспе" деген бөлімде:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму жоспарын әзірлеу кезінде:
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауынан;
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауынан;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарынан;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысымен бекітілген Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасынан;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 606 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарынан;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген 2023 – 2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасынан;
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 360/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттер ескерілді.";
"ҰАТ" АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау" деген 1-бөлімде:
"Сыртқы ортаны талдау" деген 1-кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісінде (IMD World Digital Competetiveness Ranking 2024) Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Португалия (35-орын), Италия (40-орын), Греция (49-орын), Түркия (55-орын), Мексика (59-орын) сияқты елдерін басып озып, 34- орында тұр.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Еліміздегі халық санының өсуімен (соңғы 5 жылда 17,9-дан 20,0 млн адамға дейін4) және урбанизацияның өсуімен (2025 жылдың басында – 63,0 %5) Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі өсуде (15 жастағы және одан асқан адамдар 93,7 %6).";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі уақытта 14,5 миллион азамат egov.kz "электрондық үкімет" порталының пайдаланушысы болып табылады, 2024 жылы 32 млн қызмет көрсетілді. eGov Mobile мобильді қосымшасы пайдаланушыларының саны 9,7 миллионнан астам, көрсетілген қызметтердің саны 9,9 млн құрады.
2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 86,3 %-ы смартфондалды және 1083 көрсетілетін қызмет пен сервис eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.";
он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2008 – 2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының "Электрондық үкіметтің даму индексі" (E-Government Development Index, EGDI) рейтингісінде Бірлестікке мүше 193 елдің арасында 81-позициядан 24-позицияға көтеріліп, өзінің көрсеткішін тұрақты түрде жақсартып отырды. Осылайша, еліміз 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 4 позицияға көтерілді және теңізге шыға алмайтын барлық елдердің ішінде Қазақстан EGDI жалпы рейтингісінде 1-орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы 23 позицияға көтеріліп, "Телекоммуникация инфрақұрылымының индексі" (Telecommunication Infrastructure Index, TII) рейтингісі бойынша өз позициясын айтарлықтай жақсартты және 41-орынға ие болды. Бұл ретте "Онлайн көрсетілетін қызметтердің кеңдігі мен сапасы индексі" жалпы әлемдік рейтингісінде (Online Service Index, OSI) Қазақстан Республикасы 2022 жылдың алдыңғы рейтингісімен салыстырғанда 2 позицияға төмендеп, 10-орынға ие болды.";
сілтеме5 мынадай редакцияда жазылсын:
"5https://eri.kz/ru/Novosti_instituta/id=7131#:~:text=%D0%92%20%D1%81%D0%BE%D0%BE%D1%82%D0%B2%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B8%D0%B8%20%D1%81%D0%BE%20%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%BC%D0%B8%20%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%BC%D0%B8,%D1%83%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B3%2063%25%20%D0%B2%20%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5.";
"Ішкі ортаны талдау" деген 2-кіші бөлімде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аталған міндетті іске асыру үшін "ҰАТ" АҚ:
"электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысы);
көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 270 қаулысы);
ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысы) ретінде айқындалды.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекет басшысының ұлттық цифрлық экожүйені дамыту бойынша № 24-61-11.135 тапсырмасын іске асыру мақсатында "ҰАТ" АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімімен "ҰАТ" АҚ-ның "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясындағы "QazTech Ltd" жеке компаниясын құруға қатысуы мақұлданды.";
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер";
"Қызметтің стратегиялық бағыттары, қызметтің мақсаттары, міндеттері, түйінді көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер" деген 3-бөлімде:
"Стратегиялық бағыт: "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту" деген 1-кіші бөлімде:
"Қоғамның деректерді өңдеу орталықтарын дамыту" деген 2-мақсатта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет басшысының ДӨО құрылысына қатысты тапсырмаларын іске асыру үшін "ҰАТ" АҚ орталық деңгейдегі МО СО-ның, сол сияқты өңірлік деңгейдегі ДӨО өндірістік қуаттарын дамытуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге ЖИ ұлттық платформасын құру үшін МО СО-да орналастыра отырып, есептеу қуаттары (суперкомпьютер) сатып алынатын болады.";
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) МО СО-да орналастыра отырып, есептеу қуаттарын (суперкомпьютер) сатып алу.";
"Стратегиялық бағыт: мемлекеттік органдар автоматтандырылған функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асырған, өмірдегі және бизнес-ахуалдар цифрландырылған кезде қоғамның рөлін арттыру" деген 2-кіші бөлімде:
"Деректерді басқару" деген 1-мақсаттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Деректерді басқару және ЖИ";
"Деректерді басқару" деген 1-мақсатта:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекет басшысы өзінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. "Электронды үкімет" платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс" деген басым міндет қойды.";
оныншы бөлік мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) ЖИ пайдаланатын өнім саны;
4) таза пайдадан инновацияларды дамытуға арналған шығыстардың үлесі.";
"Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру" деген 3-мақсатта:
сегізінші бөлік мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) бет-әлпетті тану және дербес деректерге рұқсат беруді бақылау технологиясы негізінде сәйкестендірудің орталықтандырылған елдік жүйесін құру.";
тоғызыншы бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізілген сәйкестендіру саны.";
көрсетілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымшада:
2024 – 2033 жылдарға арналған "ҰАТ" АҚ қызметінің түйінді көрсеткіштерінде:
"2-бағыт. Мемлекеттік органдар автоматтандырылған функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асырған, өмірдегі және бизнес-ахуалдар цифрландырылған кезде қоғамның рөлін арттыру" деген жолда:
"1-мақсат. Деректерді басқару" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1-мақсат. Деректерді басқару және ЖИ";
"1-мақсат. Деректерді басқару" деген жол мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5-1 және 5-2-жолдармен толықтырылсын:
"
5-1
|
ЖИ пайдаланатын өнім саны, бірлік
|
-
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
45
|
5-2
|
Таза пайдадан инновацияларды дамытуға арналған шығыстардың үлесі, %
|
|
|
0,5
|
1
|
1,1
|
1,2
|
1,3
|
1,4
|
1,5
|
1,6
|
";
"3-мақсат. Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру" деген жол мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:
"
10-1
|
Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізілген сәйкестендіру саны, млн бірл.
|
-
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
";
көрсетілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының
2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарына 3-қосымшада:
"ҰАТ" АҚ қызметінің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі:
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. ЖИ пайдаланатын өнім саны, бірлік
ЖИ пайдаланатын АT-өнімдердің нақты саны.
5-2. Таза пайдадан инновацияларды дамытуға арналған шығыстардың үлесі, %.
Жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген есепті жылдағы таза пайда сомасынан %.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің, оның ішінде ЭҮ АКП-да орналастырылғандардың қолжетімділігі; %

мұндағы,
И – АЖ мен БӨ қолжетімділігінің индексі, %;
Ti – АЖ мен БӨ і-тобы үшін ықтимал қолжетімділік кезеңі, сағат;
Рi – АЖ мен БӨ і-тобының қолжетімсіз болу кезеңі, сағат;*
N – АЖ мен БӨ топтарының жалпы саны, бірлік.
1-топ: "электрондық үкімет" порталы, "электрондық үкіметтің" шлюзі, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі, мобильді үкімет, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі, "Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі" ақпараттық жүйесі, "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі;
2-топ: мемлекеттік органдардың интернет-порталы, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, бұлттық құжат айналымы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық пошта сервисі;
3-топ: "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, Smart Data Ukimet, Smart Bridge (сервистер витринасы), "Монополист" базасы, "Е-апостиль", "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі";
4-топ: "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры, "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры, "Азаматтық хал актілерінің жазбалары" ақпараттық жүйесі, "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;
5-топ: халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе, "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;
6-топ: құжаттардың бірыңғай электрондық архиві, "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
7-топ: Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарапы, Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
8-топ: "электрондық үкімет" шлюзімен интеграцияланған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері.
*Жұмыссыз тұрып қалу бойынша деректер ServiceDesk АЖ есептері негізінде құрылады. Есептеу үшін АЖ топтарының саны пайдаланылады, жекелеген сервистердегі көрсетілетін қызметтердегі іркілістер кезіндегі қолжетімді болмау пайызы, жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстар ескеріледі.
Ескертпе: ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің, оның ішінде ЭҮ АКП-да орналастырылғандардың қолжетімділігін есептеу кезінде "ҰАТ" АҚ есеп беру кезеңінде іс жүзінде сүйемелдейтін АЖ мен БӨ қолданылады.";
8-тармақтың ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасында сауалнама өткізу арқылы Жалғыз акционер бағалайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізілген сәйкестендіру саны, млн бірл.
Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы бір жылда жүргізілген сәйкестендірудің іс жүзіндегі саны.";
көрсетілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарына 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
О. Бектенов
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 481 қаулысына қосымша "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2024 – 2033 жылдарға арналған даму жоспарына 4-қосымша |
"ҰАТ" АҚ-ның стратегиялық картасы
Р/с№
|
Мақсат қою құжаттары
("Қазақстан – 2050" пайымы)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттар (тұжырымдамалар, ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, доктриналар (стратегиялар), кешенді жоспарлар, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар)
|
"ҰАТ" АҚ даму жоспарында көзделген қызметтің түйінді көрсеткіштері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
Құжат атауы
|
Басымдық/ Міндет/ Бастама
|
Нысаналы индикатор
|
Құжаттың атауы
|
Мақсат/ Негізгі принциптер/ бағыттар/ Басымдық/ мақсат/ міндет
|
Негізгі ұлттық көрсеткіштер
|
Құжат атауы
|
Бағыттар мақсаттар/ міндеттер/ ресурстар/
|
Нысаналы индикатор
|
Құжаттың атауы
|
Іс-шара/ индикатор
|
|
1
|
"Қазақстан – 2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты (Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл), (бұдан әрі – "Қазақстан– 2050" стратегиясы)
|
Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әлеуетті дамытуды ынталандыруы тиіс. 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы біз әлемдік ақпараттық ағындардың кем дегенде 2 – 3 %-ын өткізуге тиіспіз. 2050 жылға қарай бұл цифр кем дегенде екі еселенуге тиіс
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – 2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы)
|
"Азия-Еуропа жалпы трафиктен бөлек өңделетін транзиттік деректердің үлесі" нысаналы индикаторы, %
(2023 – 1,5;
2024 – 2;
2025 – 2,5;
2026 – 5;
2027 – 5,5;
2028 – 6;
2029 – 6)
|
МО БКО қолжетімділік индексі.
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 606 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейін Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
Жедел және сақтаушы қорлары бар мемлекеттік органдар үшін деректерді өңдеу орталығын құру, ДӨО
Іс-шара:
халықаралық трафиктің транзиті мен сақталуы үшін TIER – III деңгейінен төмен емес 3 ДӨО құру
|
ДӨО қолжетімділік индексі.
|
3
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар 2029).
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.
Осыған байланысты негізгі міндеттер сервистік модельді одан әрі дамыту, жоспарлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік аппарат жұмысының қағидаттары мен құрылымын жаңғырту, Үкіметтің ашықтығын арттыру және азаматтарды екіжақты диалогқа тарту, сондай-ақ озық цифрлық технологияларды енгізу болып айқындалды.
|
|
|
|
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
"Платформада мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрлау үлесі
(2023 – 25 %, 2024 – 45 %, 2025 – 60 %, 2026 –70 %, 2027 – 80 %, 2028 – 90 %, 2029 – 100 %)" нысаналы индикаторы"
Іс-шара:
GovTECH платформасын енгізу;
"электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту;
мемлекеттік органдарды жобалық басқаруды автоматтандыру
|
Көшіруге жататындардан бұлтты ЭҮ АКП-да орналастырылған ЭҮ АО үлесі
.
|
4
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру
Барлық мемлекеттік міндеттерді цифрлық форматқа көшіру көзделген. Цифрландыру кезінде тиімділігі төмен бизнес-процестердің құрылымы оңтайландырылады.
Электрондық үкіметтің" сервистерін, ақпараттық жүйелері мен дерекқорларын Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының - Ұлттық төлем жүйесінің, цифрлық теңге платформаларының, ашық банкингтің (Open Banking Open API технологиясын қолдануға негізделген) және Антифрод-орталықтың (азаматтардың қаражатын алаяқтық операциялардан қорғау) жобаларына қосуды қамтамасыз ету жоспарланған.
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысымен бекітілген Жасанды интеллектіні дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – ЖИ дамыту тұжырымдамасы)
|
Іс-шара:
деректерді жинау, тексеру және дайындау (өңдеу және тазалау);
деректерді байыту әдістерін, оның ішінде коммерциялық әдістерді енгізу және қолдану;
бизнестің мемлекеттік деректерге, бұлттық есептеулерге қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қателерді азайту үшін АЖ-да эталондарды анықтау және белгілеу;
деректерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функциялардың эталондық деректер қорын толықтыру.
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖИ дамыту тұжырымдамасы
|
"Жиналған датасеттер саны, бірлік (деректер берілген деректер жиынының саны өсу жиынтығымен)" нысаналы индикаторы (2024 – 20, 2025 – 40,
2026 – 60,
2027 – 80,
2028 – 100, 2029 – 120).
20)
|
Құралдар жинағы арқылы жасалған деректер өнімдерінің саны.
|
5.1
|
"Қазақстан – 2050" стратегиясы
|
Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру
Үкіметтің барлық деректері бірыңғай архитектураға аударылады және қолданбалы ЖИ шешімдерін пайдалана отырып, бірыңғай талдамалық жүйеге интеграцияланатын болады. Бірыңғай архитектура қағидаттарына көшу арқылы мемлекеттік және жекеше деректердің интеграциясы күшейтілетін болады.
5-басымдық. Басым цифрлық технологияларды әзірлеу мен енгізуді қолдау.
Қолдаудың басымдығы ретінде екі шешім таңдалады: қолданбалы ЖИ және жетілген байланыс технологиясы, өйткені бұл технологиялық бағыттар инновациялылық дәрежесі мен енгізу жылдамдығы бойынша қалған серпінді технологиялардан асып түседі және цифрлық технологиялар арасында инвестициялардың ең көп көлемін тартады.
Қолданбалы ЖИ шешімдері. Алдағы онжылдықта ЖИ-ды енгізу қазіргі әлемдік ЖІӨ-нің
25 %-ына дейін құрай алады деп күтілуде, олардың ішінде 8 % генеративті ЖИ шешімдеріне тиесілі болады. Бұл ретте ЖИ-ды енгізудің әсері біркелкі емес, дамыған елдерде өнімділіктің өсуі дамушы елдерге қарағанда 1,5 есе жоғары болады деп болжанады.
Бұл теңсіздікті қысқарту үшін Қазақстанда қолданбалы ЖИ шешімдерін кешенді әзірлеу және енгізу қамтамасыз етілетін болады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес цифрландырудың платформалық моделіне көшу мақсатында мемлекеттік және коммерциялық сектордың иесіздендірілген деректерін жинақтау мен өндеудің заманауи талаптарына сай келетін деректерді өңдеу орталығы мен ЖИ үшін суперкомпьютер жасау жоспарлануда.
|
|
|
|
|
ЖИ дамыту тұжырымдамасы
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
"Ұлттық жасанды интеллект платформасында әзірленген жасанды интеллект өнімі санының өсуі, бірлік (2025ж. – 5, 2026ж. – 10, 2027ж. – 15, 2028ж. – 20, 2029ж. – 25)" нысаналы индикаторы.
Іс-шара:
суперкомпьютерді іске қосу (1-фаза);
ДӨО құрылысы
(2-фаза);
суперкомпьютерді іске қосу (2-фаза);
суперкомпьютердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін резервтік инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
экономиканың нақты секторларында бастапқы кезеңде жасанды интеллект саласында жобалар енгізу;
Іс-шара:
SDU негізінде ұлттық жасанды интеллект платформасын құру
|
ЖИ пайдаланатын өнім саны.
|
5.2
|
"Қазақстан –2050" стратегиясы
|
Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты.
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.
Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз.
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Инновацияны, цифрлық және креативті экономика салаларын қолдау үшін реттеуді оңтайландыру
Осы бағыт шеңберіндегі жұмыс инновациялық белсенділіктің ауқымын кеңейту, цифрлық және креативті индустриялардың өсуі және осы салаларға инвестициялардың тартымдылығын арттыру үшін реттеуші шарттарды қамтамасыз етуді көздейтін болады.
5-басымдық. Басым цифрлық технологияларды әзірлеу мен енгізуді қолдау
Генеративті ЖИ-ге негізделген жергілікті тілдік модельдерді жасауға ерекше назар аударылады. Мұндай модельдер қолданбалы ЖИ-ды ел контекстіне барынша тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді және барлық түркітілдес елдерде қазақстандық ЖИ шешімдерінің экспорттық тартымдылығын арттырады.
Қаржы саласында ЖИ-ды пайдалану болжамдардың дәлдігін жақсартуға, күнделікті бір сарынды операцияларды автоматтандыруға, сондай-ақ барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын мемлекеттің талдамалық жүйесіне интеграциялау қаржы саласындағы жоғары тиімділік пен инновацияны қамтамасыз етудің негізгі құралы болады.
6-басымдық. Венчурлық инвестициялар нарығын дамыту және инновацияларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру.
Осы міндеттерді іске асыру ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің
1 %-на дейін және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын жекеше қоса қаржыландыру үлесін 2029 жылға қарай
50 %-ға дейін жеткізуді қолдайды.
|
Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі, %
(2022 – 11,0, 2023 – 11,7, 2024 – 14,5, 2025 – 15,9, 2026 – 17,4, 2027 – 18,9, 2028 – 20,4, 2029 – 21,9)
|
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 62/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары)
|
Бағыт:
"Инновациялық әлеуетті дамыту"
|
"Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі, %" түйінді ұлттық индикаторы
(2024 – 14,5, 2025 – 15,9, 2026 – 17,4, 2027 – 18,9)
|
ЖИ дамыту тұжырымдамасы
|
"Ғылыми журналдардағы жариялау белсенділігінің өсуі, бірлік (2024ж. – 30, 2025ж. – 50, 2026ж. – 100, 2027ж. – 120, 2028ж. – 150, 2029ж. – 200)" нысаналы индикаторы.
Іс-шара: "Тіл-Қазына" ҰҒПО КЕАҚ ұлттық тілдік моделін әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардан ашық мәліметті жинауды ұйымдастыру, өңделген ақпаратты "ҰАТ" АҚ-ға жолдау.
"Жасанды интеллект саласындағы патенттер саны, бірлік. (2024ж. – 1, 2025ж. – 3, 2026ж. – 5,
2027ж. – 10, 2028ж. – 15, 2029ж. – 20)" нысаналы индикаторы.
Іс-шара: нейрондық желілер негізінде ұлттық тіл моделін әзірлеу және енгізу;
жасанды интеллект көмегімен ғылыми-зерттеу институттары әзірлеген зияткерлік меншік объектілерін патенттеу.
"Жасанды интеллект саласындағы стартаптар саны, бірлігі, табысты (жоғары капиталдандырумен), %
(2024 – 1,
2025 – 5,
2026 – 10,
2027 – 15,
2028 – 20,
2029 – 25)" нысаналы индикаторы. Акселерация есебінен экономиканың нақты секторларында жасанды интеллект арқылы енгізілген өнімдер санының артуы, бірлік. (2025ж. – 5, 2026ж. – 10, 2027ж. – 15, 2028ж. – 20, 2029ж. – 25) нысаналы индикаторы.
Іс-шара: бағыттарды анықтау және акселерация процесіне қатысушыларды таңдау
акселерация бағдарламаларын іске қосу
|
Инновацияны дамытуға таза кірістен шығыстар үлесі.
|
6
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.
Платформалардың өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметтер мен қаржы сервистерінің үздіксіздігін, қолжетімділігін оңтайландыруды және кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қаржы нарығына қатысушылар үшін мемлекеттік инфрақұрылымға қол жеткізуде тең жағдайлар жасайды, азаматтардың өз қаржылық және қаржылық емес сервистеріне қол жеткізуді басқару және бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдардың параллель платформалар мен сервистерді құруға жұмсалатын шығындарын азайтады және олардың талдамалық мүмкіндіктерін арттырады.
|
|
|
|
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі – 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы )
|
"ЭҮ ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейі
(2023 – 60 %, 2024 – 80 %,
2025 – 100 %, 2026 – 100 %, 2027 – 100 %, 2028 – 100 %, 2029 – 100 %)" нысаналы индикаторы
Бағыт:
"Инвестицияларды тартудың экожүйесін одан әрі дамыту"
Іс-шаралар:
өнеркәсіптік пайдалануға ҰЦИП-ты енгізу және оны пайдалануды институционалдандыру;
"Жасыл дәліз" тетігін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету және оның әдістемесін жетілдіру
|
Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің қолжетімділігі, оның ішінде бұлтты ЭҮП АКП -да орналастырылған.
|
7
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
4-басымдық. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту: АКТ-қуаттарын енгізу және киберқауіпсіздікті нығайту.
Киберқауіпсіздікті нығайтуды қорғау инфрақұрылымын дамыту жолымен іске асыру көзделген. Таралып кету ықтималдығын азайту үшін дербес деректерді қорғаудың техникалық мүмкіндіктері күшейтілетін болады. Құпия сөздерді орнату және аутентификацияның басқа да дәстүрлі әдістері кибершабуылдарға неғұрлым осал бола түсуде. Пайдаланушының іс-әрекеті мен контексті (орналасқан жері, пайдаланатын желісі және сол сияқты) талдау және бағалау үшін ЖИ мен машиналық оқытуды қолдану дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.
|
|
|
|
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
"Ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейі (2023ж. – 60 %, 2024ж. – 80 %, 2025ж. – 100 %, 2026ж. – 100 %, 2027ж. – 100 %, 2028ж. – 100 %, 2029ж. – 100 %)" нысаналы индикаторы
|
Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қолжетімді болуы.
|
8
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру. Қызметтер көрсетудің клиентке бағдарлануы, проактивтілігі, композиттігі, аумақтан тысқарлығы қағидаттарын бекіте отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді реттеу тәсілдері қайта қаралатын болады.
|
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Бағыт:
"Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру, байланыс саласын дамыту және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру"
|
Мақсат:
"Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру (2024ж. – 95,
2025ж. – 90,
2026ж. – 92,
2027ж. – 93)"
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
"Платформада мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрлау үлесі (2023ж. – 25 %,
2024ж. – 45 %,
2025ж. – 60 %, 2026ж. – 70 %,
2028ж. – 90 %, 2029ж. – 100 %)" нысаналы индикаторы
|
"ҰАТ" АҚ көрсетілетін қызметтерін алушылардың қанағаттану деңгейі.
|
9
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.
Мемлекеттің сервистік қызметтері өмірлік жағдаяттарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың түпкілікті сұраныстарын бірден қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың орындалу мерзімдері мен тізбесі қысқартылады, ал тиісті ақпараттық жүйелер мен сервистерден қажетті мәліметтерді алу есебінен анықтамалық сипаттағы қызметтер алып тасталады.
|
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Бағыт:
"Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру, байланыс саласын дамыту және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру"
|
Мақсат:
"Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру (2024ж. – 95,
2025ж. – 90,
2026ж. – 92,
2027ж. – 93)"
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
"5 минутта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі
(2023ж. – 25 %, 2024ж. – 45 %, 2025ж. – 60 %, 2026ж. – 70 %, 2027ж. – 80 %, 2028ж. – 90 %, 2029ж. – 100 %)" нысаналы индикаторы
|
Халықтың өз бетінше алынған электрондық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі.
|
10
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
2-басымдық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.
Қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту және сыбайлас жемқорлық факторларын азайту үшін адамның қатысуын болдырмай, қызмет көрсету процестерін айтарлықтай автоматтандыру жоспарлануда. Аумақтан тысқары, проактивті және композиттік түрде көрсетілетін қызметтер тізбесі мемлекеттік сервистерді жүйелі талдау нәтижелерінің және азаматтармен және бизнеспен кері байланыстың негізінде кеңейтілетін болады.
|
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Мақсат:
"Дүниежүзілік банкінің мемлекеттік басқару рейтингісінде Қазақстан орнын жақсарту"
|
Іс-шара:
""e-Gov" мобильді қосымшасы ("мемлекет сматфонда") арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді арттыру, %
(2023ж. – 85;
2024ж. – 90;
2025ж. – 95;
2026ж. – 98;
2027ж. – 100)"
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
Міндет:
"Мемлекеттік басқарудың сервистік және адамға бағытталған моделін құру". Мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы оған қол жеткізілетін болады:
- Проактивті/композиттік қызметтер тізбесін кеңейту;
- Адамның қатысуын болдырмай, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін толығымен автоматтандыру;
- Пайдалы хабарламалар жіберу
|
Мобильді форматта қолжетімді цифрлық көрсетілетін қызметтердің үлесі.
|
10-1
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
4-басымдық. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту: АКТ-қуаттарын енгізу және киберқауіпсіздікті нығайту.
Бұдан басқа клиенттер, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың қауіпсіздігін арттыру үшін пайдаланушылардың іс-әрекетін сәйкестендіру, аутентификациялау және тіркеу құралдарының сенімділігі, сондай-ақ биометриялық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, биометриялық деректердің елдік эталондық базасын құру жоспарлануда.
|
|
|
|
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
Іс-шара:
цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын әзірлеу.
|
Ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы жүргізілген сәйкестендіру саны.
|
11
|
"Қазақстан–2050" стратегиясы
|
Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу.
Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек.
Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
Гендерлік теңдік институтын нығайту
|
"World Justice Project"-тен 0-ден 1-ге дейін шкала бойынша құқық үстемдігі индексінің мәні" түйінді ұлттық индикаторы (2022ж. -0,53,
2023ж. -0,53,
2024ж. -0,55,
2025ж. -0,56,
2026ж. -0,57,
2027ж. - 0,58,
2028ж. - 0,59,
2029ж. - 0,60)
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы
|
"Биліктің атқарушы, өкілдік және сот органдарындағы,
мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардағы шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі
2022ж. – 24,5 %, 2023ж. – 25,0 %, 2024ж. – 25,3 %, 2025ж. – 25,5 %, 2026ж. – 26,0 %, 2027ж. – 27,0 %, 2028ж. – 28,0 %, 2029ж. – 29,0 %, 2030ж. – 30 % құрайды" нысаналы индикаторы
|
Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін арттыру.
|
12
|
"Қазақстан–2050" стратегиясы
|
Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен күшті әлеуметтік саясат.
Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
3-басымдық. Мемлекеттік қызметтің толыққанды гибридті моделіне көшу арқылы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру.
Осыған байланысты, негізгі міндеттер кадрларды іріктеуге стратегиялық тәсілді енгізу, көлденең мансаптық ілгерілету жүйесін әзірлеу, ассессмент негізінде оқыту бағдарламаларын дамыту, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсарту, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғауды күшейту болып айқындалды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет персоналын тиімді басқару үшін цифрлық технологияларды пайдалану белсенді түрде енгізілетін болады, бұл басқару процестерінің ашықтығы мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
|
|
|
|
|
|
|
Персоналдың қанағаттану деңгейі.
|
13
|
"Қазақстан–2050" стратегиясы
|
Жаңа кадр саясаты.
Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз:
басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар.
Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
3-басымдық. Экономиканың нақты секторын және белсенділікті ынталандыру үшін банктік кредиттеудің рөлін арттыру және қаржыландырудың баламалы көздерін дамыту.
Корпоративтік сектордың орнықтылығын арттыру. Келесі негізгі шарттың бірі – корпоративтік сектордың орнықтылығын арттыру.
Ол үшін компаниялардың корпоративтік басқару жүйесін, есептілік сапасы мен аудит жүйесін жақсарту, дәрменсіз қатысушыларды уақтылы шығару үшін корпоративтік банкроттықтың тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес кепілді кредиторлардың басымдығын қамтамасыз ету қажет.
|
|
|
|
|
|
|
Корпоративтік басқару рейтингі.
|
14
|
"Қазақстан–2050" стратегиясы
|
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құру. Инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
|
Экономиканың нақты өсу қарқыны, өткен жылмен салыстырғанда % (2022– 3,2, 2023 – 5,1, 2024 – 5,3, 2025– 5,6, 2026– 6,3, 2027 – 6,9, 2028– 6,7, 2029– 6,7)
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Міндет:
жалпы қосылған құнның (ЖҚҚ) жалпы көлемінде орта технологиялы және жоғары технологиялы салаларының ЖҚҚ үлесін арттыру
|
"Ақпарат және байланыс саласында экономиканың нақты өсу қарқыны, % (2023 – 8,5, 2024 – 10,0, 2025 – 9,0, 2026 – 10,1, 2027 – 10,1)" нысаналы индикаторы
|
|
|
Рентабельділік.
|
15
|
"Қазақстан– 2050" стратегиясы
|
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
…
Үшінші. Мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр...
Ерекше назарды мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет.
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
|
Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=100
(2023 – 104,6, 2024 – 109,0, 2025 – 113,8, 2026 – 120,0, 2027 – 127,0; 2028 – 134,1, 2029 – 141,8)
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Міндет:
жалпы қосылған құнның (ЖҚҚ) жалпы көлемінде орта технологиялы және жоғары технологиялы салаларының ЖҚҚ үлесін арттыру
|
"Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=100, % (2023 – 104,6, 2024 – 109,0, 2025 – 113,8, 2026 – 120,0, 2027 – 127,0)" индикаторы.
Ақпарат және байланыс саласында еңбек өнімділігінің өсуі, % (2023 – 96,2, 2024 – 104,6, 2025 – 112,8, 2026 – 122,8, 2027 – 133,7)" нысаналы индикаторы
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
2019 жылғы деңгейден 2025 жылға қарай "Ақпарат және байланыс" саласындағы еңбек өнімділігінің 34,4 % дейін өсуі.
|
Өндірістік персоналдың 1 қызметкеріне шыққандағы еңбек өнімділігі (жылына кемінде).
|
16
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
|
Негізгі ұлттық индикаторлар:
тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны, млрд АҚШ долл.
(2022 – 28,2, 2023 – 23,4, 2024 – 24,8, 2025 – 25,1, 2026 – 25,5, 2027 – 25,6, 2028 – 25,7, 2029 – 25,8).
Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), ЖІӨ-ден %,
(2022 – 14,7, 2023 – 14,6, 2024 – 15,0, 2025 – 17,0, 2026 – 18,0, 2027 – 19,0, 2028 – 21,0, 2029 – 23,0)
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Міндет:
"Жалпы қосылған құнның (ЖҚҚ) жалпы көлемінде орта технологиялы және жоғары технологиялы салаларының ЖҚҚ үлесін арттыру"
|
Түйінді ұлттық индикатор
Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), ЖІӨ-ден %,
(2023 – 14,6, 2024 – 15,0, 2025 – 17,0, 2026 – 18,0, 2027 – 19,0)
"Ақпарат және байланыс саласында негізгі капиталға инвестициялардың өсуі, млрд. тг.
(2023 – 463,4, 2024 – 480,0, 2025 – 590,0, 2026 – 710,0, 2027 – 850,0)
нысаналы индикаторы
|
2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы
|
НКИ, трлн теңге (2023 – 17,6, 2024 – 21,3, 2025 – 26,2, 2026 – 31,5, 2027 – 38,6, 2028 – 47,6, 2029 – 58,4)
|
Негізгі капиталға меншікті инвестициялардың көлемі.
|
17
|
|
|
|
Ұлттық жоспар 2029
|
|
IT өнімдері мен қызметтері экспортының көлемі, млн. АҚШ доллары (2022 – 337, 2023 –529,1, 2024 – 700, 2025 – 1 000, 2026 – 1 200, 2027 – 1 400, 2028 – 1 600, 2029 – 1 800)
|
ҚР ЦДИАӨМ даму жоспары
|
Мақсат:
IT өнімдері мен қызметтері экспортын ұлғайту,
млн теңге (2023 – 106, 2024 – 100)
|
Түйінді ұлттық индикатор
IT өнімдері мен қызметтері экспортының көлемі, млн. АҚШ доллары
(2024 – 700, 2025 – 1 000, 2026 – 1 200, 2027 – 1 400)
|
2023 – 2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
|
АТ-өнімдері мен қызметтерінің экспорт көлемі (2023 – 84 млрд. тг., 2024 – 147 млрд. тг., 2025 – 210 млрд. тг., 2026 – 250 млрд. тг., 2027 – 300 млрд. тг., 2028 – 500 млрд. тг., 2029 – 700 млрд. тг.)
|
Қоғамның шет елдер мен ұйымдар пайдаланатын IT-шешімдерінің саны
|